Тәрбие сағатының түрі: жаңа ұғымдарды талдау, талқылау.
Әдісі: проблемалық, ой қозғау, эвристикалық.
Көрнекілігі: слайд,ой қозғау тапсырмалары, «Бейбітшіл ел – Қазақстан» моделі, қосымша көрнекіліктер.
Тәрбие сағатының барысында I. Ұйымдастыру бөлімі. Сыныпты үш топқа бөліп, «Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз»
деген ұранды ұстанып жұмысымызды бастадық.
II. Негізгі бөлім. 1.Топтарға тапсырмалар беру арқылы «Бейбітшіл ел – Қазақстан» атты елдің моделі құрылды, ол үшін:
А) Күн : Бақытты балалық шақ деген не?
Ә) Видеоролик көрсетілді. (жетім бала туралы). Оқушыларға өмірде қатыгез адамдардың бар екендігі түсіндірілді.
Б) Бұлттар: Зорлықтың қандай түрлері бар?
В) Ашық аспан: «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» болу үшін не керек?
Г) Шаңырақ: Жанұяларыңыздың қандай болғанын қалайсындар?
Д) Тал: «Бала құқығы» ағашын жасаңдар, қаңдай құқықтарың бар?
2. 16 қараша – толлеранттылық күні екенін айта кетіп, «толерантты тұлға» қандай болу керек деген сұраққа жауап алу.
III. Қорытынды бөлім. Міне, осындай болу керек Қазақстан! деп , «Менің Қазақстаным» атты слайдты көрсете отырып, Қазақстанның қандай ел болу керектігін оқушылар ойларын айтты.
Ашық тәрбие сағаты осы заман талабына сай өткізілді және алға қойылған мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.