Коммуникативтік дағдылар – медициналық қызметкердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары мен туысқандарымен, әріптестерімен және т.б.) тиісті дәрежеде қарым – қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
Қатынасуда субектілер (адамдар) сөз, мимка және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация – адамдардың қатынасу үшін белгі (знак) жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербальды емес коммуникация – қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану (жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым -қатынасқа түскен алдамдар сұхбаттаса келе, бірін – бірі түсініп, танысады. Өзара қарым – қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әрқайсысы субъектерінде саналады.
Қатынасу арқылы адамдар бір – бірімен коммуникативтік тұрғыдан әсер ететуі мүмкін. Адамдардың бір – бірімен араласуында түрлі әлеуметтік және психологиялық спецификалық комумуникативтік кедергілер байқалуы мүмкін. Оның себептері – қатынасқан адамдардың, бір – бірінен қатты айырмашылығы болуы, оның ішінде: бірін – бірі түсінбеуі және мамандық, саясчи, діни, әлеуметтік көзқарастарының болуы. Коммуникативтік кедергілер тек психологиялық негізінде де дамуы мүмкін, олар адамдардың жекеше (индивидуальды)психологгиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |