«Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша



бет15/36
Дата17.11.2022
өлшемі7,88 Mb.
#158710
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
«Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша тәжірибелік жұмыстар жинағы

Плазмалық мониторлар(Plasma Display Panel, PDP) бұл монитор түрі тек бірнеше жыл бұрын ғана пайда болды.
Плазмалық мониторлардың жұмыс жасау қағидасы ультракүлгін сәулелердің арнайы люминофорға шағылуына негізделген. Плазмалық монитордың сұйық-кристалды монитордан айырмашылығы мен артықшылығы - ол экранның үлкен, кішілігіне мән бермейді. Қазіргі таңда олардың 64 дюймді, 72 дюймді және т.с.с кездеседі. Ол бәрінен артық болғанымен, оны дербес компьютерлерден кездестіру қиын, өйткені оның бағасы өте қымбат болып келеді.



2.3-сурет. Philips 220VW9FB - 22” мониторы


Техникалық ерекшеліктері: плазмалық монитордың ерекшелігі диагоналы бойынша көлемі мен жаймалау жиілігімен анықталады. Оның көлемді экраны көп мәлімет сақтауға көмектеседі. Жаймалау жиілігі күшті болған сайын көзге әсер ететін сәулелердің шағылысуын азайтады. Адам көзі мониторда шыққан суреттің шығу жылдамдығына, жарықтығына байланысты өзгеріп, бейімделіп отырады, ол арнайы көз бұлшық еттері арқылы жүзеге асады. Ал, егер монитордың жарықтылығы секундына 50 рет өзгеріп отырса, онда адам көзінің көру сапасы төмендейді.
Жақсы монитор жоғары дамыған бейне адаптерге қосылуы керек. Тек жоғары сапалы монитор секундына 85 рет экранды жаңартады. Сұйық кристалл мониторының жұмыс жиілігі 60-75Гц.
15 дюймді мониторлардың шешуі 1024x 768, 17 дюймді 1280-1024, ал 19 дюймді 1600x1200 және т.с.с.
Шешуі үлкен мониторлармен жұмыс жасау графикалық өңдеулер үшін ыңғайлы. Егер тек интернетте жұмыс жасап отырып, одан мәлімет алу керек болса, онда мониторлардың мөлшері 17 дюймді болғаны дұрыс, өйткені барлық бағдарламалар сондай мөлшерге арналған, егер шешуі одан аз болса, мәліметтерді алу өте ыңғайсыз болады.
Пернетақта — дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп кызмет аткаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына жатады.

2.4-сурет. Пернетақта
Бүгінгі күні пернетақталар көптеген дербес компьютерлерде бірегейлендірілген, 101/102 стандарттарында немесе 108-пернелік пернетақтада жасалған. Пернетақта бірнеше регистр-режимдердің бірінде жұмыс істейді. Режимдерді былайша бөліп көрсетуге болады:
· Бас әріптерді / жол әріптерін енгізу;
· Орыс / латын символдарын енгізу;
· Қою / ауыстыру;
· Цифрлық енгізілім / цифрлық пернетақтадан басқару.
Пернетақтаның барлық пернесін төрт топқа бөлуге болады: алфавитті-цифрлық, цифрлық, қызметтік және басқарушы.
Бос орынды бейнелеу пернесі ұзын перне түрінде берілген.
Цифрлық пернелер тақтаның оң жақ шетінде де қайталанады.
Курсор (сілтеме белгі)-жыпылықтап тұратын тіл сызықша немесе ұяшық тәрізді бір символдың орнын көрсететін таңба.
Қызметтік пернелер F1-F12 әр түрлі қызметтерді атқарады. Басқару командалары ретінде белгілі бір операцияны орындайды.
F1 пернесі көбінесе анықтамалық қызмет атқарады. Ал, F3 автомәтін құрау, файлды өңдеу үшін, F5 іздеу, алмастыру, көшіру, F7 тексеру, жаңа бума жасау үшін ,т.б. пайдаланылады.
Қызметші арнайы пернелер: ENTER, tab, ctrl, alt, esc, shift, num Lock, caps lock, scroll lock, pause(break), print screen, *,+,- ,т.б.
· Enter пернесінің көмегімен команда, мәтіннің азат жолы енгізіледі. Alt және Ctrl пернелері басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді.
· Tab пернесі мәтінді терген кезде кестелеу позициясын енгізу үшін қолданылады.
· Esc пернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін қолданылады.
· Print Screen-ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға арналған.
· Shift пернесі жоғарғы регистердегі символдар мен бас әріптерді енгізу үшін, сонымен қатар басқа пернелермен бірігіп кейбір командалардың орнына қолданады.
· Caps Lock пернесі бас әріптер режімін қосады немесе ағытады.
· Num Lock пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады.
Басқарушы пернелер: insert, delete, home, end, page up, page down, back space. Бағыттауыш пернелер курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжытады. back space пен delete қажет емес символды жою үшін пайдаланылады. page up, page down курсорды парақ басына немесе парақ соңына көшіруді білдіреді. home, end курсорды қатардың, терезенің, файлдың басына немесе соңына жылжыту үшін пайдаланылады.
Компьютерлік пернетақта – ештеңе қаламайтын және тозғанша соңына дейін жұмыс жасайтын құрылғы. Алайда, «өмірін» қиындататын әртүрлі күтпеген жағдайлар болып қалуы мүмкін. Мысалы, іске қосатын қосқыштың сынуы, жұмыстан шығып қалған перне, төгілген кофе және т.б. Бірақ, бұл ең қиын жағдайлар, ал ең қарапайымы – пернетақтаның ластануы.
Ластанудың белгісі – перненің дұрыс басылмауы немесе мүлдем басылмауы. Яғни, оны тазалау керек деген сөз. Ішкі құрылысын тазалаудың ең қарапайым тәсілі – пернетақтаны аударып, бір жақтан екінші жаққа сілкілеу. Қоқысты шығару үшін сілкілеген кезде пернелерді астынан аздап соғуға да болады.
Пернетақтаның пернелерін тазартудың ең тиімді тәсілі – пернені орналасқан ұяшығынан тартып, қоқысты шығару. Бұл жағдайда тек пернелерді тазартып қоймай, оның астындағы кеңістікті де тазартуға болады. Егер пернетақтаға сұйықтық (кофе, шәй және т.б.) төгілсе, дәл осы тәсілмен тазарту керек. Пернені тарту үшін жұқа бұрандамен немесе одан да жұқа құрал-сайман пайдалануға болады. Бұранданы перненің астына салып, жай итерумен ұяшықтан босатып, жоғары тарту керек. Тартылған пернелерді қателеспей орнату үшін оларды үстелдің үстіне немесе басқа жерде бірінен соң бірін пернетақтада орналасқандай қоюға болады.
Пернелер тартылғаннан кейін, оның орнын тазалау қажет. Ол үшін спиртті сүлгімен немесе сабынды ерітіндіге малынған сүлгімен сүртуге болады.
Пернелердің жан-жағы өте лас болатындықтан, оны тазалаудың қарапайым тәсілі – төсеулі жатқан сүлгіге үйкеп сүрту. Пернелердегі кір сүлгідегі спиртпен кетпесе де, тазарту кезіндегі үйкеліс күшімен кетеді. Пернелер тазартылғаннан соң, пернелелердің астындағы кеңістікті тазарту қажет. Пернелерді және пернелердің ұяшықтарын тазартқаннан кейін оны ұзақ уақыт қолдануға болады.
Тінтуір (тышқан, маус) - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тінтуірдің жазық беттегі қозғалысы экрандағы тінтуір нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тінтуірді жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.
Монитор мен тінтуір бірігіп колданушы интерфейсінің жаңа түрі — графиктік интерфейстіқұрайды. Тінтуірдің көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.

2.5-сурет. Тінтуір
«Тінтуір» тетігі – мәлімет енгізу үшін, компьютердің белсенді қолданылатын құрылғысы болып табылады. Тінтуір көмегімен мәліметтерді ашу, белгілеу, көшіру және тағы басқа да әрекеттер орындалады.
Тінтуір сияқты басқарушы аспап әртүрлі болып келеді, бірақ ішінде механикалық, мысалы қыстырылған ролик немесе доңғалақшалы бөліктері бар тінтуір ластануға бейім болып келеді. Механикалық бөліктері жоқ тінтуір тек үстіңгі жағынан ластануы мүмкін, ол оның жұмыс жасауына еш кедергі келтірмейді.
Механикалық тінтуірді екі түрлі жолмен тазартуға болады. Жылдам тазарту. Бұл әдіс дөңгелекше орналасатын бекітілген ұяшықты ашуды қарастырады және мүмкіндігінше жабысқан ластан тазартылғанша белдіктерді тазартуды қарастырады. Бұл әдістің жақсы жағы тінтуірді ашудың қажеті жоқ. Келеңсіз жағы - тінтуір механизмін толықтай тазарту мүмкін емес, яғни, тінтуірдің қозғалту қадағасын тазарту мүмкін емес.
Екінші әдіс толық тазарту деп аталады, мұнда тінтуірдің ішкі құрылғыларын тазарту үшін қорапты ағытуға тура келеді. Бекітіліп тұрған ұяшықты ашып, резеңке дөңгелекті шығарып алу үшін, дөңгелекшені ұстап тұрған сақинаны екі саусақпен қысып тұрып оны сол жаққа қарай бұру керек. Осыдан кейін дөңгелекшені жеңіл шығарып алуға және тазалаумен айналысуға болады. Белдіктерге дөңгелекше қаншалықты қатты жабысып тұрса шаң да оған соншалықты жабысып қалады. Осылайша, тазалау үшін кез келген қатты нәрсені пайдалануға болады, мысалға қарындаш тәрізді нәрселер. Металл заттармен, соның ішінде қаттыларды қолдануға болмайды, өйткені белдіктерде сызат түсу және экрандағы көрсеткіштің дұрыс жұмыс жасамауына қауіп болуымен қатар, ластың көп түсуіне өз әсерін тигізуі мүмкін. Ластың қалдықтарын алу үшін жіңішке қысқышты қолдануға болады. Барлық ласты мүмкіндігінше тазартып болған соң, дөңгелекшені қорғайтын сақинасына орналастырып, сосын тінтуірді компьютерге жалғауға болады. Бұл орайда кілемшеге түскен ласты тазартып, сүртіп алған дұрыс. Белдіктерді және қысып тұратын белдіктерді тазалау үшін міндетті түрде қысқышты пайдалану керек. Сонымен қатар, көрсеткіштер (датчик) мен белдік дискілерінің арасына артық ештеңе қалдырмаған жөн. Тінтуірдің механизмін тазартқаннан кейін, оны қайтадан құрып, жұмыс жасайтынын тексеру қажет.
Егер оптикалық тінтуірді қолдансақ, онда оның түбін ылғалды немесе спиртті салфеткамен сүрту керек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет