Компьютерлiк оқытушы жүйесiне қойылатын негiзгi педагогикалық-психологиялық талаптар


Психологиялық-педагогикалық талаптарды ќарастырайыќ



бет2/7
Дата11.12.2021
өлшемі26,73 Kb.
#79117
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Компьютерлiк оқытушы жүйесiне қойылатын негiзгi педагогикалық

Психологиялық-педагогикалық талаптарды ќарастырайыќ.

Психология көзқарасы түрғы-сынан қарағанда компьютерлiк оқытушы жүйелерге қойылатын ең негiзгi талаптарға:

• керi байланысты ±йымдастыру;

• оқудың мотивацшсын қалыптастыру;

• компьютерлiк оқыту жуйесi негiзiнде жеке оқыту;

• сухбаттасуды жургiзу жатады.



Оқушының компьютермен сұхбаттасуын ұйымдастыруѓа қойылатын талаптарды қарастырайық.

Оқушы мен компьютер арасындағы оқыту сұхбаттасуын проектiлеуде оны симметрия параметрi бойынша бағалау маңызды. Компьютердiң функциясына оқу бағыты мен тақырыпты анықтау, с±хбаттасуды кұрастыруды жатқызсақ, сұхбаттасу ассиметриясы компьютердiң пайдасына шешiледi. Оќушыдан тек қана пассивтiк жауап қайтару талап етiледi. Мұны педагогикалық тұрғыдан дұрыс деп санауға болмайды. С±хбаттасу қадамдарын бастауда оќушы мен компьютерге тең мүмкiндiк берiлуi керек. Оқушының сұхбаттасуды кез-келген уақытта бастауға мүмкiндiгi бар, ал компьютердiң кез-келген уақытта сұхбаттасуды бастауға мүмкiндiгi жоқ. Бұл жерде оқушының сұхбаттасуға дайындығы, оның сұхбаттасуға мұқтаждығы, сонымен бiрге компьютердiң сол сәтте сұхбаттасуды жүргiзу мүмкiншiлiгi сияқты факторлар iске қосылады.

Сұхбаттасуды кұрастыруда оқушы өзiнiң iс-әрекеттерiнiң толық жарамдылығын түсiнiп, өз iс-әрекеттерiнiң субъектiсi ретiнде сезiнетiндей, орындайтын iс-әрекеттерiн кеңiнен жоспарлап, қажет болғанда оны логикалық соңына жеткiзе алатындай, немесе, ойын қандайда бiр критикалық нүктеге жеткiзiп, үйреншiктi деңгейде өзiн бағалай алатындай болуы керек.

Оқушыны сұхбаттасуға тарту мәселесiн шешуде мiндеттi түрде окушыда сол сәтте сұхбаттасу қажеттiлiгi бар ма екендiгiн анық-тап, сұхбаттасу оның ойын бұзбайтындығын ескеру қажет. Сұхбаттасудың бағытын анықтауда оқушының дайындық деңгейi ескерiлуi керек. Оқушының дайындық деңгейi тапсырманы орындаудың қандай кезеңiнде болғандығымен аныќталады. Оқушының сұхбаттасуы өзiндiк максат емес, оның шектен тыс жиiлiгi өзiн-өзi ақтамайтындығын ескеру керек.

Оқытушы жүйелерде сұхбаттасудағы өзара байланысты ұйымдастыруда келесi ескерiлмеген жағдайлар кездеседi:

компъютердiњ шектен тыс көмек беруi, яѓни оќушыѓа қате жiбергенде шешу жолын толық көрсету;

жеткiлiксiз көмек, яѓни тусiнiктеменiң және көмектiң оќушыѓа тусiнiксiз болуы.

Сондыќтан, с±хбаттасуды ұйымдастыруда төмендегi жағдайларды ескеру керек:

кездесетiн қиыншылықтың ерекшелiгiн анықтап, оќушыны ескерту;

оқытушы программаныњ көмек беру мумкiндiгiмен оқушыны таныстыруды iске асыру қажет.

Оқушы мен компьютер арасындағы с±хбаттасу байланысын бұзатын негiзгi себептердiн бiрi -бағалау пiкiрлерде адекваттықтың болмауы. Адекваттықтың жоқтығы окытушы программаларда оќушыны шектен тыс маќтау элементтерi. Егер оќушы еш ќиындықсыз тапсырманы орындағанда компьютер оны мақтаса, оқушының жұмысқа жауапкершiлiгi төмендейдi.

Оқушының Компьютерде беретiн жауабына ќойылатын негiзгi талаптардың лингвистикалыќ аспектiлерiн ќарастырайық.

1. Оқушының жауабы неѓурлым қысқа болып, оныњ клавиатурадаѓы ж±мысы азаюы керек, тышқан манипуляторыныњ көмегiмен жауапқа қажеттi объектiнi белгiлеу «drag and drop» арқылы iске асырылу қажет.

2. Оқытушы программаның барлыќ, фрагменттерiне бiрдей қысқартулар, синтаксистiк тањбаларды қолдану, хабарды берудi шектеудiң аспектiлерi (мысалы, зат есiмнiң аттары тек атау септiгiнде жiктеледi) анықталады. Б±л шектеулердi оқушылар жақсы меңгеруi керек. Қысқартулар оқушыѓа тусiнiксiз болѓанда, жылжыма көмек iске асырылуы орынды (компъютерде ескертуi механизмi — арқылы).

3. Жауаптарды кодтау р±қсат етiледi. Бiрақ, б±л кодтар табиѓи және т±рақты болулары керек. К,ысќарту мүмкiндiгiн ескере отырып, олардың қолданылу және ундестiрiлу мумкiндiктерiн нақты дәл айтып кету қажет.

4. Барлыќ форматтық ережелер алдын ала толыќ ескертiлiп, айтылуы керек.

Оқушы мен компьютердiң сұхбаттасуын проектiлеуде ди­зайн теориясы (көркемсурет теориясының негiзгi принциптерi: пропорция, рет, акцент, бiр-тұтастық және тепе-теңдiк) ескерiлуi керек.

Пропорция принципi объектiлердiң өлшемдерi мен олардың кеңiстiктегi орналасуының ара қатынасына байланысты болады. Мәлiметтердi дисп­лей экранында ұйымдастыра отырып, логикалык байланысқан мәлiметтер айқын топталып, басќа мәлiметтер категориясынан ерекшеленуiне ұмтылу қажет. Мәлiметтердi реттi көрсету үшiн топтау GroupBox, Panel панельдерiн (1-сурет) колдану, табуляция, бос позиция пернесiн қолдану мүмкiндiктерi бар.

Рет деп, көздiң қозғалысын ескеретiн дисплей экранындағы объектiлердiң ұйымдастырылуын айтамыз. Оқуға әдеттенген көз, әдетте, қозғалысты сол жақ жоғары бұрыштан, экран бойынша, оңға қарай оң жак төменгi бұрышқа дейiн жылжиды. Сондықтан, бастапқы қабылдау нүктесi экранный сол жақ жоғары бұрышында орналасуы керек. Ал, жылдам көретiн тiзiмдер сол жағына келтiрiлiп вертикаль бой­ынша тегiстелуi керек.

Акцент деп, бiрiншi қабылдану керек ең маңызды объектiнi ерек-шелеу принципi. Бұл принциптi сактағанда окушының көз қарасы акцент зонасына бағытталады. Мұндай акцент жасау үшiн әр түрлi құралдарды пайдалануға бо­лады: ең маңызды мәлiметтi центрге орналастыру, оларды бос кеңiстiкте баска ақпараттан бөлек орналастыру, ашық түстердi кол­дану. Артық әшекейлеуден, түстердi қажеттен тыс көп пайдаланудан, артык кодтаудан және енгiзiлетiн акпараттың көлемi өте үлкен болуынан аулақ болып, эк­ранныњ анықталған бiр бөлiгiнде түрлi-түстi бояудың көмегiмен көмектi арнайы ажыраткан дүрыс.

Критикалык ақпаратты, ерекше мәлiметтердi, өзгерiстi талап ететiн элементтердi, жоғары приоритеттi мәлiметтердi, енгiзу қателерiн, команданың салдары жайлы ескертулердi, есептi шешу-ге арналған нұскауларды, ережелердi белгiлеу керек.

Негiзгi объектiге оқушылардың назарын аудару үшiн түстi дакты қолдану орынды, яғни, ең ашық түспен негiзгi объект, ал ќосымша түспен оның калған бөлiктерi белгiленедi. Егер түстер гаммасы суреттi қабылдау психологиясын есепке алмай құрастырылса, бұл негiзгi бөлiктi белгiлеудi ќиындатады, көздi талдырады. Ашық түстер жабық фонда көрерменге жақындатылып, ал жабық түстер, ашық фонда алыстатылып көрiнедi. Эвристикалық ұсыныстар болған жағдайда түстi кәдiмгi бейнелеумен сәйкестендiру керек (яғни, қызыл— рұқсат жок, жасыл - рұқсат, сары – алдын - ала ескерту).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет