Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз



бет34/45
Дата09.03.2023
өлшемі89,76 Kb.
#171558
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
эссе 9 сынып

40.М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз
Әже. Әже ата – ананың анасы, үйдің үлкені, мейірімі мол, құшағы кең, ақылы сара, өзі дана, немере мен шөберелердің сүйікті жаны. Десе де қазақ әдебиетінде әже жайлы өлең жазып, прозаға қосу ХХ ғасырда қолға алынды. Оған себеп – бірінен соң бірі жалғасқан тарихи әлеуметтік жағдай.
Әжелер өнегесі мен олардың тәлім – тәрбие ұрығын себуші, ұлттық салт – дәстүрді кейінгі ұрпаққа аманаттаушы ретінде ешкім қайталай алмайтын бейнесі XVI – XVIII ғасырларда – ақ айқындалып, ХХ ғасырдағы қазақ прозасында, поэзиясында анық көрініс табуына елеулі әсер етті. Ел тарихында бір рулы елге ана болып, ел бірлігін сақтап келген Домалақ ана, Абайдың әжесі Зере секілді әжелердің бейнесі аңыз – әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған. Әжелер туралы жазылған өлеңдер де көп. Әнге айналғандары қаншама?! Мәселен, М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе», Қ.Мырзалиевтың «Асыл әже», Н.Нәжмеденовтың «Әжеме», Ербол Бейілхан «Әже», С.Жиенбаетың «Таба нан» тағы басқа әже тақырыбындағы өлеңдері.
М.Мақатаетың «Ақ кимешек көрінсе» деген әже туралы өлеңіндегі әже туралы ойлар жоғарыдағы аты аталған туындылардағы әжелер бейнесімен байланысы қандай? Аталмыш шығармалардағы әжелер – «Әлемдегі әженің бәрі бір ме?!» деп Мұқағали ақын айтқандай, таққа отырып ел басқармағанымен, ерінен бұрын сөз бастамағанымен, барлық тәрбиенің, барлық құндылықтың бастауында тұрады. Әжелер өнегесі – ұрпақтан – ұқпаққа ұласып, ғасырдан – ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі болып саналады. Обал, сауап, ынсап, парыз, аманат, борыш, қанағат секілді ұғымдар маңызының айқындалып, бала санасына терең сіңуіне әже ықпалы зор екендігі сөз болады. Өз жұртының дәстүрін күзеткен әжелерге деген сағыныш, ерекше құрмет анық байқалады. Көнеден жаңаға бет алған әжелер образы қазақ халқының салт – дәстүрімен, тәлім – тәрбиесімен тығыз байланысты. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әженің орны, әженің рөлі айтарлықтай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет