Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



бет53/60
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118783
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
Байланысты:
УМКД Вет хир (2ч) каз 2021-2022
музыка 2 , бжб 8 сынып 1-нұсқа
Бақылау сұрақтары:

  1. Буынның асептикалық қабынуын қалай анықтайды?

  2. Осы қабынудың емі қандай?

  3. Буынның іріңді қабынуын қалай анықтайды?

  4. Іріңді қабынудың емі қандай?

10 зертханалық сабақ
Тақырыбы: «Сүйек аурулары»
Сабақтың мақсаты: Сүйек ауруларын анықтап, емдеу әдістерін үйрету.
Жабдықтау. Тақырыпқа сәйкес ауру малдар, суреттер, рентгенограммалар; скальпель, пинцеттер, қайшылар, зондтар, сүт катетері, Фолькман қасығы, 5 және 20 гр шприцтер; 0,5, 0,2% новокаин ерітінділері, антисептикалық ерітінділер, 10% йодоформ, эфир, антибиотиктер, антисептикалық ұнталар, 5% йод тұнығы, йодоформды спирт, парафин, парафин еріткіш, корнцанг, 5% қара май /ихтиол/, синтомицин эмульсиясы, 10% натрий хлоры, стерильді тампондар, дәкелер, целлофан, гипс.
1 – ТАПСЫРМА. Периоститтерді анықтау және емдеу.
Тапсырманы орындау тәсілі
Жіті антисептикалық периоститтің төменгі белгілерін зерттеңдер – шектелген домбығу, ауырсыну, жергілікті қызуы көтерілуі.
Іріңді периоститте төменгі белгілері болады – малдың жалпы жағдайы тұжырыңқы, қатты ауырсыну, іріңді қаяу болуы мүмкін, зондпен зерттегенде сүйектің мұжылған орны білінеді.
Сүйектелген периостит қатты болып түйінделіп, ауырсынуы, қызуы болмайды. Жүйке зақымдалып, сіңір қажалса мал ақсауы мүмкін. Осы белгілермен ауруды анықтаңдар.
Емі. Жіті асептикалық периоститте бірінші күндері суық қолданыңдар, тығыз қылып таңу керек. Кейіннен жылулық қолданыңдар.
Іріңді периоститте антибиотик қолдану қаяудың өзегін антисептикалық ерітінділермен шаю, Фолькман қасығымен тазарту, 5% натрий хлорид ерітіндісімен дренаж жасау керек.
Сүйектелген периоститті қыздырып, күйдіріп емдеңдер, көбінесе операция жасап алып тастауға болады.

  1. – ТАПСЫРМА. Остеомиелитке диагноз қою және емдеу.

Тапсырманы орындау тәсілі
Остеомиелитте малдың жағдайы тұжырыңқы болады, дене қызуы көтеріңкі, аяқ сүйектері зақымдалғанда ақсау болады. Қолмен ұстап, басып, сипап төменгі белгілерін анықтаңдар: ауырсынуы, жергілікті қызуының көтерілуі, іріңді қаяулардың пайда болуы. Керек жағдайда рентген сәулесімен зерттейді.
Емі. Сүйек ішіне, бұлшықетке антибиотик, қан арқылы Кадыковтың камфорлы сары-суы; операция жасап қаяудың өзегін кеңейту, қуысын Фолькман қасығымен тазарту, 960 этилді спирттелген тампон қолдану, 10% натрий хлорын дренажға қолдану.

  1. – ТАПСЫРМА. Сынықты анықтау және емдеу. Тапсырманы орындау тәсілі

Алдымен рентгенограмманы зерттеп сынықтың түрін, қаншалықты күрделі екенін анықтаңдар. Сонан соң малдың сынған жерін, белгілерін зерттеңдер, олар – ісіну, ауырсыну, толық сынықтарда буынсыз жерден қозғалу, шықырлау, малды жүргізгенде ақсау.
Емі. Сынықтарды консервативтік және оперативтік әдістермен емдейді. Сүйектің сынған ұштары орнынан көп таймаған жағдайда, көбінесе жабық сынықтарда оны сыртынан келтіріп, бекітіп таңып, консервативтік ем қолданады.
Алдын-ала сынған жерді жансыздандырыңдар, миорелаксант қолданыңдар, осыдан кейін сынған сүйекті орнына келтіріңдер – репозиция, сыртынан таңғыш қалақ, гипс тағы басқа әдістермен қозғалмайтындай қылып таңып тастаңдар – иммобилизация, малға тиісті жағдай жасап, құнарлы жем-шөппен С,Д витаминдермен қамтамасыз етіңдер, қан арқылы 10% кальций хлоридін беріңдер – консолидация.
Ашық сынықтарда гипсті саңылау қалдырып салады. Күрделі сынықтарда оперативтік ем қолданады. Мұнда сүйектің өзегіне әр түрлі заттардан ағаштың жас бұтағы, темір, сүйектің ұнтағынан жасалған таяқшалар т.б. жасалған таяқшаларды енгізіп бекітеді, бұл операция остеосинтез деп аталады. Көбінесе остеосинтез ортан жілік және тоқпан жіліктердің сынығын емдеуде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет