«Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша


Іске қосу → Басқару панелі → Программаны өшіру



бет8/36
Дата17.11.2022
өлшемі7,88 Mb.
#158710
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
«Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша тәжірибелік жұмыстар жинағы

Іске қосу → Басқару панелі → Программаны өшіру әрекеттерін орындасақ, программа мен компоненттердің тізімі шығады. Осы тізімнен жойғалы отырған программамызды табамызда Жою/Өзгерту (Удалить/Изменить) батырмасын басып, одан әрі шебердің нұсқауымен әрекет етеміз.

Ескерту: программаны орнатсақта немесе жойсақта компьютерді қайта жүктеуіміз керек.
Операциялық жүйені (ОЖ) орнату
Біз кез келген мезгілде Windows операциялық жүйесімен жұмыс жасаймыз, ол бүкіл құрылғылар мен программалардың жұмысын басқарып отырады.
Егер компьютерде кездескен ақауды жою мүмкін болмаса, онда ОЖ-ні қайта орнатуға тура келеді немесе ОЖ-нің жаңа топтамасы шығып жатса оны қайта жаңартуға болады. Жаңартқан кезде алдыңғы ОЖ жаңа нұсқаға ауыстырылып, бұрынғы барлық мәліметтер мен баптаулар сақталады.
ОЖ-ні орнатар алдында дербес компьютердің талапқа сай болуын қадағалауымыз керек. Мысалы, Windows 7 операциялық жүйесін орнату үшін мынадай компоненттер сәйкес келуі керек.
ДК компоненті
Windows 7 операциялық жүйесінің талаптары
Процессор
32-дәрежелі (х86)
64-дәрежелі (х64)
Ырғақты жиілік
1 ГГц, одан да жоғары

Жедел жад


1 Гб
2 Гб
Қатқыл дискідегі орын
16 Гб
20 Гб
Графикалық қондырғы

Виртуалды жад жедел және үстемелеу файлынан тұрады. Үстемелеу файлына жедел жадқа сыймай қалған мәліметтердің бір бөлігі жазылады, соның ішінде ОЖ-ге қажетті мәліметтерді жедел жадқа көшіреді.


ОЖ-і жоқ компьютерге оны орнату үшін дискіжетекке орнату дискісін салып жұмысты жалғастырамыз. ОЖ-ні орнатқан кезде, ол жүрмесе онда BIOS баптауын өзгертуіміз керек. BIOS баптауына өту үшін Ғ11 пернесін немесе Delete пернесін басуымыз керек. BIOS-та бірінші қондырғы ретінде DVD-дискі жетегін таңдаймызда, компьютерді қайта жүктейміз.
Орнату аяқталған соң Windows-ті белсенді етеміз ол үшін компьютер интернетке қосулы болуы керек және кілті қажет болады. Сонымен қатар программалық жабдықтардың драйверлерін орнатамыз.
ОЖ-мен жұмыс кезінде ақаулар жұмыстың тоқтап қалуына себепші болады. Жиі кездесетін ақаулар:

  • жаңарудан кейін пайда болатын ақаулар;

  • ОЖ өте баяу жұмыс жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет