Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Пайдаланылатын әдебиеттер



Pdf көрінісі
бет33/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық
stud.kz 42321, 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1), 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1)
Пайдаланылатын әдебиеттер 
1.
 
Джонстон  Д.  «Философияның  қысқаша  тарихы.  Сократтан 
Дерридаға дейін».Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018.– 216 б  
2.
 
Нұрышева Г.Ж. Философия: Оқу құралы. – А., 2009 ж. 
3.
 
Мырзалы С. Философия. - А., 2010 ж. 
4.
 
Кенни  Э.  «Батыс  философиясының  жаңа  тарихы.  1-том:  Антика 
философиясы» / ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 с. 
5.
 
Қариев С. Даму. - А., 2011 ж. 


49 
 
5 Дәріс. Таным-философиялық мәселе.  
5.1. Таным туралы философиялық концециялар 
5.2. Танымның неғізгі формалары, сатылары және максаты  
5.3. Акикат және оның  критерилері 
Адамзат баласы қалыптасқаннан бері өзін қоршаған орта, дүние, ғарыш 
әлем  туралы  және  өзінің  жеке  өмірі  мен  болмысы  жөнінде  ойтолғамдар 
жүйесін қалыптастырып, субъект әлемді қалай таниды, түпкілікті тани ала ма 
деген  сауалдарды  ақыл-ойға  айтарлықтай  қиындық  туғызатын  құбылыстар 
бойынша  туындатып  келді.  Философия  таным  теориясы  мен  метафизикадан 
тұратынын  ескерсек,  таным  –  философиялық  талдаудың  пәні  болып 
қарастырылады және арнайы ілім ретінде философиялық ойтолғамның басты 
саласына  айналған.  Таным  барынша  күрделі  және  ауқымды  мәселелерді 
қамтығандықтан, оны зерделейтін сала – таным теориясы деп аталады. 
 Таным  дегеніміз  –  белгісізден  белгіліге  қарай,  толық  емес  айқынсыз 
білімнен  неғұрлым  дәл,  айқын  білімге  қарай  шексіз  жүріп  отыратын 
қоғамдық-тарихи құбылыс. Яғни, адам санасы қалыптасқаннан бері дүниенің 
қыр-сыры,  өзін  қоршаған  орта  туралы  неғұрлым  көбірек  мәлімет  жинауға 
тырысып  келді  және  ол  шектеліп  қалмақ  емес.  Танымды  үдеріс  ретінде 
қарастырсақ,  оған  басты  екі  элемент  қатынасады:  танитын  және  танылатын. 
Олар  бір-біріне  қарама-қарсы  тұратын  субъект  пен  объект  болып  табылады, 
яғни,  адам  мен  дүние  таным  үдерісін  айқындап  тұрады.  Эстон  биологы 
Икскюль  тек  адам  ғана  емес,  жануарлар  да  субъект  болып  табылады  деген 
пікірге келеді. 
Таным   теориясының 
терминологиялық 
сипаты 
«гносеология»  және    «эпистемология»  деген  ұғымдармен  беріледі: 
Гносеология    –  («гнос»  -    таным,  «логос»  -  ілім  деген  мағынада)  таным 
туралы  ілім.  Ал  эпистемология  («эпистема»  -  білім,  «логос»  -  ілім  деген 
мағынада)  таным  теориясы, яғни,  эпистемологиялық  –  танымдық-теориялық 
деген  мағынада  қолданылады,  бірақ  көп  жағдайда  гносеология, 
эпистемология,  таным  теориясы  өзара  мағыналас,  синонимдес  ұғымдар 
ретінде  қолданылады.  Гносеология:  таным  сыны  мен  танымға  бөлінеді.  Ал 
таным  метафизикасы  –  танымның  мәнін,  танитын  мен  танылатындарды  т.б. 
зерттейді.  Гносеологияға  тікелей  қатысты  бірнеше  бағыттар  құрылған: 
эмпиризм,  эмпириокритицизм,  идеализм,  феноменализм,  сенсуализм, 
материализм т.б. 
Білімнің ақиқаттылығы және өлшемі мәселесі де таным теориясындағы 
басты  нәтижелік  мәселелердің  бірі.  Бұндағы  өлшем  түсінігі  –  негізінде  
бағалау  жүргізілетін  белгі,  тексеру  құралы,  бағалау  өлшемі,  таным 
теориясында  ақиқаттылық  белгісі  немесе  жалғандығы  болып  түсініледі. 
Яғни, білім ақиқаттығы және өлшемі – алынған мәліметтердің ақиқат немесе 
жалған  екендігінің  қарастырылуы,  тексерілу  тәсілдері,  демек,  ақиқаттың 
өлшеміне  сәйкес  сарапталады.  Әуелі  білім  алынады,  оның  ақиқаттығы 
тексеріледі, ақиқат өлшеміне сәйкес келсе, ол шынайы білімге айналады. 
Таным  жалпы  алғанда  шексіз  процесс,  бірақ  адам  танымының  және 
танылатындықта  белгілі  бір  шегі  болуы  мүмкін.  Осы  шектен  әрі  қарай 


50 
 
танылмайтын,  интеллигибельділік  жайлайды.  Бұл  үдерістерді  Н.Гартман  4 
қабатқа  бөліп  көрсетеді:  танылған,  танылуға  жататын,  танылмаған, 
танылмайтын.  Сондықтан  философия  тарихында  «алдымен  адам  дүниені 
танып  біле  ала  ма,  білсе  қандай  деңгейде,  таным  нәтижелері  шындыққа 
сәйкес  келе  ме?»  деген  сауалдар  туындаған.  Бұл  мыңдаған  жылдарға 
созылған  пікір-  талас  аймағы  сәйкесінше  көптеген  бағыттар  мен  ағымдарды 
туғызды. 
Скептицизм  –  объективті  шындықты  танып  білу  мүмкіндігіне  күдік 
келтіретін  ағым.  Алғаш  рет  Антика  дәуірінде  қалыптасқан:  Пиррон, 
Аркесилай,  Карнеад,  Энесидем,  Секст  Эмпирик  және  т.б.  таным 
нәтижелерінің ақиқат болып табылмайтындығын дәйектеген. Агностицизм  – 
дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара жоққа шығару туралы 
түсінік.  Бұл  терминді  Гексли  енгізген.  Бұл  бағытты:  Д.  Юм,  И.  Кант, 
иероглифтер  теориясы,  непозитивизм  ағымы  қолдайды.  Мәселен,  Юмнің 
түсінігі  бойынша,  объективті  дүние  бар  ма,  жоқ  па  ол  шешілмейтін  мәселе. 
Себептер  мен  іс-қимыл  қатынасын  интуициямен  де  логикалық  талдау 
жасаумен  де,  дәлелдеумен  де  шығару  мүмкін  емес.  Иллюзионизм  –  адам 
қабылдаған  шындық,  дүние,  объекті  сол  күйінде  бейнеленбейді,  тек 
алдамшылар (иллюзиялар) түрінде көріну мүмкін деп санайды. Мәселен, 
И.  Кант  айтқандай:  «Барлық  заттар  шынайы  өмір  сүреді  деп  санап, 
әрекет  ет»  деген  тұжырым  осы  алдамшы  қабылданған  дүниеде  әйтеуір  өзі 
қалағандай  тіршілік  ететіндігі  туралы  ой  ниетін  береді.  Наитивизм  –  танып 
білудің  мистикалық  сипаты  туралы  ілім.  Осы  бағытқа  сәйкес,  ақиқат-пікір 
таластыру  арқылы  емес,  тосыннан  берілген  шабыттан  туындап,  құдайдың 
адамға  жоғарыдан  берген  ойымен  ашылады.  Бұл  көбінесе  теологиялық 
докториналармен  тұжырымдалады.  Иррационализм  –  ақыл  мен  ойлаудың 
танымдық  мүмкіндігі  шектеулі  деп  санайтын,  интуиция,  сезім,  түйсікті 
танымның  түп  төркіні  деп  есептейтін  философиялық  бағыт.  Бұдан 
интуитивизм бағыты бөлініп шығады да, рационалдық танымға қарсы болып, 
сыртқы  дүниедегі  білімдер  мен  мәліметтер  интуицияға  негізделеді  деп,  оны 
сананың  ерекше  қабілеті  ретінде  көрінетін,  сезімдік  тәжірибеге  және 
дискурсивтік,  логикалық  ойлауға  сыймайтын,  шындыққа  «тікелей»  жетуді 
қамтамасыз  етеді  деп  түсіндіреді.  Интуитивизмнің  негізгі  өкілдері:  Бергсон, 
Лосский  т.б.  Бірақ  Р.Декарт  дәлелдеудің  дедукциялық  формасы 
аксиомаларда  жатыр,  ал  аксиомаларға  ешқандай  айғақсыз,  таза  интуиция 
ретінде  жетуге  болады  деп  түсінген.  Сондықтан  ол  интеллектуальдік 
интуицияға маңыз бергенімен, оны бәріне ортақ жалпы қасиет деп санайды. 
 
Адамзаттың  дүниені  тану  жөніндегі  рефлексиялық танымы,  яғни, 
«біз  дүниені  қалай  тани аламыз,  ол  біздің  санамызда,  рухымызда  қалай  іске 
асады,  қандай  сатылардан  құралады  және  қандай  операциялар  арқылы 
жүреді»  деген  сауалдар  бойынша  «таным  үдерісі»  арнайы  құбылыс  ретінде 
зерделенеді.  Осыдан  таным  теориясында  дәстүрлі  түсінік  бойынша  екі  саты 
ажыратылған: сезімдік (эмпирикалық) және ақыл-ой (теориялық). Біріншісі – 
екіншіге  негіз,  біріншіні  екінші  толықтырады  деп  түсініледі.  Бұл  дәстүрлі 
таным  теориясындағы  мәселе,  кейбір  ойшылдар  үш  саты  бар  деп 


51 
 
тұжырымдайды.  Олар  да  бірінен  соң  бірі  келетін  құрылымдар.  Мәселен,  И. 
Кантта: сезімдік саты, пайымдау және зерде. 
Пайымдық  саты  –  сезімдік  пен  теориялық  арасындағы  буын,  яғни, 
сезімдік  мәліметтер  бірден  теориялық  деңгейге  өтпейді.  Кантта  білім 
тәжірибе  арқылы  сұрыптау  процесінде  жинақталады.  Сыртқы  дүние  туралы 
деректерді түйсік қана береді. Оларды танушы субъект тәжірибеге қатыссыз, 
априорлы  түрде  қалыптастырады.  Адам  заттар  мәніне  білімді  өз  тарапынан 
қосады, пайымдау жалпыға бірдей қажеттілік. Қиялдың өнімдік күші сезім  – 
түйсіктік  сана  мен  ақыл  естің  аралық  буыны.  Нақтырақ  айтқанда,  сезім 
мүшелерінен алынған бастапқы мәліметтер, әуелі пайымдалады, сосын зерде 
сынына түседі дегенді білдіреді. Зерде  – теориялық танымға сәйкес ақыл-ой 
аймағын қамтиды. 
Сезімдік  деңгей  –  таным  теориясында  ақыл-ойға  дейінгі  алғашқы 
дүниені  түйсінудегі  мәліметтер  алынатын  саты.  Сезімге  қатысты,  сезіммен 
қабылданатын деген мағынадағы құбылыстар мен үдерістерді қамтиды. 
Сезімдік  таным  сатылары:  түйсік,  сезім,  қабылдау,  елестету  болып 
белгіленген. 
Түйсіктер  –  сезімдік  жүйкеге  әсер  ететін  мидың  орталықтарының 
қозуының  нәтижесін  беретін  физиологиядағы  органдар.  Түйсік  арқылы 
барлық  психикалық  процестер  пайда  болып,  дамиды.  Ол  себепсіз  пайда 
болмайды,  адамның  сезім  мүшесіне  сыртқы  дүниенің  әсер  етуі  арқылы 
қозумен  тасымалданады.  Түйсіктің  көру,  иіс,  дәм,  тері  сияқты  түрлері 
болады.  Түйсік  адам  мен  жануарларға  ортақ  болғандықтан,  бірінші  сигнал 
жүйесі арқылы іске асады. 
Сезім  мүшелері  –  әсер  ететін  тітіркендіргіштер  арқылы  қозатын 
организмнің арнайы органдары. Ол әртүрлі сезімдердің (иіс, дәм, көру ж.т.б) 
субстраты.  Қазір  олар  арнайы  приборлар  арқылы  өрісін  кеңейтуде.  Сезім 
мүшелерін  психофизология  саласы  зерттейді.  Түйсік  пен  сезім  мүшелері 
жөнінде 
материалистік 
және 
идеалистік 
көзқарастар 
өзіндік 
қорытындыларын әр түрлі тұжырымдайды. 
Материалистік 
– 
материализм 
ағымы 
негізіндегі 
көзқарас. 
Материализм  -  барлық  шындықтың  негізінде  және  субстанциясында 
материалдық қана емес, рухани және жандық тұрғыда да материя жатыр деп 
санайтын  философиялық  ағым  болғандықтан,  оған  натурализм,  эмпиризм, 
неопозитивизм 
бағыттары 
сәйкес 
келеді 
де, 
материалдылықтың 
алғашқылығын,  руханилықтың  соңғылығын  жариялайды,  сананы  материя 
жемісі  деп  қарайды.  Сондықтан  материалистік  тұжырымдамада  біздің 
түйсіктеріміз  сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  жеке  қасиеті: 
адамның және хайуанаттардың нервтік жүйесін зерттеді, бірінші және екінші 
сигнал  жүйесінің  қызметіне  тәжірибелер  жасады.  Шартты  және  шартсыз 
рефлекстерді  ажыратты.  Павлов  түйсіктегі,  мидағы  анализаторлар  жүйесі 
арқылы бұл актіні түсіндіріп, оларды жіктеді. 
Бұған қарама-қарсы идеалистік тұжырымдамалар өрістейді. Идеалистік 
-  идеализмдік  түсініктерге  сәйкес  тұжырымдау  деген  мағынаны  береді.  Ал 
идеализм  –  метафизикалық  түсінікте  объективті  шындықты  идея,  рух, 


52 
 
ақылмен  сәйкестендіре  отырып,  материяны  рухтың  көрінуінің  формасы  деп 
түсінетін  ағым.  Мәселен,  Н.Мюллер  –  Иоганнес,  неміс  анатомы,  физиолог, 
натурфилософ (1801-1858 жж.), физиологиялық психологиямен шұғылданып, 
сезім  органдарының  спецификалық  энергиясы  ілімін  туғызды.  Онда  түйсік 
сырттағы  тітіркендіргіштердің  сипатына  тәуелді  емес,  тітіркендіргіш 
тудыратын нервке байланысты деді. Сезім мүшелерінде энергия бар, зат әсер 
еткенде  сол  энергия  еркіндік  алады  деген  қағиданы  ұстанды.  Оның 
тұжырымдамасы физиологиялық идеализм деп аталды. 
Білім  сан  түрлі  болғандықтан,  олардың  қайсысы  бізге  ақиқатты  бере 
алады деген заңды сауал туындайды. Демек, осыдан ақиқат дегеніміздің өзін 
анықтап алу қажет. Алетиология – (алетика – ақиқат деген мағынада) ақиқат 
туралы  философиялық  ғылым  болғандықтан,  осындай  мәселелердің  аясын 
қамтиды.  Ақиқат  –  өмір  шындығының  ойдағы  нанымды,  дұрыс  бейнесі, 
әлеуметтік процесс, практика, сайып келгенде оның өлшемі деген түсінік бар. 
Ақиқат  сипаттамасы  заттарға  емес,  олардың  тілмен  тұжырымдау 
тәсілдерінде  емес,  нақты  ойға  қатысты  алғанда, бейнелеудің  объектімен  дәл 
келуі.  Демек,  білім  ақиқаттылығы  оның  өмір  шындығына  сәйкес  келуі  тиіс. 
Ақиқат  –  танитын  субъектіге  шындықтағы  құбылыстардың,  заттардың  дәл 
сәйкес бейнеленуі. 
Ақиқаттың  нақтылығы  –  ақиқат  белгілі  бір  құбылыстың  жүзеге 
асуының айғақты қолайлы жағдайларының жалпы есебі негізделген қасиеті. 
Ол объективті және субъективті, абсолютті және салыстырмалы ақиқат 
түрлерге  ажырайды.  Объективті  ақиқат  –  жеке  адам  еркі  мен  тілегіне 
қатыссыз,  адам  білімінің  мәні,  мазмұны  адамнан  және  адамзаттан  тәуелсіз 
болатын  ілім.  Ақиқат  бейнеленетін  объектінің  объективтілігін  көрсететін 
мазмұнымен анықталады. Объективті дүние кұбылыстары мен заңдылықтары 
өзінен-өзі  объективті  ақиқат,  объективті  шындық  болып  табылады. 
Объективті  идеализмде  ақиқат  мәңгі,  уакыттан  тыс,  өзгермейтін 
объектілердің  қасиеті  (күш,  рух).  Субъективті  идеализмде  ақиқат  әрқашан 
субъективті, яғни, адам санасына байланысты болып келеді. 
Абсолютті  ақиқат  ұғымындағы  «абсолютті»  сөзі  –  барлық  жағдайлар 
мен  қатынастардан  еркін,  тәуелсіз,  жетілген  деген  мағынадағы  түсініктен 
туындаған.  Абсолюттілік  әлемде  жоқ,  тек  логикалық шартты  мағынада  ғана 
қолданылады. Мысалы: екі шама да үшіншісімен тең болса, онда екеуі өзара 
тең.  Демек,  абсолютті  ақиқат  –  ақиқаттың  субъектіден  тәуелсіз  заңды, 
обьективті,  мәңгілігіне,  салыстырмалы  болса  да  біршама  тұрақтылығына, 
өзгермеуіне байланысты алынған дүниенің санасы мен сипаты, практика мен 
ғылымның алдағы даму бағытында терістелмейтін білім. 
Ол  танылған  мен  танылатын  арасындағы  қатынасты,  теріске 
шығарылмайтын  сипатты  ашады.  Сондықтан  өмір  шындығы  туралы  нақты 
білім  ретінде,  болашақта  теріске  шығарылуы  мүмкін  емес  білім  түрінде 
абсолютті ақиқат салыстырмалы ақиқаттардың жиынтығынан  тұрады. Бірақ, 
ақиқат  үнемі  процесс  болғандықтан  абсолюттілікті  ұстап  тұра  алмайды. 
Сондықтан,  салыстырмалы  ақиқатқа  айналады,  абсолютті  ақиқат,  яғни,  таза 
абсолютті  ақиқат  болмайды,  «абсолютті»  деп  анықталған  сапаның  өзі 


53 
 
салыстырмалы болып келеді. 
Салыстырмалы  (салыстырмалы)  ақиқат  –  адам  танымы  тереңдеп, 
олардың  түсініктері,  идеялары  өзгере  түседі  де,  абсолютті  деп  белгіленген 
ақиқат  бір  кездерде  немесе  белгілі  бір  шарттарда  өзгереді,  өзінің 
тұрақтылығынан  айрыла  бастайды,  сондықтан  салыстырмалық  сипат  алады, 
яғни,  басқа  нәрселермен,  жағдайлармен  салыстырғанда  абсолютті  болмай 
шығады.  Кез-келген  абсолютті  ақиқат  үнемі  толықтырылып,  жеітілдіру 
арқылы бастапқы сапасынан біртіндеп  айрыла бастайды да, абсолюттіліктен 
қалады  және  абсолютті  болу  үшін  үнемі  өзін  жетілдіріп,  барлық  талаптарға 
жауап беруге тырысады. Яғни, салыстырмалы ақиқат  – белгілі бір шектерде, 
қатынастарда  шарттарда  шындықты  дұрыс,  бірақ  толық  емес  бейнелеуден 
ғылым дамуында толықтырылып, тереңдетіліп, нақтыланып отыратын білім. 
Ақиқаттың  өзі  осындай  салыстырмалы  ақиқаттар  арқылы  абсолютті 
ақиқатқа  жақындай  түседі.  Бірақ,  шьндығында,  абсолютті  ақиқат  пен 
салыстырмалы ақиқат арасында қатаң шекара жоқ. «Бүгін мүмкін емес нәрсе 
ертең  шындыққа  айналады»  деген  ғылыми  танымдағы  нақыл  сөз  осыдан 
қалған. Ақиқаттың мүлде абсолютті бола алмайтындығын, тек салыстырмалы 
ақиқаттар  ғана  болатындығын  және  әлемдегінің,  адам  білімдерінің  барлығы 
да  салыстырмалы  болып  келетіндігін  қуаттайтын  бағыт  «релятивизм»  деп 
аталады. 
Релятивизм  –  «релятивус»  деген  сөзден  шыққан,  салыстырмалы  деген 
мағынада  қолданылады.  Алғаш  рет  бұндай  көзқарасты  софист  Горгий 
ұсынған.  Демек,  бұл  –  адам  танымының  шарттылығы,  қатынастылығы 
туралы  ілім.  Ақиқат  белгілі  бір  жағдайға  кеңістік  бойынша  орынға, 
шарттарға  және  уақыт  бойынша  белгілі  бір  кезеңдерге,  сәттерге, 
қатынастарға  тәуелді.  Осыған  орай,  релятивизм  ағымы  «әлемде  абсолютті 
ештеңе жоқ, бәрі шартты, салыстырмалы» деп есептейді. Мәселен, этикада да 
зұлымдық пен ізгілік салыстырмалы деп есептейді. 
Осыдан  ақиқатты  тереңірек  анықтау  үшін,  ақиқат  деп  ұсынылған 
білімдерді  тексеру  үшін,  мойындау  үшін  оны  зерделеу,  жалпы  шарттарын 
анықтау қажеттілігі туындап, ол ақиқаттың өлшемі деген атауға ие болған. 
Ақиқаттың  өлшемі  –  белгілі  бір  болжамның,  пайымдаудың  ақиқат,  не 
жалған екендігін тексеру құралы. Бұнда әртүрлі өлшемдер ұсынылып, ақиқат 
немесе  жалған  екендігі  анықталуда  сан  алуан  көзқарастар  тайталасады. 
Абсолютті  ақиқат  мүлде  жоқ,  тек  салыстырмалы  ғана  өмір  сүретіндігін 
қолдайтын ағым релятивизмде ақиқаттың өлшемі де жоқ, ақиқат  дегеніміз  – 
адасу,  ал  адасу  –  ақиқат  болып  шығуы  мүмкін  деп  тұжырымдайды. 
Ф.Г.Гегель  айтқандай:  «шындықтың  бәрі  ақылға  сыйымды,  ақылға 
сыйымдының бәрі шындық, ақылға сыйымдылық келе-келе ақылға сыйымды 
болып шығады, себебі, ақылға сыйымдылық оның бойында әуел-бастан бар, 
ал  ақылға  сыйымды  кейіннен  ақылға  сыйымсыз  болып  шығады,  себебі, 
ақылға сыйымсыздық оның бойында бұрыннан бар». Демек, Гегель бойынша 
ақылға  сыйымдылық  ақиқаттың  шартты  өлшемі  болып  шығады.  «Ақылға 
сыйымдылық»  –  философияда  кейде,  жалпы  алғанда,  логикалық  (ойлау 
заңдарына сәйкес, формальді дұрыс) деген мағынада да қолданылады. 


54 
 
Ақиқаттың  өлшемі  ретінде  Д.Дьюй  мен  У.Джемс  –  пайдалылық  пен 
тиімділікті;  Мах  пен  Авенариус  –  «ойды  үнемдеу»  қағидаларын  дәйектеген 
болса, непозитивизм өкілі К.Поппер  верификация, демек, білімдерді тексеру 
қағидасын  ұсынған.  Верификация  –  (верис  –  ақиқат,  фацио  –  істеймін деген 
мағынада)  бекітілуі,  жобалануы  (гипотеза)  верификациялы  болуы  мүмкін, 
оның ақиқаттылығы тәжірибе көмегімен байланысты логикалық дәлелдеумен 
дәлелденуі 
ықтималдылықтан 
туындаған 
тәсіл. 
К.Поппер 
верификацияланбағандарды  метафизикалық  проблемалар  деп  табады  да, 
фалсификация  қағидасын,  яғни,  жоққа  шығаруды  ұсынады.  Сондай-ақ 
ақиқатқа  «ақиқат  тәрізділік»,  «жалған  шынайылық»  тәрізді  түсініктер  де 
жақын. Шындық тәрізділік (правдоподобность) – К.Поппер ұсынған  түсінік. 
Оның  логикалық-әдіснамалық  ұстанымы  ғылым  философиясындағы 
таным  проблемасындағы  ақиқатқа  жету  және  оның  өлшемі  тәрізді  түсінікте 
ұсынылған. 
Жалғаншынайлық  (квазиреальность)  бұл  да  К.  Поппер  ұсынған 
танымдағы  психологизммен  күрестегі  эволюциялық  эпистемологиядағы 
ұғым.  Жалғаншынайлық  –  таза  шынайылық  білімдегі  салыстырмалы 
шындықтарға  ұқсас  түсінік.  Шындық  –  әлем  түріндегі  шынайлық, 
субъективті иллюзиялық түрде де, субъективтілік пайымдау түрінде де әлем 
объективті емес деген субъективті идеализмге саяды. 
Материализмде, әсіресе, марксизм ілімінде ақиқаттың өлшемі практика 
екендігі қайтадан ұсынылады. Практика – (праксис – әрекет мағынасында) іс- 
әрекет,  өмір,  тәжірибе  деген  мағыналардың  мазмұнын  қамтитын  адамның 
саналы,  мақсатты,  нысаналы  сезімдік  қызметі.  Ол  субъектілік  пен 
объектіліктің, сана мен болмыстың бірлігі, субъективтіліктің заттандырылуы 
мен  объективтіліктің  затсыздандырылуы.  Практика  теорияны  жүзеге 
асырады, 
түзетеді, 
байытады. 
Теориялық 
қағидалардың, 
ғылыми 
болжамдардың  практикада  қуатталуы  олардың  ақиқаттылығын  дәлелдейтін 
болғандықтан, практика ақиқат өлшемі ретінде нығайтылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет