Компьютерлiк оқытушы жүйесiне қойылатын негiзгi педагогикалық-психологиялық талаптар


оқушылардың дайындығы өте жоғары болѓан сайын, олардың қабiлетi



бет7/7
Дата11.12.2021
өлшемі26,73 Kb.
#79117
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Компьютерлiк оқытушы жүйесiне қойылатын негiзгi педагогикалық

оқушылардың дайындығы өте жоғары болѓан сайын, олардың қабiлетi де күштi, оќу процесiн басқарудың көп функцияларын оларға жүктеуге болады және оданда күрделi оқу мақсаттарын қоюға бо­лады;

егер оқушылар оқытудың жеңiл жолын жүйелi таңдаса, б±л олардың күрделi оқу тапсыр­маларын орындай алмайды дегендi бiлдiрмейдi, б±л жағдайда аралас басқаруѓа өту тиiмдi, берiлетiн есептердi бiртiндеп қиындатып, көмек берудi азайту керек;

егер оқушылар күрделi жолды тандап берiлген оқу есептерiн шығара алмаса, аралас басқаруға көшулерi керек, оқытушы программаның қадам өлшемiн азайтып, көмектi молайту ке­рек.

Компьютерлiк оқытушы про­грамма әсерлi емес, тиiмдi болу керек. Ол үшiн программа:

1. Педагогикалық психология мен дидактиканың негiзгi прин-циптерiн ескере отырып оқытудың мазм±нын қ±руға мүмкiндiк бередi;

2. Бiр жағынан компьютерлiк оқытушы программаны жасау-шылардың теоретикалық танымымен, екiншi жағынан оќытудың мақсатымен қамтамасыз етiлген оқытуды баскару әдiсiн рүқсат ету керек;

3. Негiзгi алыс және жақын оқу мақсаттарына қажет оқушылардың продуктивтiк, танымдық белсендiлiгiн арттыру қажет;

4. Компьютерге деген қызығушылық есебiнен емес, оқушылардың оқу мотивациясын дамытуға жағдай жасау керек;

5. Оқу материалының мазмұнымен оқу мақсатында оқушылардың алған бiлiмдерiн, бiлiктерiн, икемдiлiктерiн ескеру ке­рек;

6. Сыртқы және iшкi с±хбаттасуды қамтамасыз ету керек, оның iшiнде сұхбаттасудың келесi функцияларын орындау керек: оқушыларды ойлауға кiрiстiре отырып, танымдық белсендiлiгiн арттыру керек; үйлесiмдi әрекеттердi моделдеу ; текстi түсiнуге жағдай жасау; оқу пәнiнiң мазмұнының адекваттылығын қамтамасыз ету және жеке оќу есептерiн оқушылардың жас ерекшелiктерiне және жеке басының бейiмдiлiгiне байланысты камтамасыз ету; педагогикалық дәлелденген керi байланыспен қамтамасыз ету жiберiлген ќателер жөнiнде мәлiмет беру, олардың қателерiн түзейтiн мәлiметтердi сақтау; жеке оқыту мақсатымен оќушыларѓа диагностика жасау, сонымен қатар, қажет көмектi көрсету; жауаптарды енгiзуде арнайы бiлiм мен арнайы күш салуды талап етпеу керек;

7. Оқу есептерiн шешуде педагогикалық негiзделген көмек берудi қамтамасыз ете отырып, есептi шешу үшiн жеткiлiктi көмек көрсету және оларды шешу жолдарын меңгеру;

8. Оқушыларды оқу мақсатымен, оған жетуде қаншалықты алға жылжыды, оның негiзгi кемшiлiктерiн қайталанатын қателердiң түрлерi жайлы хабардар ету;

9. Оқушыларға көмектесу кезiнде оларға достыќ ықылас таныту;

10. Жеке оқытуға рұқсат беру, оқу стратегиясы, көмектесу түрi және т.б. жөнiнде оќушыға шешiм қабылдауға мүмкiндiк беру;

11. Аќпаратты текст, график, бейне, соның iшiнде қозѓалыстағы бейне, дыбыс және түс түрiндегi берiлу тәсiлдерiн адекватты қол-дану;

12. Тек компьютерге ғана с±хбатты жүргiзуге мүмкiндiк бермей, оқушыѓа да сұрақ ќоюға рұқсат беру;

13. Оќушыларға программаның кез-келген нүктесiнде оған кiруге және шығуѓа мүмкiндiк туғызу, бұрынғы өткен материалдардан мағлұмат алуға жағдай жасау;



14. Оқытушы программада эргономикалық талаптардың орындалуына жағдай жасау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет