|
Сал-серілердің(əәнші-ақындар) көтерген мəәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңызБайланысты: Esse - zharatylystanu ba 1171 yty13.Сал-серілердің(əәнші-ақындар) көтерген мəәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз
Қазақ поэзиясының ерекше дамыған кезі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы.
Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясының басында сал-сері-лер (əәнші-ақындар) шығармашылығы кең етік
алды. Сал-серілер шығарма-шылығы сан түрлі өнер салаларын тығыз байланыстырған ерекше
сипаты бар мұра болып табылады. Сал-серілер əәдебиет тарихында да, музыка өнері тарихында да
есімдері алтын əәріппен жазылып, халықтың ерекше ықыласы-на, сүйіспеншілігіне бөленген талант
иелері. Сал-серілердің өзіндік ерекшеліктері мынада: олар өлең жазады, өз өлеңдеріне əән шығарады,
сол əәндерді өздері орындап, халық арасына таратады. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр-дың арасында
Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Мұхит Мералыұлы тəәрізді бірқатар сал-серілер
атағы кең жайылған болатын. Одан беріректе əәйгілі Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы, Иманжүсіп
Құтпанұлы, Балуан шолақ Баймырзаұлы, ƏӘсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы сынды
өнерпаздар өздеріне дейінгі сал-серілер дəәстүрін жалғастыра түскен болатын. Олардың өз
дəәуірінің мазмұны мен сипаты сəәйкес өзіндік ерекшеліктері, бұрынғы сал-серілерге ұқсайтын да,
ұқсамайтын да сипаттары мол еді. Олар-дың шығармалары ерекше əәсерлі болған, сол себепті де
халық арасында кең тараған.
ƏӘрбір сал-серілердің көтерген мəәслесі, қозғаған тақырыбы, көркем ойлау қабілеті өзгеге
ұқсамайтын өрнектерімен ерекшеленеді. Олардың барынша ортақ бір мəәселесі – өз шығармалары
арқылы заман шындығын, қоғамдағы əәлеуметтік теңсіздікті, əәділетсіздікті шыншылдықпен
жырлау болды. Олар өздерінің айналасындағы жағдайды жіті көре білді, ойларын батыл айтып
отырды.
Өз дəәуіріндегі əәлеуметтік теңсіздік пен адамдар араындағы əәділетсіз қарым-қатынасты, бай
адамдардың əәлсіздерге жасаған жамандығын жырлауға келгенде, Жаяу Мұса Байжанұлы ерекше
жарқырап көрінді. Ол өз басынан өткен жайттарды негізге ала отырып, ағайынның алауыздығы,
көре алмаушылық, өтірік пен өсек, бірлік пен татулықтың жоқтығы сияқты құбылыстарды батыл
сынады. Сол үшін қуғынға да түсті, таяққа да жығылды. Бұл тақырып Ақан сері мен Біржан
салдың шығармашылық мұра-сында молынан қамтылған болатын. Олар да таяқ жеп, қысы көрген.
Ақан сері осындай қысымның кесірінен Құлагерінен айырылып, қарта
йған шағын мұң-шермен
өткізді.
Сонымен бірге адам баласының өмірі, тіршілігі, көңіл-күйлері, жастық шақ пен махаббат сезімі
жайындағы мəәселелер де сал-серілердің назарынан сырт қалмады. Халқына əәрі ақын, əәрі əәнші, əәрі
сазгер ретінде танылған, ұрпақтарына аса мол қолдырған сал-серілердің шығармашылығы
əәдебиетіміз бен мəәдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан аса құдіретті құбылыстардың бірі
болды. Сонымен қатар, олардың өзекті тақырыбы – туған елі, оған деген сүйіспешілігі, елдің бірлігі,
бүтіндігі, тұтастығы. Ел басында күн туғанда қолдарына қару алып, жорыққа бірге аттанды, ру-
тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты. Шығармаларында
ерлікті мадақтады, қаза болған батырларды жоқтап, ел қайғысымен бөлісті.
|
|
|