Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



бет45/60
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118783
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60
Байланысты:
УМКД Вет хир (2ч) каз 2021-2022
музыка 2 , бжб 8 сынып 1-нұсқа
Флегмона – борпылдақ дәнекер ұлпаның жайылып қабынуы. Өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтеді. Студенттер осы сатыларын ауру малды зерттеп, клиникалық белгілерін анықтап, флегмонаға әр сатысына сәйкес ем қолданады.
Бірінші сатысы немесе сары-сулы сатысы. Клиникалық белгілері:
жұмсақ жайылған домбығу, жергілікті қызуы, ауырсынуы болады.
Емі. Әр түрлі жолдармен қыздыру, тітіркендіргіш май дәрілерін /скипидар, ихтиол/, новокаин-антибиотикалық тежеулер қолдану.
Екінші сатысы немесе торшаның шоғырлануы және торшадан кедергі құрылуы. Белгісі – домбығуы тығыз, ауырсынуы қатты, қызуы жоғары болады. Малдың күйі тұжырыңқы, жем-шөпке тәбеті төмен, дене қызуы көтеріледі.
Емі. Ұлпалардың кернеуін бәсеңдету ретінде флегмонаның бетін жансыздандырып екі-үш жерден ұзындығы 2-3 см дейін терінің шелі немесе шандырды қоса тіледі. Тілінген жерді ас тұзының 5-10% ерітіндісіне суланған дәкемен таңады. Қосымша басқа антисептикалық ерітінділерін де қолданады.
Үшінші сатысы немесе өліеттенудің өршеленуі және абсцесстелген сатысы. Белгісі – қатайған /ағаш тәрізді/ домбығу, кей жерлерде ошақталған жұмсару /абсцесстену/. Малдың жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы өте жоғары болады.
Емі. Флегмонаның бетін өңдеп, жансыздандырып абсцесс пайда болған жерді жарып, іріңін шығарып, өліеттерін сылып емдейді. Қуысын 400 дейін жылытылған 3% сутегі асқын тотығы, фурациллин 1:5000, 10-5% кальций хлорид ерітіндісіне дайындалған 5% калий перманганат, 0,2% хлоргексидин ерітінділерімен жуып шаяды.
Флегмонаның қуысын /асқазан сөлімен/ ірің, өліеттен тазарту үшін кәріз /дренаж/ қолданады. Кәрізді асқазан сөлімен немесе 0,5 новокаин ерітіндісіне дайындалған 2-5% трипсин және химотрипсин ерітінділерін пайдаланып жасайды.
Осындай жергілікті емдермен бірге жалпы антисептикалық әрекеттер жасалынады, төменгі көрсетілген дәрілерді қолданады – антибиотиктер, Кадыков, Оливков сұйықтары, 20% глюкоза, реополиглюкин, гемодез.
Бақылау сұрақтары:

  1. Абсцесстің негізгі клиникалық белгілері және емі қандай?

  2. Флегмонаның қанша сатысын білесіз, оларға сипаттама беріңдер?

  3. Жергілікті ем тәсілдері қандай?

  4. Флегмонаның жалпы емі?

3 зертханалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет