Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет37/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық
stud.kz 42321, 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1), 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1)
6.3 Ғылым және техника
Философияда техника ұғымы  екі мағынада қолданылады: 1. Қызметтің 
жасанды  материалдық  құралдарының,  ягни  артефактілердің  жиынтыгы 
ретінде. 2. Жасай білудің, әдістердің жиынтыгы ретінде. Сонымен, техника  -


63 
 
құралдармен  инструменттердің  материалдық-заттық  ерекше  саласы;  қызмет 
тәсілі, оның ішінде – құралды қолдану тәсілі. 
Техниканың  дамуы  бүкіл  адамзаттың  өмірін  өзгертті  деуге  болады. 
Оның жағымды жақтарын атап көрсетсек: 
1)  Техниканың  дамуы  рациональді  ойлауды,  дәлдікті,  еңбек 
құралдарын үнемді қолдануды қалыптастырды; 
2)  Ғылыми-теориялық  білім  ұсынған  жаңа  технологиялардың  өндіріс 
процесінде  және  ауыл  шаруашылығында  кеңінен  қолданылуы  әлемдегі 
көптеген мемлекеттердің экономикасын өркендетті; 
3)  Техниканың  өндіріс  процесіне  енуі  адам  еңбегін  айтарлықтай 
жеңілдетті; 
4)  Техника  мен  ғылымның  антропогендік  сипаты  адамның  күнделікті 
тұрмысын  да  түбегейлі  өзгертті,  бұрын  қолмен  атқарылатын  жұмыстың 
басым кепшілігін тұрмыстық техника атқара бастады. Бұл өзгеріс адам үшін 
жалпы алғанда оң өзгеріс болды. 
5)  Байланыс,  араласу  салаларында  жаңа  технологиялардың  пайда 
болуы  бүкіл  адамзатты  бір-біріне  жақындатып,  өзара  түсіністіктің  пайда 
болуына ықпал етті. 
Техника  дамуының  жагымсыз  жақтары  туралы  айтатын  болсақ,  олар 
ете маңызыды және жагымды жақтарынан басымырақ десек те болады: 
1) Техниканың өндіріс процесінде қолданылуы шикізатты, табиғат бай-
лықтарын аяусыз пайдалануды ұлғайтты; 
2) Адамның сұраныстары мен қажеттіліктері шектен тыс күшейді, тех-
ника, әсіресе, әскери техника саясат саласында күшті құралға айналды; 
3)  Жеке  адамның  құндылығы  төмендеп,  оның  орнын  техника  жасаған 
құндылықтар басты; 
4)  Техникаға  табынудың  нәтижесінде  қоғамның  механизациялануы 
күшейіп, тұлғалық сипаты жоғала бастады; 
5)  Рациональданудың,  біржақты  мамандандырылудың  нәтижесінде 
адамның  жатгануы  пайда  болды,  адам  орасан  зор  технологияны  жалпы 
басқару  қабілетінен  айрылып,  жеке  функцияларды  атқарумен  шектелуге 
мәжбүр болды; 
6) Техникалық прогресс өркениет критериі ретінде қабылдана бастады, 
мәдени, ұлттық, діни құндылықтардың маңызы төмендеді; 
7)  Қорытып  айтқанда,  адам  қолымен  жасалған  техника  адамның  өзіне 
қарсы  тұрып,  оның  өміріне  қауіп  туғыза  бастады,  ол  адамның  ырқынан 
шығып,  өзіндік,  адам  дүниесінен  бөлек  дүние  қалыптастырды.  Техника 
адамды озімен санасуға мәжбүр етіп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет