«Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша



бет5/36
Дата17.11.2022
өлшемі7,88 Mb.
#158710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
«Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша тәжірибелік жұмыстар жинағы

Операциялық жүйе – компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.
ОЖ – есептеу жүйелерінің ресурстарын дұрыс пайдалануға және онымен ыңғайлы түрде жұмыс істеуге арналған басқару және жүйелік программалардың комплексі. ОЖ қызметі есептеу жүйесінде есептеу процестерін ұйымдастыру, әр түрлі есептерге ресурстарды дұрыс тарату, қолданушыларға есептерді өңдеуді және программалау процессін жеңілдететін көптеген сервистік құралдарды ұсыну. Ресурстарға процессорлық уақыт, жад, құрылғылар және т.б. жатады.
ОЖ-дің негізгі функционалдық міндеттері
ОЖ екі негізгі қызметті орындайды:
1) барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;
2) әрбір адамға компьютерді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.
ОЖ негізгі мақсаты – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттестігін қамтамасыз ету, компьютердің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әр түрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру, т.б. ОЖ-нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап компьютердің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ-нің командалары пайдаланылады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерді орындайды.
Сонымен, ОЖ – адам мен компьютер аппараттық құралдарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе өзара байланысқан программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар және тағы басқалар кіреді.
ОЖ-ге қойылатын талаптар:
1) кеңейтілуі: Қажет болған жағдайда жүйенің бүтіндігін бұзбай өзгертулер мен қосымшалар (толықтырулар) енгізу мүмкіндігі;
2) ауысулығы: Коды бір процессор түрінен екінші процессор түріне және аппараттық платформаға жеңіл айналуы керек;
3) сенімділігі: жүйе ішкі және сыртқы қателерінен тұрып қалуларына сақталуы керек;
4) сәйкестілігі: «ескі операциялық» жүйе үшін жазылған программалар жаңа операциялық жүйеге қолданыла алатын мүмкінділігі;
5) қауіпсіздігі: операциялық жүйелер қолданулар арасында қорғалу ресурстары болуы керек;
6) өнімділігі: аппараттық платформаға байланысты уақыт реакциясына байланысты жұмыс істеу керек жүйеміз жұмыс істеуі керек;
7) жұмыс істеу ыңғайлығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет