Дидактикалық ойын. Қоңыр баспалдақ.
Мақсаты: қалың-жұқа ұғымын дамыту. Заттарды көзбен салыстыра отырып, баспалдақ жасау.
Сергіту сәт.
Бір,екі,үш,төрт,бес,алты,
Алтыға дейін санайық.
Аласа,аласа отырайық,
Биікке,биікке тартылайық.
Иығымызды түзейік,
Көтерейік түсірейік.
Оңға,солға бұрылып,
Тізеге қолды тигізейік.
Отырып-тұрып, отырып-тұрып,
Өз орнымызға жетейік.
III. Дәптермен жұмыс.
1.Суреттегі заттардың ең биігін ең аласасымен қос. Ең аласа затты боя. Заттардың ең жуанын жіңішкесімен қос. Ең жуан затты боя.
Мақсаты: суреттегі ең биік және ең аласа заттарды ажырату. Заттардың жуан-жіңішкесін салыстыру.
2.Суреттегі заттардың ең қысқасын ең ұзынымен қос. Ең ұзын затты боя.
Мақсаты: заттардың қысқасын ұзынымен қосу арқылы ұзын-қысқа ұғымын қалыптастыру.
3. Цифрлар мен нүктелерді тиісті заттар санымен қос.
Мақсаты: суреттегі заттарды санай отырып, қанша зат болса сол санмен немесе нүктемен қосу.
IV. Сурет арқылы сұрақ жауап әдісі.
Балалар сіздерге бірнеше суреттер көрсетемін сол суреттер арқылы бүгінгі оқу іс-әрекетімізді қорытындылаймыз.
0-ден 6-ға дейінгі сандарды кему ретімен қою. 0 санының орналасу реті.
0 саны қандай мағынаны білдіреді?
Суреттегі екі жолды салыстырыңыздар?
Үйдің терезесі қандай?
Қоян мен мысықты сипаттау.
Қорытынды . Сонымен, бұл оқу іс-әрекетінде бала өзін қоршаған ортадан, күнделікті тіршілік тынысынан биік - аласа, үлкен - кіші, кең - тар, ұзын - қысқа қатынастарын танып - біліп, заттарды салыстырып, ажыратуды меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |