Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі



Pdf көрінісі
бет41/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық
stud.kz 42321, 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1), 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1)
Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі. 
Қорқыт қайда барса да, өзінің желмаясына мініп, ел кезіп жүреді. 
Қайда барса да, алдынан екі адам кездесіп, көр қазып жатады. Қорқыт 
оларға:«бұл  кімнің  көрі»  деп  сауал  қойса,  олар:  «Қорқыттың  көрі»,  -  деп 
жауап қатады. Ақыры, ол суда ажал жоқ деп Сырдарияға кілем төсеп, қалған 
ғұмырын  су  үстіне  өткізбек  болады.  Бірде  Қорқыт  қалғып  кеткенде,  оны 
жылан  шағып  өлтіріпті  дейді.  «Қайда  барса  да  Қорқыттың  көрі»  дегенде, 
Қорқыттың  өз  басының  ғана  емес,  сол  өз  заманындағы  аталық  қоғам 
арасындағы  қайшылықтар,  әділетсіздіктер  Қорқытты  осындай  пессимизмге 
алып  келді  деп  түсінуіміз  керек.  Яғни,  адам  өмірін  мәңгілік  жасау  аңсары 
өзекті  идея  іспетті.  Бұл  өте  бір  философиялық  астарлары  бар  ұғым.  Адам 
өлген соң қайта өмір сүреді деп ойлаған болса, бақсылар Қорқытты  дүниеге 
өлмей, тірі кетті деген. «Өлі десем - өлі емес, тірі десем - тірі емес» деген сөз 
осыдан қалған. 
Сонда ата-баба күшіне сыйынған Қорқыт «пендеге өлім парыз» дейтін 
ислам идеясымен келіспегендігін көрсетеді. Қорқыттың өлімге қарсы күресуі, 
одан құтылудың жолдарын іздеп:  
«Көкке ұшқан құс жылайды, 
Көп жасаған қарт жылайды, 
Аспандағы ай жылайды, 


78 
 
Алты жасар бала жылайды»,- 
деп айтуынан біз өлімге дауа іздеген Қорқыт философиясын танимыз. 
Қорқыттың  пайымдауынша,  адамдар  адамилық  қасиеттерін  сақтап  қалу 
керек. Адам үшін ең қауіптісі – адамилықты жоғалту. Сол аңыздарда Қорқыт 
жер-жаһанды  кезіп,  «басқа  елден  әркімге  өз  елінде  жақсы»  деген  ой 
түйіндегенін  байқауға  болады.  Оның  айнымас  досы  сиқырлы  Желмаясы 
болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет