Жануарлар морфологиясы, жануарлар физиологиясы және биохимиясы, ветеринариялық микробиология және вирусология, ветеринариялық гигиена және санитария, ветеринариялық фармакология токсикологиямен, жануарлар патологиясы, латын ветеринариялық терминологиясы, кәсіби бағытталған шетел тілі
Постреквизиттер:
Эпизоотология және инфекциялық аурулар, паразитология және инвазиялық аурулар, ветеринарлық санитарлық сараптау, соттық ветеринария, өнімді жануарлардың тәжірибелік хирургиясы
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: студенті теориялық біліммен, тәжірибелік дағдылармен, жануардың өнімділігін және сапасын көтеруге, операция кезінде клиникалық ой өрісін қалыптастыруға қажетті біліммен қамтамасыз ету.
Міндеттері: хирургиялық патологиялардың этиологиясын, дамуын зерттеу, бүкіл организмге немесе белгілі бір ағзалар мен жүйелердің ауруларын балау, емдеу және алдын алу әдістерін игеру.