ОЖ классификациясы.
ОЖ компонентінің негізі ресурстарын басқаратын ішкі алгоритмнің мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.
ОЖ классификациясының негізгі белгілері:
І. Ресурстары басқару алгоритмдерінің ерекшеліктері бойынша:
1) Көпқолданушылық режимін қолдау (бір мезгілде қатар жұмыс істей алатын қолданушылар саны бойынша):
· Бірқолданушылық. Мысалы, MS DOS;
· Көпқолданушылық. Мысалы, UNIX, Windows.
2) Көп есептілікті қолдау (бір уақыт мезгілінде орындалатын есептер саны бойынша):
· Біресепті. Мысалы, MS DOS;
· Көпесепті. Мысалы, UNIX, Windows.
3) Ығыстырылатын және ығыстырылмайтын көпесептік. Процессорлық уақытты бір мезгілде орындалатын бірнеше есептер арасында бөлу тәсілін анықтайды:
· ығыстырмайтын көпесептілік. Мысалы, Windows 3.x;
· ығыстыратын көпесептілік. Мысалы, Windows NT/ХР, OS/2, Unix.
Бірінші жағдайда процесстерді жоспарлау механизмі операциялық жүйеде жүзеге асады, екінші жағдайда операциялық жүйемен қолданбалы бағдарламалар арасында бөлінген.
4) Көпағындықты қолдау. Бір есепті параллель орындау мүмкін.
5) Көппроцессорлық өңдеуді қолдау. OS/2, Windows XP, NT, NеtWare 4.1:
· симметриялық ОЖ барлық процедуралары қолданылады;
· ассиметриялық ОЖ жүйе жүйенің тек бір процессорына қолданылады қалған процессорлар да қолданбалы программалар орындалады.
ІІ. Аппараттық (құрылғылық) платформалардың ерекшеліктері бойынша:
ОЖ қажетіне аппараттық құрылғы әсер етеді. Құрылғы түріне байланысты ДК, миникомпьютерлердің мейнфреймдердің, кластерлердің және ЭЕМ желілердің операциялық жүйелері болады. Бұлардың ішінде компьютердің бір процессорлық және көп процессорлық нұсқалары кездеседі.
Аппараттық платформасы бір түрдегі компьютерден екінші түрдегі компьютерге оңай ауысатын ОЖ мобильдік ОЖ деп аталады. Мысалы, Unix.
Мұндай жүйелерде аппараттық байланыстар локальданған. Сондықтан жаңа платформаға ауыстырғанда тек солар ғана қайта жазылады. Ауыстыруды жеңілдету үшін операциялық жүйе машиналық еркін түрде жазылады, мысалы, С тілінде.
Достарыңызбен бөлісу: |