Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Бұлжымас императив (И.Кант)



Pdf көрінісі
бет45/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық
stud.kz 42321, 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1), 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1)
9.3 Бұлжымас императив (И.Кант). 
Имануэль Канттың категориялы императиві  - адам ойының ең жұмбақ 
жемістерінің бірі. Кант философия саласын мына төрт сұрақтың төңірегінде 
жинақтады:  1.  Мен  не  біле  аламын?  2.  Мен  не  істеуім  керек?  3.  Мен  не 
нәрсеге үміттене аламын? 4. Адам дегеніміз не? Бірінші сұраққа метафизика 
жауап  береді,  екіншісіне  —  мораль,  үшіншісіне  —  дін,  төртіншісіне 
антропология.  Бірақ  бәрін  антропологияда  жинақтауға  болады,  себебі 
алдыңғы 
үш 
сұрақ 
соңғыға 
кіреді. 
Канттың пікірінше, адам бір-біріне қарама-қарсы екі дүниенің: сезім арқылы 
қабылданатын  феноменальдік  және  ақыл  арқылы  танылатын  но-уменальдік 
дүниенің  субъектісі.  Феноменальдік  дүниеде  адам  табиғи  күштерге, 
қоғамдық  ережелерге  тәуелді,  яғни  өзін  еркін  сезіне  алмайды.  Ал 


82 
 
ноуменалдық  дүниеде  адам  еркін,  сезімнен  жоғары,  рухани-адамгершіліктік 
идеалдар  мен  құндылықтар  үстем  интеллигибелді  дүниенің  мүшесі.  Яғни, 
адам  екі  қайшылықтың  —  табиғат  пен  еркіндіктің  —  арасында  таңдау 
жасауға  мәжбүр.  Кант  осы  екі  дүниенің  ара  байланысын,  бір-біріне  әсерін 
мойындай  отырып,  ноуменальдік  бастауды  жоғары  қояды.  Оның 
тұжырымдауынша, 
адам 
ақыл-ойының 
көмегімен 
адамгершіліктік 
ережелерін  жасақтауға  қабілетті.  Бұл  ережелерді  Кант  екі  түрге  бөледі: 
шартты  және  міндетті  түрде  орындалуға  тиіс,  бұлжымайтын  ережелер. 
Шартты  ережелерді  орындау-орындау  адамның  өз  еркінде.  Мысалы,  әрбір 
адам денсаулығын күткені дұрыс деп шартты түрде ұсынылады, саулығыңыз 
туралы  бас  қатырғыңыз  келмесе,  ол  сіздің  жеке  мәселеңіз.  Ал 
адамгершіліктік  талаптарды,  Канттың  пікірінше,  әрбір  адам  орындауға 
міндетті. Оларды Кант адамгершілік заңы, бұлжымайтын императив ретінде 
қарастырады.  Адамгершілік  заңы  адамның  абсолюттік  еркіндігін  реттеуші. 
Кант:  «Сен  еркін  де  ақылды  болуға  тиістісің»  деп  жария  еткенімен, 
абсолюттік  еркіндік  түбінде  жақсылыққа  апармайтынын  түсінді,  сондықтан 
да  бұлжымайтын  императивті  енгізді.  Шектеусіз,  абсолюттік  еркіндіктің  іс 
жүзінде  аморальдылыққа  ұшыратынының  дәлелін  тарихтан  да,  қазіргі 
өмірден  де  көруге  болады.  Гегельдің  өзі  абсолюттік  еркіндікті  құбыжық 
нәрсемен теңеуі тегін емес.  
Кант  парызды  аса  жоғары  бағалайды.  Оның  пікірінше,  парыз 
рационалды  ойлай  алатын  тіршілік  етушілердің  бәріне  тән  табиғи  қасиет. 
Кант  үшін  парыз  категориясы  антропологиялық  мәселелерді  шешуге  кілт 
болды  деуге  болады,  себебі  адам  өзі  мен  адамзат  алдындағы  парызын 
орындау  жолында  өзінің  рухани-адамгершіліктік  мүмкіндіктерін  жүзеге 
асырады,  өз  тағдырын  өзі  жасай  алатындығын,  табиғи  инстинктерді  жеңіп, 
адамдық бастауын сақтап қалу қабілетін дәлелдейді. Яғни парыз категориясы 
адамды  экзистенциалдық  тандау  жасауға  мәжбүр  етеді.  Бұл  тандауды  Кант 
адамның  пайдасына  шешеді:  «Адамның  өзінің  алдындагы  парызы  —  өзін 
адамгершілікті тіршілік етушінің жетістіктерінен аиыруга тиым салуда, ягни 
өзін  ішкі  еркіндіктен  айыруга,  затқа  айналдыруга  тиым  салуда  «.  Кант 
осылайша  дүниедегі  заттардың  бәрі  де  салыстырмалы  құндылыққа  ие 
еркіндігін,  бірақ  парасатты  және  еркін  жігер  ең  басты  құндылық  болып 
есептелетінін  айтады.  Ақыл-ой,  парасат  адамға  биік  мақсаттарға  жету  үшін 
берілгенін,  сондықтан  оны  жануарлық  инстинкген  төмен  коюға 
болмайтынын Кант ерекше ескертеді, адамның ең бірінші, өзінің алдындағы 
парызы  өмірінің  мәнін  құрайтын  мақсаты  —  өзін  ақыл-ойға  жүгіне  отырып, 
жан-жақты жетілдіру деп анықтайды. 
Сонымен бірге, ол адам өмірінің мәні тек өзінің алдындағы ғана емес, 
басқа  адамдардың,  жалпы  қоғам  алдындағы  парызын  орындау  деп  түсінеді. 
Бұлжымайтын императивтің бірінші қағидасы: «Өзіңдегі де, басқалардағы да 
ақылды және еркін жігерді мақсатқа жету құралы емес, сол мақсаттың өзі деп 
таны».  Бүл  қағидадан  ұлы  гуманист  Канттың  адам  мен  қоғам  туралы 
демократиялық ойларын көреміз. Тұлға белгілі бір құқықтарта, еркіндікке ие, 
қоғамның саналы мүшесі, өз өмірінің, өз тағдырының кожайыны, оған ешкім 


83 
 
де,  ешқандай  қоғамдық-саяси  ұйымдар  да  өз  көзқарасын  таңа  алмайды. 
Канттың  ойынша,  осындай  саналы  тұлғалардан  кемелденген  республика 
құрылады, мұндай қоғамда бір тұлға басқа тұлғалар үшін құрал емес, мақсат. 
Демократиялық  даму  жолына  түскен  бі  қоғам  үшін  осы  қағида,  әрине,  аса 
маңызды. 
Канттың осы қағидасы жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды 
реттеуте  де  пайдасын  тигізеді.  Қазіргі  заманда  достық,  жолдасть 
ұғымдарының  құны  түсіп  отырғаны  жасырын  емес.  Осы  асыл  қасиетерді 
уақытша,  белгілі  бір  мақсатқа  жету  жолында  қолданатын  адамдардың  саны 
соңғы  уақытта  көбейіп  отыр.  Бұл  құбылыс  еткінші  деп  ойлаймыз,  себебі 
мұндай  қарым-қатынас  алдамшы  ғана.  Заман  қанша  қатігез  болса  да  адам 
өзінің  басты  қасиетін  —  адамшылығын  ұмытпауы  керек.  Нағыз  достық, 
сыйластық  пайдаға  негізделмеген,  шынайы,  кіршіксіз  болуы  тиіс,  ал  уақыт 
ша  сезімге  сүйенген  адам  өзін  де,  басқаны  да  төмендетеді.  Әрбір  адам 
түбінде  ең  қатал  сот  —  өзінің  ар-ұятының  алдында  жауап  беретінін 
ұмытпағаны  жөн,  Ал  Канттың  қағидасын  ұстанып,  басқа  адамдармен 
мейлінше кіршіксіз қарым-қатынас орнатуға тырысқан адамның ары таза. 
Келесі  қағидаларында  Кант  адамға  деген  талабын  күшейте  түседі: 
«Сенің  ісің,  тәртібің  жалпы  заң  болсын»,  «Сенің  жігеріңді  билеуші  ереже 
дүниежүзілік  заңдылық  негізіне  айналатындай  болып  қызмет  ет».  Яғни, 
басқаларға  үлгі  болатындай  өмір  сүру  —  әрбір  адамның парызы,  бұл  тұжы-
рым  адам  өмірінің  өлшемі  деуге  де  болады.  Аталған  талап  адамнан  көп 
еңбекті,  мықты  жігерді,  ақыл-ойдың  орасан  жұмысын  қажет  етеді,  бірақ 
адамның рухани, адамгершілік, тіпті кәсіби жағынан жетілуіне зор пайдасын 
тигізетіні күмәнсіз. 
Осы  қағиданың  бір  ғана  отбасы  көлеміндегі  әсерін  алып  қарайықшы. 
Әрбір  ата-ана  парыздарын  дұрыс  түсініп,  өздеріне  қатаң  талап  қоя  білсе, 
кейінгі ұрпаққа қандай ізгі үлгі болар еді. Ал осы істі қоғам көлемінде алып 
қарастырсақ,  бұл  өте  қиын,  күрделі  нәрсе.  Адамдардың  көпшілігі  парыз 
ауырлығынан саналы түрде қашып, тыныш қана өмір сүруді таңдауы мүмкін. 
Бірақ  адам  атына  лайық,  мәнді  өмір  сүремін  деген  адам  парызын  орындау 
міндетін өмірінің басты анықтаушы күші ретінде түсінуі тиіс деп ойлаймыз. 
Парыздың  осыншама  императивтік  күшінің  негізі  неде?  Моральдық 
міндеттердің  негізін  Кант  «адам  табиғаты  мен  адам  өмір  сүріп  отырған 
дүниенін жағдайларынан емес, а’ргіогі таза ақыл ұғымдарынан іздеу қажет»,-
деп  түсіндіреді.  Ол  адамның  адамгершілікті  өмір  кешуі  қажеттігін  оның 
ақылы,  парасаты  талап  етеді,  сондықтан  адам  ақылының  бұйрығын  міндетті 
түрде орындауы керектігін ескертеді. 
Сонымен,  Кант  адам  өмірінің  мәні  еркін  ақылға  негізделген  парызды 
түсіне  білу,  оны  міндетті  түрде  орындауға  тырысу  деп  шешеді.  Өз  зама-
нында да, кейіннен де Канттың осы түсінігі көп сынға ұшырағаны белгілі. 
Мысалы, 
орыс 
ойшылы 
П.Кропоткин: 
«Кант 
табиғаттан 
адамгершіліктің  табиғи  негізін  таба  алмады,  сондықтан  да  адамгершілік 
парыздың  құдайы  негізіне  сілтейді.  Ол  аз  болса,  Канттың  адамгершілік  заң 
санасы рацио- нальді ойлаушы мақұлықтармен бірге адамға да тән деген жиі 


84 
 
қайталаулары  Шопенгауэр  айтқан  періштелер  дүниесін  елестетеді»,-десе, 
келесі бір орыс философы Н.Бердяев Кантты қоғамды жеке адамнан жоғары 
қарастырады  деп  санайды.  Оның  пікірінше,  міндетті түрде  орындауға  тиісті 
парыз  адамның  еркіндігін  шектейді,  адамды  қоғамға,  қоғамдық  пікірге 
тәуелді  етеді.  Ал  кеңестік  философия  Кантты  негізінен  скептикалық 
тұрғыдан ғана қабылдап, оған «идеалист» айдарын таққаны белгілі 
Біздің  ойымызша,  кейбір  кемшіліктеріне  қарамастан,  жалпы  Кант  фи-
лософиясының,  оның  ішінде  этикалық  парыз  ілімінің  қазіргі  заманда  ма-
нызы  зор.  Соңғы,  әсіресе  елімізге  кептеген  өзгерістер  әкелген  90-шы 
жылдардың  басынан  бергі  уақытта  Кант  философиясына  деген  бүрыннан  да 
күшті  қызығушылықтың  ұлғая  түсуі  кездейсоқтық  емес.  Жоғарыда 
айтылғандай,  Кант  ілімі  қазір  моральдық  ригоризм  тапшылығын  сезініп 
отырған  әрбір  адамға,  жалпы  адамзатқа  қажет  болып  отыр.  Әрине,  Канттың 
парыз  принципінің  абстрактылығын,  белгісіздеу  жалпылығын  жоққа 
шығаруға  болмайды.  Жеке  адамға  оның  бүкіл  адамзат  алдындағы  парызы 
тіпті түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ адам әлем азаматы ғана емес, белгілі бір 
елдің ұлттың өкілі, ұжым, отбасы мүшесі емес пе? Адамзат алдындағы парыз 
белгілі бір топтар, қоғамдастықтар алдындағы міндеттерді белгілейді, оларды 
орындау  адамнан  ақылға  негізделген  үлкен  күш-жігерді,  рухани  еңбекті, 
адамгершіліктік  өсуді  талап  етеді.  Парыз  принципі  адамды  өз  ақылына, 
рухани  мүмкіндіктеріне  сенуге,  өз  бойындағы  жабайы,  табиғи  инстинктерді 
жеңіп,  парасатты  жоғары  қоя  білуге,  ар-ұждан  парызын  түсінуге,  бір  сөзбен 
айтсақ, адам болуға үйретеді. 
Кант  осы  принцип  арқылы  адамды  отбасы,  коллектив,  мемлекет  қана 
емес,  әлем  шеңберінде  тіл  табыса  білуге  шақырады.  Қазіргі  таңда  адамзат 
алдында  екі  жол  түр:  халықаралық  келісім  арқылы  мәңгілік  бейбітшілікке 
кол жеткізу және қанды соғыс нәтижесінде жер бетінен мүлдем құрып кету. 
Адамзат  Канттың  парыз  принципіне  сүйеніп.  алдыңғы  жолды  таңдауы  тиіс. 
Кант  парыз  идеясының  және  адам  парасатының  салтанатына  сенеді,  тіпті 
басқа  қасиеттердің  бәрі  бірігіп  ақыл-ойдан  туындайтын  қүдыретті  адам-
гершілік заңына төтеп бере алмайтындығына шүбә келтірмейді 
Ақыл-ойдың  дамуына  айқындаушы  әсер  ететін  ғылым  ретінде  Кант 
философияны  атайды.  Казіргі  философия  езінің  зерттеу  объектісі  —  адам 
проблемасына  қайта  оралып  отыр.  болып  қана  қойған  жоқ,  өзі  осы 
принциптерді  іс  жүзінде  мүлтіксіз  орын-даушы  болды.  Осы  ретте  оны 
Сократпен  салыстырган  дұрыс.  Философиясы  қаншалықты  адамгершілікке 
толы  болса,  Канттың  өзі  де  соншалықты  кіршіксіз,  қиянатсыз  өмір  сүрді. 
Қарсыластары  парыз  идеясын  абстрактылық идея  деп  санағанмен,  оның бұл 
философиясының  оның  замандастарына,  өзінен  кейінгі  философиялық 
ағымдарға  әсері  мықты  болды.  М.Әуезовтің  өзі:  «Канттан  бергі  философия 
көзгетүсерлік  жол  тауып  кете  алған  жоқ»,-  деп.  оның  философиясын  үлкен 
көрегендікпен  өте  жоғары  бағалаған  еді.  Осы  сөздердің  маңызы  қазіргі 
заманда арта түсіп отыр десек, қателеспейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет