Коммерциялық


Зертханалық жұмысты орындау тәртібі



бет18/21
Дата14.04.2023
өлшемі1,98 Mb.
#174468
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Лабы все каз МССУК

Зертханалық жұмысты орындау тәртібі


  1. Зертханалық жұмысты орындау үшін оқытушыдан нұсқа нөмірін алыңыз; жүйеде тіркеліңіз:

  • Metlab.exe файлын жүктеңіз, студенттің тіркелу терезесі пайда болады;

  • өзіңіздің аты-жөніңізді енгізіңіз;

  • зертханалық жұмыстың берілген нұсқа нөмірін енгізіңіз;

  • «Начать» батырмасын басыңыз.

7.8 сурет – Коммутациялық құрылғы (КҚ) моделінің бет панелі

      1. Жұмыс тапсырмасы.

        1. Жеке өлшеу құралдар мен басқа қүрылғылардың моделдерінің зертханалық стендте орнатуларымен танысыңыз (7.9 сурет).

        2. Өлшеу құралдар мен қосымша қүрылғылардың моделдерін жұмысқа қосып олардың басқару органдарын сынап көріңіз.

      2. Бір ретті тура өлшеулерді орындау.

        1. Универсалды көректендіру көзінің шығысында салыстырмалы қателігі 1% артық болмайтындай тұрақты кернеуді өлшеу үшін зертханалық стендте вольтметрді таңдаңыз. Универсалды көректендіру көзінің шығысында кернеуді еркін 0 В-тен 30 В -қа дейінгі дипазонында орнатыуға болатынын есепке алыңыз.

Вольтметрді таңдаған кезде қолайлы болатын өлшеу диапазонын орнатып, коммутациялық құрылғы көмегімен вольтметрді универсалды көректендіру көзінің шығысына қосыңыз.
Универсалды көректендіру көзін қосып оның шығысында кернеу мәнін айтылған диапазонында орнатыңыз.
Вольтметр көрсетулерін жазып алыңыз, ол үшін «Провести измерение» батырмасын басыңыз.

    1. кестеге вольтметр көрсетулерін, оның типі мен дәлдік класын, таңдалынған өлшеу диапазонын, кірістегі сигнал мәнін жазыңыз.

Таңдалынған вольтметрде кіріс кернеуінің басқа мәндерімен 7.3.3.1 т. екі рет қайталаңыз.

        1. Абсолютты қателігі 2 мВ аспайтын гальваникалық элементтің ЭҚК-ін (ЭҚК мәні тұрақты және 1,3-тен 1,7 В-ке дейінгі диапазонында болады) өлшеуге зертханалық стендте вольтметрді таңдаңыз.

Вольтметрді таңдап қолайлы өлшеу диапазонын орнатыңыз, содан кейін коммутациялық құрылғы көмегімен вольтметрді ЭҚК көзінің шығысына қосыңыз.
«Провести измерение» батырмасын басып вольтметр көрсетулерін алыңыз.

    1. кестеге вольтметр көрсетулерін, оның типі мен дәлдік класын, таңдалынған өлшеу диапазонын, кірістегі сигнал мәнін жазыңыз.

Таңдалынған вольтметрде кіріс кернеуінің басқа мәндерімен 7.3.3.2 т. екі рет қайталаңыз.

        1. Салыстырмалы қателігі 0,5 % артық болмайтындай ауыспалы кернеу көзінің шығысында кернеу мәнін өлшеу үшін зертханалық стендте вольтметрді таңдаңыз.

Вольтметрді таңдап қолайлы өлшеу диапазонын орнатыңыз, содан кейін коммутациялық құрылғы көмегімен ауыспалы кернеу көзінің шығысына қосыңыз.
«Провести измерение» батырмасын басып вольтметр көрсетулерін алыңыз.
7.3 кестеге вольтметр көрсетулерін, оның типі мен дәлдік класын,

7.9 сурет – Виртуалды зертханалық стенд

таңдалынған өлшеу диапазонын, кірістегі сигнал мәнін жазыңыз.


Таңдалынған вольтметрде кіріс кернеуінің басқа мәндерімен 7.3.3.3 т. екі рет қайталаңыз.

      1. Жанама өлшеулерді орындау.

        1. Кернеу бөлгішінің бөлу коэффициентін жанама әдісімен өлшеуге зертханалық стендте вольтметрді таңдаңыз.

Вольтметрді таңдап, қолайлы өлшеу диапазонын орнатыңыз.
Коммутациялық құрылғы көмегімен бөлгішті кернеу көзінің шығысына қосыңыз.
Коммутациялық құрылғымен вольтметрді кезек-кезекпен бөлгіш кірісіне және шығысына қосыңыз, екі жағдайдада «Провести измерение» батырмасын басып, вольметр көрсетулерін алыңыз.



    1. к е с т е - Универсалды көректендіру көзінің шығысындағы кернеудің тура өлшеулері

      Вольтметр: типі дәлдік класы



      Кіріс
      кернеуі, В

      Вольт-р
      көрсету-рі, В

      Өлшеу
      диапазоны В

      Абсолют.
      қателік, В

      Салыстыр. қателік,
      %

      Өлшеу
      нәтижесі, В

      1



















      2



















      3



















    2. к е с т е - Гальваникалық элементтің ЭҚК тура өлшеулері

Вольтметр: типі дәлдік класы



Кіріс кернеуі,
В

Вольт-р көрсету-рі,
В

Өлшеу диапазоны
В

Абсолют. қателік,
В

Салыстыр. қателік,
%

Өлшеу нәтижесі,
В

1



















2



















3






















    1. к е с т е – Ауыспалы кернеудің тура өлшеулері

Вольтметр: типі дәлдік класы



Кіріс
кернеуі, В

Вольт-р
көрсету-рі, В

Өлшеу
диапазоны В

Абсолют.
қателік, В

Салыстыр. қателік,
%

Өлшеу
нәтижесі, В

1



















2



















3






















    1. кестеге вольтметр көрсетулерін, оның типі мен дәлдік класын, таңдалынған өлшеу диапазонын, кернеудің бөлгіші туралы мәліметтерді жазыңыз.

Таңдалынған вольтметрде кіріс кернеуінің басқа мәндерімен 7.3.4.1 т. екі рет қайталаңыз.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет