Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


Қашаған  Күржіманұлының  «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі əәлеуметтік  мəәселелерді



Pdf көрінісі
бет4/50
Дата11.05.2020
өлшемі1,07 Mb.
#67106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Esse - zharatylystanu ba 1171 yty

 

 

 

4.Қашаған  Күржіманұлының  «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі əәлеуметтік  мəәселелерді 

талдаңыз. 

Адам    бойына    біткен    сараңдық,  өзгені  қойып,  дүние-байлығын  өзіне  қимай  құл  етеді. 

Қазақтың  осындайларды    «дүниенің  құлы»  деп  жататыны  осыдан.  Осындай  жағымсыз  

қасиеттерге  бой алдырған жандарды  Қашаған  Күржіманұлы   ащы  сынға  алған екен.  Ендеше 

ақынның өлеңдеріндегі  əәлеуметтік   мəәселелерді қарастырып  көрелік.   

Ақын  жоғарыда    айтылған    ойды  «Байларға»    деген  өлеңде    кеңінен  жырлаған.  Байлардың 

барлық  мінез-құлықтарын  осы  өлеңде  ашып  береді.  Дəәулеті    асып    тұрса    да,      сараңдығы    асқан  

байларды былай  деп  сынайды: 

Кейбір байды қарасаң, 

Қорасында мал толы, 

Үйінде ішер тағам жоқ, 

Тағам жоқтан жаман жоқ...  деп ақынның сыншыл-ойлы,  өлеңінде сараң байларды өмір шындығы 

аясында бейнелеген. Сараң  екенін  табағынан  таны  демекші, қора толған мал толса да өзіне 

ішерге ас  бұйыртпай  отырғанын сынаған.  Қарап  отырсам, адам байлықты   қызығын  көру  үшін  

жимай  ма?  Дəәулеттің  ортасында  отырып ішерге  ас таппау,  сорақы болмай  не болсын?   Адам  

ғұмыры   қамшының  сабындай ғана  қысқа  екенін  ұмытпаған жөн. Сондықтан  да тəәңірдің  

бұйыртқан  сый-сияпатын  барынша  пайдаланып,  іске  жарату  керек  деп  ойлаймын.     

Осындай  жалынды,  сыншыл  өлеңдерінің    бірін  Қашаған  Оразалы  деген  бай  ағайынына 

арнаған  екен.    Бай  болса  да    жарлының  кейпін  кешіп,  мал  соңында  отыруын  ақын  мысқылдап 

шенеген. Оған  мысал, өлеңнің  мына  бір  жолдары: 

Қара ұннан көже ашытып,  

Балқара деп қануын – Қарашы...  деген.  Өлеңнің бұл  жолдарын  оқығанда өзі бір жиіркенішті  сезім  

шақырады екен.    Бай  - дəәулеті  асып  тұрған  адамның қара  ұннан  көже  ішіп отырғаны барып 

тұрған  азғындық  қой.  Тіпті    Қашағанның    сынаған    образдарына  жаным  ашиды    десем,    артық  

айтпағаным болар.   Кедейдің  аш  отырғаны  жоқтықтан  дейсін, ал байлығы мен  дəәулеті  асып  

тұрып  ішер  асына  тарылғаны аянышты деп ойлаймын.  

Қашаған  заман  сырын  сезіне  алды,  уақыттың  өтпелілігін  ұғына  білді.  Жоғарыда    айтқан  

Оразалыға  жəәне  Байларға  өлеңдерінің əәлеуметтік мəәселесі    байлардың  сараң, дүниекоңыздығы 

болып    табылады.    Олар  мал-дəәулеті  шалқып  жатса  да,  дүние  рақатын  көрмей  өтер  шықбермес 

сараң жандар екенін  көрсетеді. Өкінішке  орай,   бұл  мəәселе  бүгінгі  күні де жалғасын тауып келе  

жатыр.    Қазір    де    осы    сыналған    образдарды    өмірде    жиі    кездестіреміз.  Материалдық  

құндылықтарды  бəәріненде жоғары  қоятын  жандар  аз емес екені аян. Пайда қуған адам шыншыл 

да, принципшіл де,  өз парызына адал да бола алмайтыны  анық. 

 Қорытындылай  келе айтарым,   Қашаған  ақын сынға  алған  қасиеттерден  аулақ  болайық. 

Байлық    пен  дəәулет    тұрақсыз    екенін    ұмытпаған  жөн.    Дүниенің  құлы  болмай,    барға    қанағат  

еткен    дұрыс.  Соңымыздан    көл    көсір    байлық    қалғанша,    жас    жеткіншек  ұрпақтарға    үлгі  

боларлық  өнегелі іс қалсын!  

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет