Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын



бет1/3
Дата01.08.2017
өлшемі214,34 Kb.
#22510
  1   2   3
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

№ 8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы тәрбиешісі Сұлтанғалиева Фариза Мұхамбетжанқызы, Атырау қаласы


Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру



Тақырыбы: Биік- аласа,Қалың-жұқа.Кең-тap. 0-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігіне, ұзындығына, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға жаттықтыру.

Мақсаты: Балаларды заттар мен шамаларды салыстыра білуге үйрету. Биік - аласа, кең - тар, ұзын - қысқа деген сөздерді пайдалана отырып салыстыру, заттарды көзбен салыстыру, бір-бірінің үстіне қою, бастыру арқылы салыстыруды үйрету. Монтессори элементтерін қолдана отырып балалардың ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Балалардың қол моторикасын дамыту.Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбері, теңестіру, салыстыру, бастыру, сергіту жаттығуы.

сұрақ-жауап.



Көрнекілігі: монтессори элементтері, тақырыпқа байланысты суреттер.

Жүру барысы

  1. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері. Балалармен бірге амандасу.

Күннен қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден қуат алайық,

Алақанға салайық.

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Бәрін-бәрін жинап алып,

Бойымызға жинайық

Тәрбиеші: балалар топтың іші қандай?

Балалар: кең, жарық.

Тәрбиеші: ендеше балалар біздің бүгінгі іс-әрекетіміз математикалық сөздер деп аталады. Оған ұзын-қысқа, биік-аласа, кең-тар,қалың-жұқа ұғымдары жатады.

Тәрбиеші: балалар экранға назар аударайық. Суреттерді салыстыру арқылы қандай ұғымды



білдіретіндерін айтамыз. Слайд.

Тәрбиеші: балалар нешеге дейін санап білесіңдер? Сол сандарды үш тілде санап берейік.

II. Сабақ мазмұны: Монтессори элементтерімен жұмыс. Презентация көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет