Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Пайдаланылатын әдебиеттер



Pdf көрінісі
бет39/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық
stud.kz 42321, 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1), 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1)
Пайдаланылатын әдебиеттер 
1.
 
Мұхамеджан Қ.Ш. Философия (ХХ ғасыр философиясы).-А.,2005. 
2.
 
Қазақ  халқының  философиялық  мұрасы.    Ғылым  философиясы 
және әдіснамасы. 15-ші том.-А.,2006. 
3.
 
Әлемдік  философиялық  мұра.  Ғылым  мен  техниканың  батыстық 
философиясы. 10-шы том.-А.: «Жазушы»,2006. 
4.
 
Қабылова  А.  Әбу  Наср  Әл-Фараби  философиясындағы  білім  мен 
зерде. - А, 2009. 
5.
 
Мырзалы С Философия. Оқулық. - А., 2010 ж. 
6.
 
Қабаева Ж. Философия. Оқу құралы. – А., 2010 ж. 
 
 


67 
 
7
 
Дәріс. Адамтану және құндылықтар философиясы. 
7.1
 
Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. 
7.2
 
Философиялық ілімдердегі адам мәселесі. 
7.3
 
ХХ ғ. философиялық антропология 
  Философиялық  ойтолғаныс  тек  сыртқы  дүниеге  ғана  емес,  сол 
дүниені  субъектісі  болып  отырған,  жер  планетасының  белсенді  «лидері» 
ретінде  танымалданған,  өзін  табиғатқа  үстемдік  етуші  деп  жариялаған  адам 
мәселесіне  де  тоқталады.  Себебі,  философияның  объектісінің  жалпылама 
нұсқасы  –  адам  мен  дүние  болып  табылады.  Бірақ,  адам  сол  өзі  өмір  сүріп 
тұрған  әлемнен  оқшау  қарастырылмайды,  оның  мәнінің  ашылуы, 
жұмбақтығының сыры да табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын тіршілік 
иесі  болуымен  айқандалады.  Сондықтан  философиядағы  рефлексия,  өзін  
тануға  ұмтылыстың  жалпы  көрінісі  –  адамтану  болып  табылады. Көне  Грек 
ойшылы  Сократтың  «Өзіңді-өзің  таны»  деген  қағидасын  жалпыласақ,  тек 
жеке  тұлғалықты  ғана  емес,  бүкіл  адамзатты  тануға  ұмтылыстың 
қажеттілігін  сезінуге  болады.  Сондықтан  философия  тарихында  «адам 
дегеніміз  кім  немесе  ол  не?»  деген  сауалдар  мыңдаған  жылдық  таным 
кеңістігін қамтып  жатыр. Осыған орай, адамды анықтауға әртүрлі түсініктер 
мен анықтамалар берілген. Сондықтан көне Грекиядағы 
адамның
 
әлемге  тағайындалуын  –  космоцентрлік  деп,  орта  ғасырдағы 
адамның  дүниедегі  орнын  –  теоцентрлік  деп,  жаңа  замандағы  қалпын  – 
рациоцентрлік деп белгілеу дәстүрлі түсінікке айналған.   Аристотель:   «адам  
–  саяси  жануар»  деп  түсіндірсе,  әл-Фараби: «Адам мәдени жануар», – деп 
ой  түйіндеген.  Теологияда  ол  періште  мен  хайуан    арасындағы    орталық  
буын   болып   табылады.   Сондай-ақ   Ф.   Рабле: «Адам күлетін жануар» деп 
сипаттаса,  А.  Бергсон:  «Адам  күлетін  және  күлдіре  алатын  жануар»  деп 
тұжырымдайды.  Ал  Ламетри:  «Адам  –  машина»  деген  пікірге  тоқтайды. 
Бірақ, бұлардың ешқайсысы оның түпкілікті мәнін, жан-жақты сипатын аша 
алмайды. 
XX  ғасырда  адам  мәселесі  қайтадан  тыңғылықты,  жан-жақты 
зерттеудің  объектісіне  айналды.  Соның  бірі  –  философиялық  антропология 
адамның  ішкі  табиғи-әлеуметтік  мәніне  үңілді,  бірақ,  көбінесе  адамның 
эволюциядағы  орнын  дәрменсіздік  арқылы  шешуге  тырысты,  ал 
психоанализдік  теорияларда  адам  инстинктердің  қозғаушы  күшінің  ықпалы 
және  оны  өзі  де  жете  түсіне  алмайды  деген  қағиданы  ұстанса, 
экзистенциализм 
осы 
психологиялық 
үдерістерді 
философемдерге 
айналдырды  және  аса  қуаныштылық  пен  бақыттылық  сезімде  сипаттаған 
жоқ.  Бірақ,  прагматизм  мен  персонализм  ағымында  адамның  әлемге  және 
қоғамға  бейімделуіне,  тіпті  оның  шексіз  мүмкіндіктерін  ашуға  баса  көңіл 
бөлді, ол алдыңғы ағымдарға қарағанда оптимистік шабытта болды. 
Адам  –  белсенді  әрекет  ететін  сананы  иемдену  арқылы  еңбек 
құралдарын  жасап,  пайдаланып,  өнім  өндіріп  табиғатты  өзгертетін  барша 
тіршіліктің  лидері:  жан  мен  тәннен  құралған,  табиғаттан  мәдени-рухани 
асқақтығы, ойлау тереңдігі, мақсат қоюы және т.б. арқылы ажыратылады. Ол 
мәдени-рухани игілікті иеленіп, жер бетінде саналы тіршілік ететін субъект. 


68 
 
Осыдан  адамның  басқа  тіршілік  иелерінен  айырмашылықтарын 
былайша  зерделеп  көрсетуімізге  болады:  санасы  бар,  дискурсивті  ойлайды, 
еңбек  құралдарын  жасап  пайдаланады,  мәдениетті  жасаушы,  мақсат  қоя 
тіршілік  етеді,  өзінің  өмір  сүріп  тұрғандығын  және  оның  аяқталатындығын 
саналы  түрде  түйсінеді  т.б.  Бұл  адамның  қазіргі  сипаты  мен  күйі,  дегенмен, 
ол  әу-баста  эволюцияда  қайдан  және  қалай  пайда  болған  деген  түсініктер 
туындайды.  Бұны  жаратылыстану  ғылымдарын  да  және  қоғамдық  ілімдерді 
де қызықтыратын сала – антропогенез қарастырады. 
Антропогенез – (антропос – адам, генезис – шығу тегі деген мағынада) 
адамның  пайда  болып  жетілу  процесін,  эволюциясын  зерттейтін  сала. 
Дарвин, 
Гексли, 
Геккель 
адамның 
жоғары 
дәрежедегі 
дамыған 
маймылдардан  шыққандығы  туралы  теориясын  дәлелдейді.  Бұл  адам  тектес 
маймылдардан 
осыдан  2,5  млн  жыл  бөлініп  шыққандығын  дәйектейтін  дарвинизм 
теориясы деп аталады. Дарвинизм – Ч.Дарвин негізін салған адамның шығуы 
мен  дамуы  жөніндегі  эволюциялық  теория.  Ұрпақтардың  сабақтастығы 
негізінде тіршілік иелерінің түрлерінің өзгеретіндігі фактісінің тәжірибесінен 
алынған  тіршілік  үшін  күрес,  сұрыпталу  сияқты  табиғи  заңдылықтарынан 
өткен  адам  бүгін  де  өзі  тіршілік  етуі  мен  дамуын  сақтайды  деген  тұжырым 
жасалады.  Ал  Т.  Гексли  –  Томас  Генри,  ағылшын  жаратылыстанушысы, 
философы  (1825-1895  жж.)  Дарвин  ілімін  қорғап,  өмірдің  материалистік 
түсінігі  жалғыз  ғана  жаратылыстанулық  болжамдардың  нәтижесі  деп  қарап, 
априорлық білімдер өмір сүрмейді, ол мұрагерлік жолмен заңдандырылатын 
бұрынғы  ұрпақтар  тәжірибесімен  алынады,  адам  –  әлемдік  құбылыстардың 
жемістісі  деп  таныса,  неміс  зоологы  Эрнст  Геккель  (1834-1919  жж.)  де 
дарвиндік  теория  ізімен  құдайдың  өмір  сүретіндігінен  ауытқу  қажет  деп 
тапты, өз ілімін монизм деп атады. 
Бұларда  адамның  маймылдан  пайда  болуының  бірте-бірте  жүзеге 
асқандығын  дәйектейтін  ұстанымдар  бар.  Соның  алғашқысы  адам  типтес 
маймылдар туралы түрлермен анықталады. Австрапопитектер – бұдан 5 млн 
жыл бұрын өмір сүрген маймылдар, адамның ең жақын арғы-тегі, Австралия 
мен Африкадан табылған. Олар жер бетіне  тіршілік ету салтына бейімделді, 
алғашында  талғаусыз  тамақтанды,  табиғи  заттарды  құрал  ретінде  қолданды. 
Синантроптар,  питекантроптар  –  австралопитектерден  кейінгі  алғашқы 
қауымдық  топтарды  құруға  бейімделген,  өңделмеген  сүйек,  ағаштарды 
пайдаланып,  терімшілікпен  шұғылданды,  аң  аулады.  Одан  кейін 
неандертальдықтармен  саналы  адам  қалыптасты.  Гомо  Сапиенс  –  саналы 
адам,  осыдан  35-40  мың  жылдай бұрынғы  қазіргі  адамдарға  барынша  ұқсас, 
тік  жүретін,  дене  бітімі  толық  қалыптасқан,  қауымдық  тобырлардың, 
алғашқы қауымдық қоғамға ауысу кезеңіндегі адам эволюциясының  уақыты 
тас  ғасырындағы  адам.  Адамның  пайда  болуы  олардың  қоғамдасып  өмір 
сүруімен  шартталады.  Сондықтан  бұл  құбылысты  зерделейтін  ілім 
антропосоциогенез деп аталады. 
Антропосоциогенез  –  (антропос  –  адам,  социум  –  қоғам,  генезис  – 
шығу  тегі  деген  мағынада)  материя  қозғалысының  биологиялык  формадан 


69 
 
әлеуметтік  формаға  ауысуын  және  жануарлықтан  адамзат  коғамының 
шығуын  зерттейтін  сала.  Адамның  мәні  барлық  қоғамдық  қатынастардың 
жиынтығы.  Социогенез  –  антропогенездің  мазмұны.  Қоғамның  тууы  – 
алғашқы  қауымдық  құрылыс  кезеңі.  Яғни,  инстинктердің  шеттетілуі, 
қоғамдық нормалардың  тууы,  табиғилықтың  бақылауға  түсуі,  экзогамияның 
іске  асуы,  әлеуметтік  болмыстың  құрылуы  және  т.б.  жүзеге  аса  бастады. 
Әлеуметтік  болмыс  –  болмыс  түрі,  адам  болмысының  қоғамда, 
әлеуметтенудегі бірігуі мен бірлесуінің жалпы табиғаты. Оның баска болмыс 
түрлерінен,  адам  болмысынан  да  өзгеше  кең  мағыналы  сипаты  бар, 
биологиялық,  психологиялық  негіздер  бойынша  әлеуметтікке  ауысу 
тұрпатты  көрінісі  айғақталады.  Еңбек,  мораль,  сана  –  қандай-да  болсын 
адамзаттың  игіліктері  (еңбек),  адамдар  арасындағы  құқықтылық  қатынас 
(мораль), адамға тән 
психиканың  деңгейі  (сана)  қоғам  қалыптасуындағы  басты  үш  фактор, 
қажетті  сектор.  Үшеуінің  қайысысы  бұрын  екендігі  жөнінде  тұжырым 
болмағандықтан  еңбек,  мораль,  сананың  тууы  —  қоғамның  қалыптасуының 
түпкі  шарты  болып  табылады.  Сондай-ақ  жанама  факторлар:  тіл,  жанұялық 
қатынас,  қоғамдастық  және  т.б.  да  антропосоциогенездегі  маңызды 
қатынастар. 
Теологияда  –  адамды  құдай  жаратқан  (кезеңі  көрсетілмейді),  ол 
тумысынан  саналы,  мәдениетті,  құлықты  жан  иесі,  рух  пен  тәннің  бірлігін 
алып  жүруші  деп  түсініледі.  Бұл  тұжырым  теологияда  креационизм  деп 
аталады және дарвиндік теория жоққа шығарылады. Креационизм – әлем мен 
адамды  құдайдың  бірегей  актіде  жаратқандығы  туралы  ілім.  Бұнда  арнайы 
уақыт  кезеңі  көрсетілмейді,  дегенмен  әлем,  алғашқы  адам,  одан  соң 
мәдениетті, саналы кейіпте бірден жаратылғандығы туралы түсінік басымдау 
болып  келеді.  Жаратылу  актісінде  әлем  ештеңеден,  адам  топырақтан  деп 
ұғынылады. Алғашқы түр - Адам ата мен Хауа ана деп есептеледі. 
Соңғы 
уақыттарда 
дарвинизм 
ілімімен 
де, 
креационизм 
тұжырымдамасымен де келіспейтін ғылыми болжамдық идеялар ұсынылады. 
Адам жер бетіндегі маймыл типтестерге, қазіргі маймылға еш қатынасы жоқ, 
тек  сыртқы  келбеті  ғана  сәйкестенгендіктен,  оны  осы  түрлерден  туды  деп 
санаған.  Адам  баласы  ғарыштағы  тіршілік  белгілерінен  жерге  тараған,  өзге 
планеталықтар  сондықтан  біздің  тұрпатымызға  ұқсайды,  әсіресе,  ақыл-ой 
санасының жетілгендігі бұған куә деп ой түйінделеді. 
Адамның  мағынасын  тереңдей  ашу  үшін  оның  қоғамға,  табиғатқа, 
әлемге  қатынасын  зерделеу  қажет.  Осыған  орай,  адам  мен  қоғам,  адам  мен 
табиғат, адам мен әлем жөнінде мәселелер ұсынылады. 
Адам  мен  қоғам  қатынасы  сол  адам  болмысының  негізгі 
құрылымындағы  жалпы  бағдар,  адам  табиғатының  тұтастығы  болып 
табылады. Адамның қажетті атрибуттары: тіл, сөйлеу, пайымдау, жанұя құру, 
еңбек  ету  т.б.  барлығы  осы  қоғамдасып  өмір  сүруге  келіп  тіреледі. 
Қоғамдасудың  мынадай  шарттары  бар:  табиғи,  мәдени,  әлеуметтік, 
психологиялық,  саяси  т.б.  Мәселен,  табиғи  шарты  адам  болмысындағы 
эволюцияға  байланысты,  себебі,  топтасу  инстинктісі  тек  адамға  ғана  емес, 


70 
 
көптеген  хайуанаттарға  ортақ  қасиет.  Бұл  бірлесіп  тіршілік  етудің 
тиімділігін,  пайдалылығын,  өзара  келісімділігін  қамтамасыз  етеді. 
Хайуанаттарды  бірлесіп  өмір  сүретін  және  дара  немесе  жұптасып  өмір 
сүретін түрлерге жіктеу бойынша, адам да топтасып тіршілік ететін қаеиетті 
иеленеді.  Мәселен,  бірлесіп  тіршілік  ететін  хайуанаттар  тобынан,  үйірінен 
бір сәт ажырап қалса, елеңдеп, жалғызсырап, қауіпті сезіне бастап, тобырын 
тапқанша  алаңдайды.  Бұндай  сезім  қазіргі  кезде  де  жеке  адамдардан  анық 
байқалады.  Екіншіден,  топтасу  эволюцияда  өміршеңдігін  сақтаудың, 
ұрпақтар  сабақтастығын  жалғаудың  нақты  кепілі,  барынша  тиімді  тәсілі 
болып табылады. Яғни, адам да осындай тәсілге жүгінген, оны инстинктивті 
түрде болса да қалаған. Бұдан топтасудың психологиялық шарты туындайды. 
Адам  психикасы  да,  осы  инстинктерді  негізге  ала  отырып,  бұл  қоғамдасуды 
саналы игере бастайды. 
Мәселен,  адамның  ақпараттық  тіршілік  иесі,  яғни,  ол  ақпараттарды 
қабылдаушы-таратушы  екендігін,  онсыз  өмір  сүре  алмайтындығын 
негіздеген  тұжырымдамалар  бойынша  ол  қоғамдасуға  пеихологиялық 
жағынан  да  тәуелді  болып  келеді.  Ал  саяси  немесе  әлеуметтік  алғышарты  – 
рулық, қауымдық, мемлекеттік дәрежеге дейін көтерілуге алып келген. Рулық 
қоғамда  да,  рудың  көсемі,  іс  жүргізушілер,  шаруашылықты  атқарушылар 
арнайы жіктелген және өзге рулық бірлестіктермен бәсекеге түскен, біріккен, 
яғни,  бірлестіктер  де  ішкі  және  сыртқы  саяси  қатынастарды  іске  асырған. 
Демек,  мемлекет  тек  бүгінгі  күннің  адамзаттың  саналы  тарихының  ғана 
жемісі  емес,  адамның қоғамдық тіршілік  иесі  екендігінің көрінісі.  Гоббстың 
теориясында  бүгінгі  қоғам  немесе  мемлекет  өзара  келісім  бойынша 
құрылған,  олардың  әлеуметтік  топтары  өзін-өзі  қорғауға  тиеселі  болып 
өздерінің еркіндіктерін  өз  еріктерімен  берген  деп  түсіндіріледі.  Бұдан  тарих 
пайда болды. Тарих адамзаттың саналы ғұмырынан туындаған өзіндік тарихи 
сананың нақты нәтижесі мен көрінісі, тарихи жадының ең шеткі мөлшерімен 
шартталады.  Бұны  өркениет  басталған  дәуір  деп  есептейді.  Ол  осыдан  5000 
жылдай  уақытпен  шартталады.  Бірақ,  кейбір  зерттеушілердің  болжамы 
бойынша,  бұл  тарихтан  да  әрірек,  адамзаттың  тарихи  жадына  енбеген  басқа 
да  тарихтар,  өркениеттер  болған  деген  болжамдар  бар.  Адам  қоғамсыз  өмір 
сүре  алмайды  деген  тұжырым  дәстүрлі  түсінікке  айналған.  Бірақ  адамзат 
тарихының  тәжірибесінде  қоғамнан  оқшауланудың  бірнеше  үлгілері  бар, 
мәселен,  «мауглишілдік»  –  адамзат  қоғамынан  тыс  табиғи  тршілік  қалпы 
бойынша басқа тіршілік иелерінің қоғамдастығы бойынша өмір сүру. Немесе, 
аскеттік  өмір  стиль  бойынша  бастапқыда  адамзат  қоғамының  арасында 
болғанымен, кейіннен одан саналы түрде алшақтап, оқшаулану үрдісі. Бұған 
мысал  ретінде:  Диогеннің  бөшкедегі  өмірін,  А.  Яссауидің  жер  астында 
тіршілік  етуін,  жалпы  тұтастай  алғанда,  монахтардың,  сопылардың, 
дәруіштердің  өмірлерін  келтіруге  болады.  Бірақ,  қалыпты  жағдай  бойынша 
адам, жеке адам қоғамсыз дами алмайды, өзінің адамдық болмысын толықтай 
иеленбейді,  егер  жаңа  туған  нәрестені  қоғамнан  оқшауласақ,  ол  тілден, 
қарым- қатынастан т.б. жұрдай болар еді. 
Осыдан,  адамның  қоғамдасуға  ұмтылысының  ерікті  және  еріксіз 


71 
 
қырлары  қатар  ашылады.  Демек,  адам  қоғамдасуға  ұмтылады  және 
оқшаулануға  да  ынтық  болып  шығады.  Екеуінің  бірлігі  оны  орталық 
жағдайға алып келеді, адам қоғамдық ортада үздіксіз бола алмайды, мәселен, 
«мені оңаша қалдыршы» деген психологиялық қалып бүгінде жиі кездесетін 
өзін-өзі  реттеп  алудың  тетігі  екендігі  сөзсіз.  Педагогикада  адамның 
қалыптасуында  тәрбие  басты  рөл  атқарады,  бұл  жанұя,  достары,  туыстары 
сияқты  кіші  қоғам,  білім  алу  орындары,  мемлекет  сияқты  үлкен  қоғаммен 
келіп  түйседі.  Сонымен  қатар  әлеуметтік  педагогикада  мезофактор  –  әлем, 
мегафактор – табиғат, макрофактор – қоғам, микрофаткор – ықшам қоғамнын 
әсері  де  зерделенуде,  себебі,  адам  тек  қоғамдық  сипат  қана  алмайды,  ол 
табиғатпен, әлеммен біте қайнасқан екендігі түсінікті жайт. 
Осыған  орай,  «адам  –  табиғат»  мәселесі  қарастырылады.  Адамның 
табиғатқа  қатынасы  екі  үлгіде  бағамдалады:  біріншісі  –  адам  табиғатты 
танушы,  үстемдік  жүргізуші,  одан  екінші  табиғатты  тудырушы,  өңдеуші, 
яғни,  субъект  болып  табылады,  екіншісі  –  табиғат  бөлшегі  ретінде  объект 
және  оның  тылсым  құпияларына  бас  июші,  онымен  біте  қайнасқан  тіршілік 
иесі  ретінде  бағаланады.  Бірінші  ұстаным  соңғы  жылдарда  белең  алып,  ол 
адам  –  табиғат  жүйесіндегі  қайшылықтарға  алып  келіп  отыр.  Шындығында, 
адам  табиғат  бөлшегі,  себебі,  оның тәні,  жаратылысы,  болмысы,  физикалық 
денесі  осының  айғағы,  ол  –  белгілі  бір  деңгейде  рухани  дәрежеге  көтерілсе 
де,  өзінің  табиғатпен  біте  қайнасқан  болмысынан  алшақтап  кете  алмайды. 
Осыған  іштей  психологиялық  қарсылық  ретінде  өз  тәнін  табиғаттық 
қалпынан  айырғысы  келетін  көзқарастар  мен  ұстанымдар  да  кездеседі. 
Мәселен,  иога  өнеріндегі  жетістіктер,  адамның  қоректенбей-ақ  өмір  сүре 
алатындығын  дәйектегісі  келетін  ұмтылыстар  осының  айғағы.  Олардың 
түсінігі  бойынша,  табиғат  адамға  қалай  болса  солай  пайдалануға  берілген 
орта  емес,  қайта  онымен  үйлесімділікте  болу  керек,  ешқандай  түбегейлі 
өзгертетін  ықпал  жасамау  керек  деп  түсініледі.  Мәселен,  буддизмдегі 
вегетариандық деп аталатын салтта адам тіршілік иелерін өзіне азық ретінде 
мүлде қолданбау керек, бұл зұлымдық әрекет болып саналады. 
Табиғат  адамның  тіршілік  ететін  ортасы,  өзінің  қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын  шикізат  аймағы,  таза  күйінде  немесе  өңделген  күйінде 
болса  да,  оның  элементтерін  еркін  пайдаланады.  Соңғы  уақыттарда  адамзат 
өркениетінің  ықпалымен  екінші  табиғат,  яғни,  өңделген,  адам  әрекетімен 
өзгертілген  әлем  кеңейе  түсуде.  Бұл  «табиғат  үлкен  шеберхана,  ал  адам 
ондағы ұста» деген қағиданың үстемдік етуіне алып келді. 
Екінші  ұстаным  шамамен  жаңа  дәуір  заманына  дейін  адамзат 
мәдениетінің  негізгі  тіршілік  салтына  айналып  келді,  бұған  дейін  табиғатты 
барынша қастерлеуге ұмтылған еді. Алғашқы қауымдық құрылыста, көптеген 
халықтарда  табиғаттың  жеке  элементтеріне  табыну,  оларды  құрмет  тұту 
сенімдері  үстемдік  етті,  ол  фетишизм  деп  аталады.  Мәселен,  қазақтардың 
дүниетанымында  жер-суды,  тауды  қастерлеу  кең  орын  алған.    Демек, 
табиғатқа тылсымдылық, кұпиялылық, қастерлілік қасиеттерді таңатын және 
өзі сол табиғаттың перзенті екендігін үнемі сезініп жүретін қатынас адам мен 
табиғат арасындағы үйлесімді бастама болғандығы рас. 


72 
 
Үшінші  деңгей  –  адам  мен  әлем  қатынасы  болып  табылады.  Егер 
табиғат  әлемнің  бөлшегі  және  адам  оның  перзенті  болса,  ендеше,  адам 
әлемнің  де  кұрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Адамның әлемге  және  әлемнің 
адамға  тікелей  қатынасының  байырғы  дәуірлерден  бері  қалыптасқан  
түсінігін 
«астрология»  ілімі  зерделейді.  Бұндағы  ғарыштағы  аспан  денелерінің 
қозғалысы  жердегі  адам  мен  мемлекет  тағдырына  байланысты  деген 
тұжырым  алынған  да,  оның  нақты  болжамдарының  жүйелі  кестесі 
«жүлдызнама»  (гороскоп)  болып  құрылған.  Бүгінгі  күні  де  Күндегі,  Айдағы 
өзгерістер әлеуметтік өзгерістерге ықпалды деген пікір қайтадан жандануда. 
Бұндай  түсінік    көне    қазақ  дүниетанымында    да    кездеседі.    Мәселен, 
психологиялықжағынан  келіспейтін  адамдарды  «жұлдызы  қарсы»  деп 
сипаттау  да  осының  көрінісі.  Адамның  табиғатпен,  қоғаммен,  әлеммен 
байланысынан  оның  биологиялық,  психологиялық,  әлеуметтік  жақтары 
ашылады.  Жақтары  дегеніміз  –  қандай-да  болмасын  нәрсенің  немесе 
құбылыстың  толық  мәнін  алу  үшін  өзінің  байланысты  объектілерін 
сипаттайтын  шектеулі  өлшемдері.  Олар  мазмұны  жөнінен  өзара  тең  болып 
келеді.  Биологиялық  жағы  адамның  болмысына  енгізілген,  жалпы  табиғи 
нұсқасын  зерделеу,  эволюциядағы  белгілі  бір  маңызы  мен  түпбастамалық 
негіздерін айқындау мәселелерін таразылайды. 
Биологиялық  жағы  –  тәндік  негізі  бойынша  барлық  сүт  қоректі 
хайуандарға  ортақ  қасиеттерді  иемденеді.  Организмдердің  бәріне  ортақ:  қан 
айналым,  зат  алмасу,  туу  мен  өлу  және  т.б  процестер  адамның бір  жағынан 
биологиялық тіршілік иесі екендігін көрсетеді. Сондықтан адам эволюциядан 
оқшау  әлеуметтік  жан  иесі  ғана  емес,  сол  табиғи  ортаның  заңды  жалғасы 
болып  табылады.  Ал  психологиялық  жағы  –  адамның  психикасындағы  өзге 
жануарлар  психикасынан  елеулі  айырмашылықтар  арқылы  сипатталатын 
және 
онымен 
үндесетін 
психикалықтың, 
психофизиологиялықтың, 
саналылықтың  тұтастануын  білдіреді.  Сана,  мінез-құлық,  сезімдер,  ойлау, 
қиялдау, мақсатқа ұмтылушылық адам психикасының ерекшеліктерін құрап, 
психологиялық  жағынан  өзге  хайуандардан  ажырай  бастады.  Бұдан 
руханилық  жағы  ашылады.  Осы  тұста  адамның  психикасындағы  табиғи 
қалыптарға  басымдылық  беретін  иррационалистер  адамды  хайуанаттармен 
салыстыра 
отырып 
сипаттап, 
субъектінің 
басты 
тұғырлы 
айырмашылықтарының  түп  төркінін  қайтадан  табиғилыққа  балайтындығын 
ескерсек,  оның  инстинктік  негіздеріне  сараптама  жасау  қажеттілігі 
айқындалады. 
Инстинкттер 
табиғилыққа 
да, 
психологиялыққа 
да 
жатқызылатын  аралық  буындар,  нақтырақ  айтқанда,  психофизиологиялық 
жақтар  болып  табылады.  Адам  эволюцияның  нәтижесі  және  оның 
заңдылықтарынан  ажырай  алмайтын,  табиғи  заңдылық  шеңберінде  өмір 
сүретін  тіршілік  иесі  болғандықтан,  ол  да  осы  инстинкттермен  шартталады. 
Бірінші аналық инстинкт бүкіл тіршілік иесіне тән, әсіресе, сүт қоректілерде 
анық  байқалатын  анасы  мен  ұрпағы  арасындағы  өзара  түсіністікпен 
қабылданған  табиғатқа  бейімделудің  нақты  және  жетілген  көрінісі.  Кез 
келген  аналық  өзінің  ұрпағын  корғау  үшін  жанын  сала  күресуге  дайын 


73 
 
тұрады,  сәйкесінше,  ұрпағы  да  анасының  қамқорлығының  аясын  үнемі 
ескеріп  жүреді,  одан  физикалық  кеңістік  жағынан  алшақтап  кете  алмайды. 
Себебі,  өздігінше  өмір  сүруге  бейім  емес  ұрпақ  үшін  анасы  қоректендірудің 
және қоректенудің ең сенімді жағы. 
Келесі  инстинкт  өзін-өзі  қорғау  немесе  өзін-өзі  сақтау.  Бұл  да  басқа 
тіршілік  иелері  мен  адамға  ортақ  психикадағы  бағдарлама.  Ол  өзін  қауіп 
қатерден  қорғайтын  және  мүмкіндігінше  құтқаратын  психикалық  құрылғы 
болғандықтан,  тәнін  сақтауға  ұмтылатын  табиғи  қажеттіліктердің  талабы. 
Өзін-өзі  сақтау  өзінің  жаулары  мен  жемтігін  оңай  ажыратуға,  тіршілік 
ортасын  таңдап  алуға,  қабілеттерінің  шектеулілігі  мен  мүмкіндіктерін 
бағдарлап  отыруға  және  тіршілік  аясының  тарылған  тұстарында  одан 
құтылудың жолын табуға көмектеседі. Кез келген тіршілік иесі өміріне қауіп 
төнгенде қашады немесе жауымен  күреске түседі. Ендеше, адам да осындай 
жағдайларда  саналы  ойланып-толғанып  жатпай-ақ  қорғанысқа  көшеді  және 
ол  инстинктивті  болғандықтан  тез,  уақытты  оздырмай  тәнін  аман  сактап 
қалудың жабдығын жасайды. 
Сонымен  қатар  жыныстық  инстинкт  те  көптеген  тіршілік  иелеріне 
ортақ,  әсіресе,  сүт  қоректілерде  айқын  байқалады,  демек,  биология  ғылымы 
бойынша  адам  да  сүт  қоректілер  тобында  болғандықтан,  осы  инстинкт  те 
жақсы  дамыған.  Бұл  да  түрдің  сақталуының,  эволюцияда  тіршілік  үшін 
күрестің  нәтижесінен  пайда  болған  көбеюді  қамтамасыз  ететін  биологиялык 
қажеттілік.  Хайуанаттарда  еркегі  мен  ұрғашысы  қандай  жағдай  болмасын, 
көбею сәтінде бірін-бірі әртүрлі сигналдар арқылы оңай тауып алады. Бұның 
онтологиялық  идеясы  көне  Қытайдағы  Инь  мен  Янның  арақатынасынан 
философиялық  дәрежеде  анық  айшықталады.  Әйелдік  Инь  мен  Ер  адамдық 
Янның  өзара  әрекеттесуі  табиғи  заңдылық  деңгейінде  рәсімделеді.  Демек, 
жыныстық  интстинкт  те  адамның  табиғи  қырының  басты  көрінісі.  Бұл 
теологияда да осы түсінік бойынша қамтылады. Бастапқы пайда болған Адам 
Ата  мен  Хауа  ана  жұбы  осы  инстинкттің  негізгі  объектілері  және 
субъектілері болып табылады. Қазақтардың байырғы дүниетанымында да бұл 
инстинктердің  түп  бастамасының  көрінісі  арнайы  айтылмаса  да,  Көк  Тәңрі 
мен Ұмай Ана жұбы осындай көбею мен дамудың ишарасын тұспалдайды. 
Адамның  келесі  бір  қыры  –  психологиялық  жағы  болып  табылады. 
Адам  тек  психофизиологиялық  қана  емес,  психологиялық  та  жан  иесі.  Ол 
психикалыққа  бағдарланған  және  оны  психоәлеуметтікпен    ұштастырған 
өзінің 
барлық 
мақсаттары 
мен 
мүдделерінің 
орындалуында 
да 
психологиялықпен танылатын субъект болып табылады. Сондықтан адамның 
тіл,  карым-қатынас,  мәдениет  сияқты  руханилық  көріністері  де  осыған 
байланысты  болып  келеді.  Бүкіл  тіршілікке  тән  психикамен  қатар  және 
жалпыадамзаттық  психологиялылықпен  бірге  адамның,  әрбір  тұлғаның 
өзіндік  жеке  психологиялық  мінез-құлқы,  таным-түсінігі  қалыптасады. 
Психологияға  қатысты  таным  баспалдақтарын  Ф.Бэкон  «үңгір  елестері»  деп 
ажырата  отырып,  адамның  психологиялық  әлеуеттегі  орнының  танымдық 
жағдайда      да      көрініс      беріп      отыратындығын      байыптаған      болатын.   
Осы  «психологиялық»  адам  өмірінде  елеулі  маңызы  бар  оның болмысын  да 


74 
 
кей  сәттерде  анықтап  отырады.  Бұған  басымдылық  беруші  психологизм 
өкілдері  жеке  адамның  психикасы  оның  бүткіл  өмір  тағдырын  айқындайды 
деп  түсіндіреді,  оның  денсаулығы,  жолының  болғыштығы,  адамдар 
арасындағы беделі т.б. барлық маңызды сәттердің барлығы, тұтастай алғанда, 
адамның  ішкі  психологиялық  түйткілдерінен,  өзін  сендірулерінен,  өзін-өзі 
бағдарлауынан  құралады  деп  түсіндіреді.  Мәселен,  бұл  ұстанымның  айқын 
көрінісі  халықтық  медицина  өкілдерінен  байқалады.  Шамандық  дәстүр  де, 
алдымен, 
психологиялық 
күрес, 
психологиялық 
тайталас 
және 
психологиялық 
сендіру 
шаралары 
арқылы 
субъективтілікті 
объективтендіреді.  Шындығында 
да,  адамның  психологиялық  жағы  оның  өз  болмысын  өзі  жасауына 
тұтастай  болмаса  да  едәуір  әсер  етеді.  XX  ғасырдағы  экзистенциалист 
Ж.П.Сартр  айтқандай,  адам  болмысы  оның  өзі  жасап,  өзі  қалыптастыратын, 
қандай болғысы келсе, сондай болатын болмысы болып табылады. 
Адам  тек  биологиялық  және  психологиялықпен  көмкерілген  тіршілік 
иесі емес, сондай-ақ оның әлеуметтік жағы да маңызды, елеулі рөл атқарады. 
Әлеуметтік  жағы  –  биологиялық  жақтың  кейбір  ұмтылыстары  тежеліп, 
психикалық  жақтың  оңды,  ілгерішіл  жақтары  дамытылып,  адам  –адамзат 
өкілі екендігін  түйсінуден басталады. Ол қоғамдағы әлеуметтік үдерістердің 
барлығының  белсенді-белсенді  емес,  ерікті-еріксіз  субъектісіне  айналады. 
Себебі,  онда  әлеуметтенген  немесе  әлеуметтендірілген  бағдарлар  әуел 
бастан-  ақ  орнықтырылған.  Бірақ,  ол  басқа  жақтарынан  оқшау  таза  дербес 
бола  алмайды,  психологиялық пен  табиғилықтың  ұштасуының нәтижесін де 
басшылыққа  алады.  Жеке  адам  қоғамнан  тыс  бола  алмайды,  ол  қоғамдық 
нормалар мен талаптарды, мораль мен мемлекеттік ұстанымдарды, дәстүрлер 
мен  ғұрыптарды,  қарым-қатынас  қағидаларын  мойындауы  тиіс,  еңбек 
бөлінісіне  қатынасып,  сыртқы  ортадан  өзіндік  орнын  айшықтайды. 
Сондықтан  адамның  әлеуметтенуі  стихиялы  түрде  және  ұйымдасқан  түрде 
жүріп  отырады.  Ол  адамдағы  әлеуметтік  модустармен  түйіседі.  Ол 
болмысынан  табиғи  тұрғыдан  құрылған  қауымдастықтың  мүшесі  болу 
бағдарынан  мәдени  қауымдастың  субъектісі  болу  сәтіне  қарай  ойысумен 
болады. Оның  әлеуметтік жағы  жоғарыда айтқандай, табиғи болмысындағы 
топтасу 
инстинктісін 
негізге 
ала 
отырып, 
оны 
мәдениеттенген, 
әлеуметтенген,  саясиланған  формаға  көшіреді  де,  субъект  әлеуметтік  жан 
иесі  болып  шығады.  Сондықтан  оған  өзін  қоршаған  қоғамдық  ортада  қалай 
сезіну  керектігі,  қоғамнан  өз  орнын  табу,  қоғамдық  қатынастар  мен 
талаптарды  игеру,  өзінің  белсенділігін  анықтау  сияқты  талаптар  қойылады. 
Осы талаптар оның рухани жағымен байланысып жатыр. 
Руханилық та адам болмысының ішкі танымдық бағдарынан өрістеген, 
өзінің  ішкі  психоәлеуметтік  және  мәдени  күйін  сыртқы  әлемге  таныстыру 
және  ашумен,  іске  асырумен  айғақталады.  Руханилық  барлық  материалдық, 
тәндік  еместердерден  азат  болған  адамның  жоғары  мақсаты:  адамгершілік 
пен 
құлықтылық, 
эстетикалық 
пен 
сезімдік 
қажеттіліктердің 
қанағаттандырылуы  т.б.  Демек,  адам  болмысының  табиғи,  психологиялык, 
әлеуметтік  жақтары  бір-бірімен  байланысты  болғандықтан,  оны  тұтастықта 


75 
 
қарастыру қажет. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет