Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Қожа  Ахмет  Яссауидің  мистикалық  дүниетанымы



Pdf көрінісі
бет42/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық
stud.kz 42321, 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1), 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1)
Қожа  Ахмет  Яссауидің  мистикалық  дүниетанымы
.  Иасауи 
дүниетанымының  негізінде  сопылық  жатыр.  Сопылық  –басқа  танымдардан 
ерекше  исламдық  дүниетаным  формасы.  Қожа  Ахмет  Ясауи  ілімінде  Хаққа 
қызмет  ету  халыққа  қызмет  етуден  басталады.  Ал,  халыққа,  ұлтына  қызмет 
етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, 
өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету 
үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам 
адам  емес,  мұны  аңла;  Ашқсыз  инсан  хайуан  жынысы,  бұны  тыңда”.  Осы 
хикмет  жолындағы  “дертсіз  адам”  адамдық  сезімнен  жұрдай,  өз  ұлтының, 
қоғамының,  Отанының  алдында  жауапсыз,  мұңсыз,  қара  басының  қамын 
күйттейтін  жан.  “Ашқсыз  адам”  –  илаһи  фитраттан,  яғни  Алла  тарапынан 
адамға  берілген  құдайлық  сыйдан  мақрұм  қалған,  өзінің  адамдық  қадірін 
бағалай  алмайтын,  парасаттылыққа  ұмтылмайтын,  өзін  қоршаған  әлемге, 
адамға,  табиғатқа,  осының  бәрін  Жаратушы  иеге  мән  бермейтін  жан.  Дертті 
адамның  Қожа  Ахмет  Ясауи  іліміндегі  алатын  орны  ерекше.  Ол  хикметінде 
“Білімің  –  шырақ,  халің  –  пілте,  көз  жасың  –  жағатын  май”  болсын  дейді. 
Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік 
тұстары  мен  ақсаған  руханиятын  көріп,  көз  жасы,  қайрат-жігерімен  одан 
шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ - 
кемелдікке  жетелейтін  күш-қуат  көзі.  Қожа  Ахмет  Ясауи  ілімінде  адамның 
жаратылыс  мақсаты  –  Хаққа  құлшылық  ету  (ибадат),  ол  “Сізді,  бізді  Хақ 
жаратты  ибадат  үшін”  –  дейді.  Бұл  ибадат  (убудийат)  –  Хақты  тану 
жолындағы  ең  жоғарғы  мақам.  Құдайлық ашқты,  Аллаға  деген  махаббатпен 
тұтастықта  көретін  Қожа  Ахмет  Ясауи  дүниетанымы  Алла  жаратқан  адам 
баласын  кемсітпей,  өзімен  тең  дәрежеде  құрметтеуді  парыз  деп  қарайды. 
“Сүннет  екен  кәпір  де  болса  берме  азар,  Көңілі  қатты  ділазардан  Құдай 
бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған 
құрмет  көрсету,  адам  ретінде  ардақтауды  пайғамбарлық  сүннет  (жүйе,  заң, 
қағида)  ретінде  танытады.  Өйткені  Қожа  Ахмет  Ясауи  ілімі  –  дін,  мәзһаб 
аясына  сыймайтын  шексіз  ашқ  (махаббат)  жолы.  Қожа  Ахмет  Ясауи 
дүниетанымында  “дертті  адам”,  “топырақ  адам”,  “кемел  адам”,  сондай-ақ, 
“ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет