ІІІ. Қолдану аймақтарының ерекшіліктері бойынша:
ОЖ құрғанда қолданған критерийлерге байланысты көпесепті операциялық жүйе 3 топқа бөлінеді:
· пакеттік өңдеу жүйелері. Мысалы, ЕС;
· уақытты бөлу жүйесі. Мысалы, Unix;
· нақты уақыт жүйелері. Мысалы, QNX.
Пакеттік өңдеу жүйелері нәтижелері тез алынуды талап етпейтін есептеулері көп есептерді шығаруға арналған. Мақсатқа жету үшін пакеттік өңдеу жүйелерінде басында тапсырма пакеті құрылады. Әр бір тапсырма жүйелік ресурстарға талабын ескереді. Осы пакеттен мультипрограммалық қосынды құралады. Бұл жүйелер қолданушыға ыңғайсыз болады.
Уақытты бөлу жүйелері. Бұл жүйелер пакеттік өңдеу жүйелерінің кемшілігін түзеу үшін арналған әрбір қолданушыға терминал беріледі. Терминал арқылы қолданушы өз бағдарламасымен сұхбат жүргізеді. Бұл жүйеде әрбір есепке процессор уақытының кванты бөлінеді. Сондықтан қолданушыларда әр машинкада тек өзі жұмыс істеп отыр деген елес болады. Бұл жүйеде өткізу қабілеті төмен болады.
Нақты уақыт жүйелері: бұл әртүрлі техникалық объектілерді басқаруға арналады. Мысалы, станок, спутник, ғылыми экспериментальдық құрылғылар немесе техникалық процестер. Бұл жүйелерде объектіні басқаруға арналған бағдарламаны орнату үшін шектелген уақыт беріледі.
Тәжірибелік жұмыс№1
1-деңгей
1. Программаны орнату және оны жою. Операциялық жүйені баптау және қалпына келтіру.
Программаны орнату. Программаларды орнату есептік жазбадағы әкімшіліктің рұқсатымен, дискіден, интернет желісінен немесе жергілікті желі арқылы жасалады.
Егер дискіні дискіжетекке салсақ авто іске қосу жүреді, егер бұл орындалмаса, онда дискіжетектегі дискіні ашып, ондағы setup.exe немес install.exe файлдарын басу арқылы іске қосамыз. Программаны іске қосқаннан кейін Шебердің нұсқауымен жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар кез келген жағдайда орнатушы лицензиялық келісіммен келісуді талап етеді және программаға кілттің қажетілігі туындайды.
Программаны жою
Программаны жою жолдарының бірнеше түрін қарастырайық:
өзімізге қажетті программаны орнатқаннан кейін ол Іске қосу мәзірінде орналасады, онда программаны жою жарлығыда болады;
орнатылған программалардың көпшілігі Program Files бумасында орналасады. Бұл буманың ішінен жоятын программаны тауып оны іске қосуға болады.
Windows операциялық жүйесінде программаларды орнату, өзгерту, қалпына келтіру және жою әрекеттері Басқару панелі арқылы жүзеге асады. Ол үшін:
Достарыңызбен бөлісу: |