Коммерциялық


Температураны өлшеу каналының құрылымын таңдау және негіздеу



бет9/21
Дата14.04.2023
өлшемі1,98 Mb.
#174468
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Лабы все каз МССУК

Температураны өлшеу каналының құрылымын таңдау және негіздеу


Бұл бөлімде қоршаған ортаның келесідей параметрлерін: температура, қысым, ылғалдық, шаңдалу, электр қасиеттері есепке ала отырып өлшеу құрылғыларын таңдауы негізделеді.
Өлшеу құрылғыларын таңдағанда олардың дәлдігін, өлшеу диапазонын және жұмысқа қолдану шарттарын есепке алу керек.
Бірінші ретті түрлендіргішті таңдағанда келесіні есепке алу керек: 200 - 240 о С дейінгі температураларды өлшегенде өлшеудің жоғарғы дәлдік көз
қарасы жағынан бастапқы түрлендіргіш ретінде кедергі термометрлерді, ал 200 о С жоғары температураларды өлшегенде термоэлектр түрлендіргіштерді таңдаған жөн.
Екінші ретті түрлендіргіштер және аспаптар ретінде термоэлектр
түрлендіргіштермен бірге нормалау түрлендіргіштер, милливольтметрлер және автоматты потенциометрлер, ал кедергі термометрлермен бірге – нормалау түрлендіргіштер, автоматты көпірлер және логометрлер қолданылады.
Өлшенетін температураның берілген номиналды мәні бойынша бастапқы және нормалау түрлендіргіштердің өлшеу диапазоны мен екінші аспаптың шәкілін таңдайды; өлшеудің жоғарғы дәлдігін қамтамасыздандыру үшін екінші ретті аспапты нөлсіз шәкілімен, ал нормалау түрлендіргішті – нөлсіз түрлендіру диапазонымен таңдау дұрыс болатынын есепке алу керек. Сонымен бірге, өлшенетін температура өлшеу диапазонының (шәкілдің) екінші бөлігіне, өлшеудің немесе түрлендіру диапазонының жоғары шегіне жақынырақ түсуі керек.
Мүмкіндік болса, бір типті аспаптарды қолдану керек, сонда оларды пайдалану, оларға қызмет жасау және щиттарда құрастыру жеңілдеу болады.


    1. Өлшеу каналының қосынды қателігін есептеудің әдістемесі


Әдетте ақпараттық-өлшеу жүйелері бірнеше өлшеу каналдарынан (ӨК) тұрады. Олардың өзі бірнеше тізбектеліп қосылған өлшеу құралдарынан (ӨҚ): датчиктер, нормалау түрлендіргіштер, екінші ретті аспаптар, ЕЭМ-мен объекттің байланысу құрылғылары, т.с. тұрады.
Кез келген өлшеу каналын келесідей құрылымдық сұлба ретінде көрсетуге болады
 1  2  n


ӨҚ1
Х
ӨҚ2
Хөлш

ӨҚn
,

мұндағы ӨҚ1, ӨҚ2 – өлшеу канал құрамындағы өлшеу құралдары;
 1 ,  2 - олардың шығысына келтірілген ӨҚ-ың қателіктері.

Қателіктерді қосындылау үшін оларды өздерінің шекті мәндерімен емес, орта квадратты ауытқуларымен (ОКА) көрсету керек, сол кезде құрастырушы қателіктерінің кез келген санын қосындылауға мүмкіндік болады. Осы есептерді шешу үшін жалғыз бақылау негізінде дәлдік класы бойынша анықталатын ОКА мен қателік арасындағы қатынасты орнату керек.



      1. Өлшеу құралдардың қателіктері мен оларды нормалау.

ӨҚ қателіктерін классификациялау негізінде өлшеулердің қателіктерін классификациялаудағы белгілер қолданылады [3].

Технологиялық өлшеулерде дәлдік класын келтірілген қателіктер арқылы көрсету түрі көп тараған

 
X N

100%
, (3.1)



мұндағы  - % көрсетілген келтірілген қателік;
 - өлшенетін шама бірліктерімен көрсетілген абсолютты
қателік;
X N - өлшенетін шаманың нормалайтын мәні.
Бұл жағдайда нормативті-техникалық құжаттарында өлшеу құралының дәлдік класы пайызбен көрсетілген келтірілген қателікке тең болатын санмен белгілінеді.
Саны көп бақылаулардағы өлшеу нәтижелерін және олардың қателіктерін бағалау үшін ықтималдық теориясының математикалық аппараты қолданылатыны белгілі.
Бөлек өлшеу құралдарының Δi қателіктері кездейсоқ шамалар болады. Сондықтан өлшеу каналының қосынды қателігін құрастырушы Δi қателіктерінің арифметикалық қосындысы ретінде есептеуге болмайды, себебі бұл жағдайда қосынды қателіктің мәні аса көп болып кетеді. Сонымен бірге, қателіктерді қосындылағанда бөлек қателіктер арасындағы корреляциялық байланыстың бар болатынын есепке алу керек. Осы жағдайларға байланысты өлшеу каналының құрамындағы өлшеу құралының қателігі өзінің орта квадраттар ауытқулары арқылы көрсетілуі керек. Сонымен, i-ші өлшеу кұралының ОКА-ы (бұл жұмыста i=2) келесі өрнекпен есептеледі
    i , (3.2)
i k

мұндағы k – квантильді көбейткіш; оның шамасы өлшеу құралының негізгі қателігінің таңдалынған таралу заңымен және сенімді ықтималдық мәнімен анықталады.


Сонымен бірге қателіктердің аддитивті және мультипликативті құрамдастырушыларын қосуға ыңғайлы болу үшін ОКА-ды абсолютты түрде емес, қатынасты түрде көрсету керек. Сонда i-ші өлшеу кұралының қатынасты қателігінің ОКА-ы келесідей есептеледі

 
 i

, (3.3)


i X 100
мұндағы X - өлшенетін шама.
Қателіктер қосындысының ОКА-ы ықтималдық теориясынан белгілі өрнекпен анықталады



1 1 2 2
     2   2      2   , (3.4)

мұндағы ρ - корреляция коэффициенті.
Өлшеу каналының құрамындағы өлшеу құралдардың қателіктері корреляцияланбаған болса, ρ=0 және (3.4) формуласы келесі түрде жазылады

   
. (3.5)

Егер де өлшеу құралдардың қателіктері қатаң корреляцияланған болса, мысалы, кейбір әсер ететін параметрге бірдей тәуелді болса, ρ= 1, сонда (3.4) келесі түрде жазылады

1 1 2 2 1 2
     2   2      2         . (3.6)
Сонымен, қатаң корреляцияланған қателіктер геометриялық емес, алгебралық қосылады. Егер де корреляция коэффициентінің теріс таңбасы болса, қателіктер қосылмайды, алынады.

      1. Өлшеу каналының қосынды қателігін есептеудің практикалық ережелері.

        1. Есептеудің бастапқы мәліметтері ретінде өлшеу құралдарының қателіктерінің сипаттамалары алынады: Δi - өлшеу каналының құрамындағы әр өлшеу құралының абсолютты қателігі.

        2. Өлшеу құралдарының өлшеу қателіктерінің ОКА-ң мәндері

әуелі (3.2) абсолютты, содан кейін (3.3) қатынасты шамалармен көрсетілуі керек.

        1. Корреляциялану дәрежесі бойынша қателіктер екі түрге бөлінеді:

      • қатаң корреляцияланған ρ = 0,7 - 1,0;

      • әлсіз корреляцияланған ρ  0,7.

        1. Қатаң корреляцияланған қателіктер (3.6) формуласымен, басқалары (35) формуласымен қосылады.

        2. Қатаң корреляцияланған қателіктер тобын басқалармен (3.6) формуласымен қосады.

        3. Өлшеу каналының қосынды қатынасты қателігі P ықтималдығымен орналасатын сенімді интервалы келесі формуламен есептеледі

ик k  , (3.7)
мұндағы k - квантильді көбейткіш;


   - (3.4) формуласымен есептелетін өлшеу каналының
қатынасты қосынды қателігінің ОКА-ы.

        1. Өлшеу каналының (ӨК) қосынды абсолютты қателігі P ықтималдығымен орналасатын сенімді интервалы келесі формуламен есептеледі

  k   X
. (3.8)

ÎÊ
100

        1. Өлшеу нәтижелерін (1.1) түрде көрсету керек.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет