Картотека №12
З Сыздық судан сүлік сүзді,
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Салмадан сүлік сытылып шығып,
Суға түсіп, сумаңдап жүзді.
Картотека №13
Кім жақсы тыңдайды?
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеуді үйрету.
Ойын барысы:
1 - нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырымен қарап тұрады, сосын тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж дыбысымен, 5 –керекті дыбыстар жоқ).
Сөздер: шалқан, айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып.
Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды. Соңында ең зейінді баланы белгілейді.
2 - нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында жеңімпазды атайды.
3 - нұсқа.
Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен, екіншіге ж дыбысымен. Сөздерді ең көп және дұрыс атаған бала жеңеді.
Достарыңызбен бөлісу: |