Компьютерлік лингвистиканың зерттеу мақсаты – ЭЕМ-да қарым-қатынас жасау үшін жасанды тілдердің құрылуымен байланысты компьютерлік технологияның лингвистикалық мәселелелерін шешу, бағдарламаларды лингвистикалық құралдармен қамту, мәліметтер жиынтығын құру, түрлі сөздіктер мен глоссарийлер құрастыру, мәтіндерді өңдеу алгоритмі, тілдік семантикалық кодын ескер отырып, түрлі тілдік үрдістерді үлгілеу. Компьютерлік лингвистика ерекше ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың 60-жылдары пайда болды. Стэндфорд және Нью-Йорк университеттерінде (АҚШ) алғаш рет тілдерді ЭЕМ-да оқытудың алғышарттары жасалған. Дәл осы жылдары «табиғи тілдерді өңдеу» атты қолданбалы бағыт пайда болды. Компьютерлік лингвистика мәселесі тар мағынасында «жасанды интеллект» ғылыми-техникалық пәні аясында дамыды. «Табиғи тілдерді өңдеу» сөз тіркесі компьютердің тілдік мәліметтерді өңдеу үшін қолданылатын барлық салаларын қамтиды.
Компьтерлік лингвистиканың маңызды мәселелерінің бірі – автоматты оқылатын лингвистикалық жүйені анықтау. Өкінішке орай, ғылыми және арнайы әдебиеттерде бұл ұғымның анқытамасы жоқ. Алайда «оқытушы лингвистикалық автомат» деген ұғым бар, осы терминнің авторы Р.Г. Пиотровскийдің пікірінше, оған автоматты мәтін өңдеудің жан-жақты жүйесі, тілді оқыту барысында қолданылатын және оны қолдайтын (компьютер, аудио- және видеоқұралдар) мәтін редакторы мен басқа бағдарлама құралдары кіреді.
Оқытатын лингвистикалық автоматты қолданудың екі қыры бар:
бихевиористтік – бұрыннан бар дәстүрлі оқыту бағдарламаларын жасау барысында жүзеге асады. Оларда алдын ала берілген құрылымдар бар, оқытушылардың өздері авторлық бағдарлама негізінде нақты грамматиканың бөлімін оқытуда немесе үйренущшілердің лексикалық білімін тексеруде қойылымдық сипаттағы жаттығулар көмегімен, сонымен бірге компьютерлік тестпен жасай алады.
когнитивті-интеллектуалдық – тілдерді оқытуды компьтермен қамту, мәтінді автоматты түрде өңдеуге арналған жан-жақты бағдарлама жасауды қарастырады. Бұл жерде лингвостатистика әдісін, семантикалық жүйені, семантика-синтаксистік фреймдерді, автоматты оқу сөздіктерін, грамматикалық кестелерді қолданылады.
Тілдерді оқыту үрдісіне компьютерлерді ендірудің теориялық мәселелері компьютерлік лингводидактиканың зерттеу пәні болып табылады. Қазіргі кезде оны анықтаудың екі қыры бар: алгоритмдік және когнитивті-интеллектуалдық. Олардың негізінде жасалған оқытудың компьютерлік құралдары келесі параметрлермен ерекшеленеді: - тілдерді меңгерту үрдісінде компьютердің функционалды мүмкіндіктерін жүзеге асыру деңгейі; - компьютерді қолданушы мен компьютердің өзара қарым-қатынасының интерактивтілік деңгейі; - танымдық әрекеттің түрлі модельдеріне бейімделу