Оќу себептерi қалыптастыруѓа қойылатын талаптарды қарастырайық. Компьютерлiк оқытушы программаларға қойылатын негiзгi талаптардың бiрi — мақтау мен үялту ара ќатынастары психологиялыќ д±рыс болу керек. Оқушының iс-әрекетiн бағалаудың шешушi мәнi бар. Оқушының мотивациялық сферасына оќудағы жетiстiктер мен сәтсiздiктер үлкен єсер етедi.
Оку есептерiн дүрыс шешу оқушы үшiн үлкен бiр жетiстiк болып қабылдана бермейдi. Егер ол қиыншылықты жеңумен байланысты болса және ол сәтсiздiк жағдайды сезiнсе, окушылардың мотивациялық сферасының дамуына игiлiктi єсер етедi. Сондықтан, тапсырмаѓа берiлген дұрыс жауапқа мақтау киыншылықты туғызбайды дегенге негiз жок. Ол кейбiр кезде окуға керi єсер етуi мүмкiн. Әсiресе, оќушы жауапты бiрден бермей, тек бiрнеше қате жiберiп, оған сәйкес көмек көрсетiлгеннен кейiн ғана дүрыс жауапты бергенде мактаудан сак болу керек. Алайда, оќушыны қатесi үшiн шектен тыс кµп ±ялтуға да болмайды. Ол оқушылардың танымдылық белсендiлiгiн тежеуi мүмкiн. Әсiресе, бағалаудағы дәстүрлi — «бiр» немесе «екi» деген баға қоюдан аулақ болу керек. Оқушының беделiне нұқсан келтiрмей отырып, егер мүмкiншiлiктер көп болса жiберген қателердi көрсету керек және оларды жою үшiн көмектесу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |