таңдалынған өлшеу құралдарының техникалық сипаттамалары;
әртүрлі ұзартқыш сымдар типтері мен ТК құрылығысы бар ӨК сұлбаларымен әр имитациялық тәжірибесі үшін келесілерді келтіру:
а) өлшенетін шаманың 50 мәнінен тұратын алынған сұрыптау;
б) өлшеу нәтижелерінің математикалық күтімін, дисперсиясын және ортаквадраттар ауытқуын есептеулері;
в) өлшенетін шаманың таралу диаграммасының сызбасы және кездейсоқ қателіктің алынған таралу заңы туралы пікір;
г) (1.1) формуласымен өлшеу нәтижелерін (имитациялық тәжірибенің) көрсету;
Термоэлектрод ұзартқыш сымдар, олардың міндеттері.
Стандартты термоэлектрод ұзартқыш сымдарының негізгі сипаттамалары.
ТК құрылығысының сұлбасы мен әрекет принципі.
Термопараның бос ұштарының температурасына түзету қандай мақсатпен енгізіледі?
Зертханалық жұмыс №7. Бірсанды тура және жанама өлшеулер нәтижелерін өңдеу
Жұмыс мақсаты: тура және жанама бірсанды өлшеулерді жоспарлау және орындаудың дағдыларын алу. Қойылған өлшеу есепті шешуін қамтамасыздандыратын өлшеу құралдарын таңдауды үйрену. Тура және жанама бірсанды өлшеулердің нәтижелерін өңдеу және дұрыс көрсету әдістерін оқу.
Зертханалық жұмысқа тапсырма
Келесідей тапсырмаларды орындаңыз:
өлшеу құралдарының виртуалды моделдері мен олардың техникалық сипаттамаларын оқыңыз;
осы өлшеу құралдары көмегімен берілген кіріс шаманы өлшеуге имитациялық тәжірибені өткізіңіз;
үш өлшеу құралдар (өзіңіздің таңдауыңызбен) көмегімен виртуалды зертханалық стендте өткізілетін тура өлшеулер нәтижелерінің қателіктерін есептеңіз;
бөлушінің бөлу коэффициентінің жанама әдісімен өлшеу нәтижесінің қателігін есептеңіз.