Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Адамгершіліктің алтын қағидасы Конфуций



Pdf көрінісі
бет44/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық
stud.kz 42321, 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1), 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1)
9.2 Адамгершіліктің алтын қағидасы Конфуций. 
Конфуций
,  Кун-цзы,  яғни  ұстаз,"Ұстаз  Күн"  деп  атаған.  Ежелгі 
Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, 
Қытайдың 
мемлекеттік діні – 
конфуцийшілдіктің
 негізін  салушы.  Конфуций  ілімінің 
өзіндік  сипаты антропоцентризммен,  яғни  адамды  ғаламдық  ғимараттың 
кіндігі  және  ең  жоғарғы  мақсаты  деп  білетін  көзқараспен  айқындалады. 
Конфуций  ой-пікірінің  негізгі  мазмұны  табиғат  заңдарына  сәйкес  келетін, 
адамдардың  бірлесіп  өмір  сүруіндегі  парасатты  реттілікті,  тәртіпті 
қамтамасыз  етудің  аса  маңызды  шарттары  болып  табылатын  қарапайым  да 
ғаламат 
зор 
“5 
ізгілікті” 
ұғындыруға 
арналған. 
Конфуций ғарыш пен әлемнің пайда 
болуы, эволюциясы мәселелерімен 
әуестенбеген деген пікір бар, өйткені ол рухтар мен о дүние мәселесіне көңіл 
бөлмеген.  Бұл  Конфуцийдің:”  “Өмірдің  не  нәрсе  екенін  білмей  тұрып, 
өлімнің  не  екенін  білу  мүмкін  бе?”,  –  деген,  сондай-ақ:  “Адамдарға  қызмет 
ете  білмей  тұрып,  рухтарға  қалай  қызмет  көрсетуге  болады?”  –  деп  түйген 
қағида  іспетті  ой-тұжырымдарынан  аңғарылады.  Ол  адам  проблемасына, 
оның  ақыл-ойына,  адамгершілік  кескін-келбетіне  мол  көңіл  бөлді. 
Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды  ұғымы  –  адамшылық,  адамның  әділ, 
ақжүрек  болуы  (жэнь).  Ұлдың  кішіпейіл  болуын,  ата-ананы,  жалпы  үлкен 
кісілерді  сыйлап  жүруін  анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы  да  осы  қатарда. 
Бұл  екі  ұғым  жасы  үлкен  мен  орны  жоғары  адамдарға  сый-құрмет  көрсетіп 
отыруға,  ел  басына  адалдыққа,  т.с.с-ларға  негізделген  этик.  және  әлеуметтік 
қатынастар  жиынтығын  білдіреді.  Ол  “текті  ерлерді”  (цзюнь  цзы)  шешімді 
түрде  “ұсақ  пенделерге”  (сяо  жэнь)  қарсы  қойып  отырған.  Алғашқысы 
кейінгісін басқарып отыруға, оларға үлгі болуға тиіс деген. 
Осындай  этикалық теориялары негізінде  Конфуций  өзінің  саяси 
тұжырымдамасын  дамытты,  бұл  орайда  оның: “Билеуші  –  билеуші,  ал 
бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты 
сөзі 
кеңінен 
мәлім. 
Конфуцийдің 
мемлекетті “адамгершілікпен 
басқару” теориясы  оған  дейін  де  болған  идеяға  –  басқарушы  билігін 
құдіреттендіру  идеясына  сүйенді.  Соған  сүйене  отырып,  оны  дамытты  әрі 
негіздеді. “Басқару 
– 
түзету 
деген 
сөз” деген 
қанатты 
сөзбен 
тұжырымдалатын  негізгі принцип “чжень  мин” ілімінде көрініс  тапқан. 
Мұнда  Конфуций  қоғамдағы  әр  нәрсені  өз  орнына  қою  қажеттігін,  әркімнің 
міндетін 
қатаң 
да 
дәл 
анықтау 
керектігін 
айтты 
(Конфуций 
бойынша мемлекет – 
үлкен отбасы). 
Ол 
ел 
билеушілерін 
халықты заңдар мен жазалаулар негізінде 
емес, 
ізгілік 
жасаушылар 
жәрдемімен биік адамгершілік, имандылық қасиеттер танытатын тәртіпті үлгі 
ету  жолымен  басқаруға  үндеді.  Халықты салық,  салғырт  салумен  қинамай, 


81 
 
әдет  құқығы  негізінде  басқаруды  қош  көрді.  Ең  бастысы 
– 
шынайы принципті әрқашан  басқарушы  қатаң  ұстануға  тиіс  деп  білді, 
сонымен  бірге  адамдар  мен  олардың  игіліктеріне  қамқорлық  көрсету  – 
басқарушы парызы.  Адамдардың байлық пен  мәртебені  бәрінен  жақсы 
көріп, кедейлік пен  жасқанбаушылықты  жек  көретіндерін  дана  билеуші 
жақсы білуге тиіс. Билеуші үшін – кісі сеніміне ие бола білу өте қажет. Осы 
пайымынан  туындайтын: “Билікке  қалай  жетуге  болады?”–  деген  сұраққа 
Конфуций: “Халықтың  сүйіспеншілігіне  қол  жеткіз,  –  деп  жауап  берген,  – 
сонда  сен  билікке  жетесің,  егер  халықтың  сүйіспеншілігін  жоғалтар  болсаң, 
онда  билікті  де  жоғалтып  аласың”.  Конфуцийді  ұлы моралист деп  атайды, 
өйткені  ол  өзінің  саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – 
биік  мораль,  лайықты,  дұрыс  тәртіп, этикет эталондарына (ли)  негіздеді. 
Нашар мінез бен 
келеңсіз әдетті өзгертудің 
ең 
жақсы 
құралы 
ретінде музыкаға (юе)  зор  мән  берді.  Конфуций  мүлтіксіз,  жетілген  адам 
(цзюнь-цзы)  тұжырымдамасын  жасады.  Мұндай  адамның  асылдығы, 
Конфуций  бойынша,  шыққан  тегіне  емес,  алған  тәрбиесіне  байланысты 
болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. 
Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), әділ, адал, ақжүрек 
болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс. 
Ата-анасына,  жалпы  қарт  адамдарға  айрықша  ілтипатпен  қарым-қатынас 
жасау  ләзім. “Бүкіл  өмірің  бойы  басшылыққа  алуға  тұратын  сөз  бар 
ма?” деген сұраққа орай Конфуций: “Бар, ол сөз – мейірімділік”, – деп жауап 
берген.  Конфуций  адамдар  арасындағы  (отбасында,  қоғамда,  мемлекетте) 
мүлтіксіз 
қарым-қатынас 
заңын 
мынандай 
қанатты 
сөзбен 
тұжырымдаған: “Өзіңе  тілемейтініңді  басқаға  жасама”.  Бертінгі  ұрпақ 
адамгершіліктің  алтын  ережесі  ретінде  дәріптейтін  осынау  Конфуций 
іліміндегі  тұжырымдама  ілгерілі-кейінгі  ойшылдар  пайымдауында  адам 
мінез-құлқы  мен  тәртібінің  іргетасы  іспетте  қолданылуда.  Конфуцийдің 
ізбасарлары  оның  ілімін  басшылыққа  алып,  дамытып  отырды.  Конфуцийдің 
саяси доктринасына әр заманда әрдайым  мұқият  көңіл  бөлініп  отырды. 
Конфуций мен оның ізбасарларының ілімінде бейнеленген идеялар осы күнге 
дейін  Қытай  саяси мәдениетінің аса  маңызды  құрамдас  бөлігі  болып 
табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет