Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға



Pdf көрінісі
бет16/50
Дата11.05.2020
өлшемі1,07 Mb.
#67106
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
Байланысты:
Esse - zharatylystanu ba 1171 yty

16.Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға 

дəәлелдер келтіре жазыңдар 

Жаяу Мұсаның Байжанұлының “Ақ сисасын” білмейтін исі қазақ жоқ шығар. Бұл – қазақ 

топырағындағы теперішті тағдырдан хабар беретін сом туынды. “Ақ сиса” – өз уақытындағы 

қоғамдық бүлік пен күрестің гимніне айналған атышулы өлең. “Ақ сиса” сияқты əәлеуметтік 

теңсіздікті əәшкерлеген өлеңді күні бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайды. Ақын, Жаяу Мұсаның өмірін 

кеңінен зерттеп жүрген Ғалым Жайлыбайдың айтуынша, “Ақ сиса”-жеңілдікті көтермейтін 

шығарма. ƏӘннің бойында қазақтың қамын жеген қайраткердің басындағы тратегия ғана емес, 

бүкіл қазақ халқының “əәлімжеттік” кезеңдегі жағдайы сипатталған. Бұл өмір бойы тауқымет 

тартқан ақын-сазгердің елі үшін жанайқайы іспетті. Бірақ Жаяу Мұсаның бұл өлеңі қиянатқа 

қарсы жазылғанымен, мұнда оптимистік ой-толғамдар бар ма? 

Негізінен, бұл өлең оптимистік рухтан туған өлең. Осы өлеңнің тарихына жүгінсек, Бір күні Жаяу 

Мұса ауылдарының тұсынан өтіп бара жатқанда, Шормановтар астындағы атын тартып алып, 

өзін көк ала қойдай етіп сабап жібереді. Бірақ Мұса Шормановтар тұқымының мұндай зорлығына 

жасқанып, жасымайды. Мұса ат орнына қолына таяғын алып, жаяу-ақ ел аралап, əән шырқап жүре 

береді. Осы жерден Мұсаның оптимистік көңіл-күйін байқауға болады. Оның өлеңінде мынандай 

жолдар бар: 

“Шорманның Мұстапасы атымды алып,  

Атандым сол себептен Жаяу Мұса”. 

Шормановтар оның атын тартып алып, “Жаяу Мұса” атандырғанымен, асқақ əәніне тұсау сала 

алмайды. 

“Жылансын екі басты ел жалмаған, 

Қоймаймын, не қылсаңда, айтар сөзім, ” деп Шорман тұқымының зорлық-зомбылығына деген ыза-

кектің əәсерінен композитордың күрделі шығармаларының бірі екенімен келісесіз бе? ƏӘрине, бұл – 

теңсіздікке, зорлықшыл, қиянатшыл үстем таптардың іс-əәрекеттеріне деген наразылық пен ыза-

кектің уытты күшін көрсететін əәлеуметтік мəәні зор əән. Батыл, сонымен қатар оптимистік 

рухтан туған бұл əән дұшпанға бітіспес кектіғана емес, шындық пен əәділеттіліктің жаршысындай 

естіледі. Қазақ даласындағы феодалдық тұрмыс жағдайды сынайтын əәуезді туынды. “Ақ сиса” əәні 

композитор шығармашылығының биік шыңы. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет