Комплекс облыстағы қатарлар Комплекс мүшелі сандар қатары және оның жинақтылығы



бет6/7
Дата07.12.2022
өлшемі69,71 Kb.
#161739
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Функцияның экстремумдары- үлгі

Қорытынды


Жоғары математика пәні бойынша, жоғары техникалық оқу орындарына арналған жаңа бағдарламаға сәйкестендіріліп жазылған. Дипломдық жұмыста келтірілген мағұлматтардың барлығы да, мүмкіндігінше, түсініктемелер арқылышығарылатын мысалдар мен оларға қажетті суреттермен жабдықталып, мысалдар мен жаттығулар келтірілген, екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде туындыларды анықтау қарастырылды. 1.1-1.2 параграфтарда туынды ұғымының шығуына себеп болған есептер және функцияның туындысы, оның қасиеттері тұжырымдар дәлелдемесімен келтірілген. 1.3-1.5 параграфта туындының физикалық және геометриялық мағынасы, туындысы болатын функцияның үзіліссіздігі, жазық қисыққа жүргізілген жанама мен нормальдың теңдеулері қарастырылды. 1.6 Дифференциалдар ержелері қарастырылып формулалары мен анықтамалар көрсетіліп, мысалдар қарастырылды.
Екінші бөлімде бір айнымалы және көп айнымалы функциялардың экстремумдарын табу қарастырылған. Бір айнымалы функциялардың экстремумын Ферма теоремасы, экстремумның бірінші, екінші, үшінші жеткілікті шарттары бойынша анықталады. Көп айнымалы функцияның шартты экстремумдарын және шартты экстремумды Лагранж анықталмаған көбейкіш әдісі арқылы анықтап, мысалдар келтірілген. Сонымен қатар экстремумды физикалық, геометриялық, биологиялық, экономикалық есептерді шығару барысында қолдану туралы мысалдар қарастырылды.
Бұл материалдарды қабілетті мен біліктілігі жоғары оқушылар сыныптан тыс уақыттарда өз беттерінше оқып үйренулеріне болады. Өйткені математикалық олимпиадаларға және түрлі конкурстарға қатысып, нәтижелі орындарды иемдену үшін бұлматериалдарды меңгеру аса қажет. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізгісі келетін оқушыларға екі тарау материалдарын толық әрі жете меңгеруі керек.
Орта мектеп курысында оқылатын математика мен жоғары мектепте жүретін математиканың айырмашылығы көп. Сондықтан да математикалық анализ, жоғары оқу орындарында өтетін басқа пәндерге қарағанда, оқушыларға қиын соғады.мұндаоқушылар бұрын естімеген түрлі ұғымдармен, теоремалармен тұңғыш рет кездеседі. Бұл ұғымдарды анықтау, теоремаларды дәлелдеу принциптері де оқушыларға бұрыннан азды-көпті таныс мәселеемес.
Математикалық анализ курысының осы ерекшеліктерін еске ала отырып, дипломдық жұмыс оқушыларға түсінікті болуы көзделген. Осы мақсатпен қарастырылған теориялық өиын мәселелерді геометриялық сызбамен, фигуралармен есептелетін және абстракт, ұғымдардың, теоремалардың іс-жүзінде қалай қолданылатынын көрсететін бңрталай есептермен мен мысалдардың шешулері келтірілген.
Есеп шығара білу – маңызды істердің бірі. Міне осы мәселеге үлкен мән беріп, ұсынылып отырған дипломдық жұмыста бірталай есептердің шығару
жолдары көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет