Картотека №22
Аулада
Мақсаты: Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту.
Қажетті құралдар: Ойыншық қораз, тауық, қаз, торғай.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды және сәйкес суреттерді көрсетеді.
Ақ тауық ау ақ тауық
Ақ тауық неден қақсауық
Ертемен қыт - қыттайды
Ауламыздан шықпайды.
Балпаң басқан үйрегім
Бұлтыңдайды бүйрегің
Жалпақ тұмсық жем іздеп
Қырқылдайсың,қоймайсың
Тамаққа бір тоймайсың.
Торғай – торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі томпайып,
«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті – қолын жуады.
Мяу – мяу, мяу – мяу.
Картотека №23
Ән – жыр
Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік белсенділігін, еліктеу бойынша дыбыс тіркесін және дыбыстарды айта білуін дамыту.
Қажетті құралдар: Бұзау, лақ, қозы, бота.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқып ойыншық кейіпкерлерді көрсетеді. Өлең ішіндегі еліктеу сөздерді балаларға қайталатып үйретеді.
Әнші төлдер
Жайылымнан кешкілік
Жамырады бес түлік.
Төңірекке тараған
Төлдер әнін естідік.
«Мә-мә» деген әні бар,
Секірер ор, жары бар.
Селтеңдеген лағым
Секіргіш бір жануар.
«Мәә-мәә» деген әні бар,
Жібек тоны - сәні бар.
Қошақаным момақан,
Сүйкімді бір жануар.
«Бөө-бөө» деген әні бар,
Енесін тез сағынар.
Жібек жүнді ботақан,
Мөлдір көзді жануар.
«Мөө-мөө» деген әні бар,
Үй маңынан табылар.
Ойқастаған бұзауым,
Ойнақтағыш жануар.
«Күмбірлеген» әні бар,
Желкілдеген жалы бар,
Желдей өсіп құлыншақ,
Желмен шапқан жануар.
Әдібай Табылдиев
Өлең соңында балалардан қай жануар қалай дыбыстайтынын сұрап, пысықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |