Картотека №17
Асықпай ойлан
Мақсаты: Балаларға тез ойлауына бірнеше тапсырмалар беріледі, және сөзде берілген дыбысты анықтаушылығын тексеру
Ойын барысы:
«Бал» сөзіндегі соңғы дыбысқа сөз ойлап табу.
Қар сөзіндегі соңғы дыбысы бар құстың атын есіңе түсір (торғай, тырна, қарға...)
Бірінші дыбысы қ – болатындай, соңғы дыбысы Ш болатындай сөздерді ойлап тап. (Қарандаш, Қәмәш, қамшы, қайшы…)
Егер ТО-ға бір дыбысты қосса қандай сөз болады? (тон, тор, тоқ, топ) Барлық сөздер бірдей дыбыстардан басталғандай сөйлем құрастыр: ж - Жазда Жанат және Жанар жылғаның жағасында жарысып жүгірді.
Достарыңызбен бөлісу: |