Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


Мəәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы



Pdf көрінісі
бет7/50
Дата11.05.2020
өлшемі1,07 Mb.
#67106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
Esse - zharatylystanu ba 1171 yty

7.Мəәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы 

жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз. 

ƏӘдебиеттегі өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін қаламгердің бірі ауыз əәдебиетінің 

үлгілерін жинақтап, жазба əәдебиетіне айналдырған – Мəәшһүр Жүсіп Көпейұлы.Ақынның халық 

көкейіндегі мұң-зарын жеткізген, əәлеуметтік мəәселелерді сөз еткен туындылары көп.Соның бірі 

мысал жанрындағы «Ғибратнама» өлеңі еді. 

 Менің ойымша, өлеңнің «Ғибратнама» аталуында терең мəән жатқан сияқты. Себебі, ақын 

осы өлеңі арқылы халқын қоғамның түрлі дүрбелеңінен арашалап алар жолды көрсетеді.Өлеңнің 

басты өзектілігі де осында жатыр деп ойлаймын.Біріншеден, ақын өзін бұлбұл бейнесінде ала 

отырып, өзінің ішкі ойын жеткізеді.Өзінің диалогіне қаршығаны таңдауы тегіннен емес деп 

ойлаймын.Себебі, қаршыға да мықты құстардың бірі.ƏӘр заманда кездесетін өзі мықты бола тұра, 

өзінің аузын бағып үндемейтіндерді астарлап көрсетеді. Мықты болып, елге, айналаңа пайдаң 

тимесе, мықтылығыңның құны көк тиін екендігін бұл шығарманы оқи отырып бағамдаймыз. 

Бұлбұлға: «Тілің жоқ мен секілді мылқау болсаң, Бір күні мың мұратты табар едің»- дейді.Бұдан 

қаршығаның өз мүддесін көксеген бейнесін аңғарамыз.  

Өлеңдегі бұлбұл əәдемілікті аңсайтын, күнде əәр гүлдің ашылуын сабырмен күтетін  шыдамды 

бейнеде көрінеді.Сол əәдемілік үшін, əәдемі гүлдің жұпар иісі үшін тікенекке де төзген бұлбұл, ең 

алдыменен, төзімділік қасиетінің жоғары екендігін көрсетеді.Менің ойымша, бұлбұл жеке бастың 

қамын емес, елдің қамын ойлайтын , мейірімді бейнеде көрінеді.Бұл арқылы автор бұлбұлды ел 

бостандығы мен тыныш өмірі үшін күрескер бейнесін көрсеткендей деп ойлаймын.Бұлбұлдың 

қаршығаға: «Сен ақымақ тамақ үшін болған сарсаң, Арбакеш сарттарға құл болғанша, Онан да 

жақсы емес пе өле қалсаң» дегені қаршыға мен бұлбұлдың жан дүниесінің, мақсатының 

арақатынасын ашып көрсетіп тұр емес пе?  

Қорыта келгенде, ақын біреудің тасасында үндемей жүре бергенше, бұлбұлдай сайрап өтуді 

өмірлік мақсат-мұрат тұтады.Соны болашаққа үлгі етеді.Бұлбұлдың бойындағы төзімділік, 

шыдамдылық, сабарлылық қасиеттерді бойымызға дарыта білейік! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет