Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Тақырыбы: Буын ауруларының жіктелуі, клиникалық белгілері, балау және емдеу әдістері. Сабақтың мақсаты



бет52/60
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118783
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
Байланысты:
УМКД Вет хир (2ч) каз 2021-2022

Тақырыбы: Буын ауруларының жіктелуі, клиникалық белгілері, балау және емдеу әдістері.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге буын ауруларын анықтау және емдеу әдістерін үйрету.
Жабдықтау. Тақырыпқа сай ауру малдар, суреттер; скальпель, пинцеттер, қайшылар, 5 және 20 гр шприцтер, инелер, 0,5% және 2% новокаин ерітінділері, антисептикалық ұнтақтар, асептикалық ерітінділер, антибиотиктер, 5% ихтиол /қара/ майы, 5% йод тұнығы, 960 этилді спирт, парафин қыздырғыш; стерилді тампондар, салфеткалар, дәке, мақта, целлофан, парафин.
2 – ТАПСЫРМА. Буынның асептикалық ауруларын анықтау және емдеу.
Тапсырманы орындау тәсілі
Жіті сары-сулы синовитті төменгі белгілермен анықтаңдар; аяқтың бүгіліп тұруы, жүргізгенде ақсауы, буынның ісінуі, ауырсынуы, жергілікті қызуының көтерілуі, басып көргенде былқылдауы. Гемартроз – жоғарғы айтылған белгілерден басқа көгеру және 3-4 күнінде шықырлау пайда болуымен сипатталады.
Созылмалы синовитте ауырсынуы, жергілікті қызуы болмайды, ал былқылдаған домбығу және ақсау жақсы білінеді.
Емі. Бұл аурулар асептикалық түрде өткендіктен асептикалық процесстердің емін қолданыңдар. Буынның қуысына гидрокортизон суспензиясын жіберген өте нәтижелі болады.
2 – ТАПСЫРМА. Буынның іріңді қабынуын анықтау және емдеу.
Тапсырманы орындау тәсілі
Іріңді жіті қабынуда мал аяғын бүгіп тұрады, жүргізгенде қатты ақсайды, жалпы жағдайы тұжырыңқы, дене қызуы болады. Буын ісініп, былқылдап тұрады, жергілікті қызуы көтеріледі, қатты ауырсынады.
Созылмалы іріңді қабынуда – буын аумағында қаяу болады, ісініп тұрады. Осы белгілерімен ауруды анықтаңдар, төменгі емді қолданыңдар: антибиотиктер, қан арқылы 10% кальций хлорид, 40% глюкоза, 330 этилді спирт ерітінділері.
Буынның қуысындағы іріңді инемен тесіп сорып алыңдар және ол инеге қарсы екінші инемен тесіп буын қуысын антисептикалық ерітінділермен шайыңдар. Сонда бір ине арқылы жіберілген ерітінді екінші иненің өзегінен шығып қуыс шайылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет