Жасушалардың бастапқы жасушаның бөлінуі арқшы көбеюі. Прокариотты және эукариотты жасушалардын көбеюі тек бастапкы жасушаның бөлінуі арқылы ғана іске асырылады, бұған дейін гендік материалдын екі еселенуі (ДНК, репликациясы) өтеді. Эукариотты жасушалардын толыкканды көбеюінін жалғыз әдісі митоз немесе тура емес бөлінуі болып табылады. Бұл кезде жаңадан пайда болған екі жасушаға осыған дейін саны екі еселенген хромосомалардын тен саны беріледі. Митоз бүкіл эукариотты (өсімдіктердін және жануарлардын) жасушаларда байкалады. Қазіргі заманнын ғылымы жасушалардын қалыпты жағдайда пайда болуынын және санының өсуінің баска жолдарын жокка шығарады.
4. Жасушаларда гендік мэліметтердің мөлшері бірдей болады. Бұл кағида бүкіл жасушалар бір жасушалы организмнен — зиготадан пайда болды деген тұжырымға негізделген. Бірақ, морфологиялык және кызметтік тұрғыдан эр түрлі тіндердіи жасушаларында бір-бірінен әжептәуір айырмашылықтары болады. Бір жасушалы ұрыктың үрпактары бірдей гендік кабілеттермен сипатталуы кажет тәрізді болғанымен, ұрыктың дамуы алға созылған сайын, онын жасушалары касиеттері жағынан да, кұрылысы жағынан да бір-бірінен айырмашылыктары күнненкүнге арта түседі. Бұл дамып келе жаткан организмнін әр түрлі жасушаларында көлемі жағынан бірдей гендік мәлімет толығымен іске асырылмайтындығымен (олардың детерминациясына және гендердін дифференциалдык белсенділігіне байланысты) тығыз байланысты.