Windows 7-ні орнату үрдісін мынадай бөлімдерге бөлуге болады: Windows 7 дистрибутиві бар дискті дайындау;
Дисктен жүктелу;
Windows 7-ні орнату;
Дистрибутиві бар дискті дайындау.
1. Windows 7 дистрибутиві бар дискті дайындау Егер сізде Windows 7 дистрибутиві бар дискі болса, бұл қадамға көңіл бөлмеңіз. Егер дискі болмаса, оны жазып алуға тура келеді (немесе дүкеннен сатып ала аласыз). Егер операционды жүйені Интернеттен жазып алуға бел бусаңыз, Windows 7-нің таза MSDN нұсқаларын таңдаған жөн. Бұндай нұсқаларды қолдансаңыз, кейін сізде келеңсіз жайттар туындамайды. Сіз компьютерді немесе ноутбукті туындаған келеңсіз мәселелерді шешуге емес, шұғыл шаруаларыңызды реттеуге пайдаланасыз ғой. Компьютеріңізге ОЖ-нің таза MSDN нұсқаларын орнатсаңыз, біршама уақыт үнемдейтініңіз айдан анық.
Енді операционды жүйені дискіге көшіруді бастайық.