5.1-суретте потенциалдар айырымымен сипатталған екі параллель А және В металл астарлары келтірілген. Астарларды зарядтасақ олардың арасындағы кеңістікте электр өрісі пайда болады. Оны электрстатикалық өріс деп атайды. Осы тілімшелер арасына зарядтары электронды орналастырса, теріс В тілімшеден оң А тілімшеге қарай теріс зарядталған электронды қандайда бір күш итере бастайды, сонымен қатар, оң зарядқа сәйкес қарама-қарсы әрекет жасайтын күш оны керісінше теріс астар жағына қарай әсер етеді. Осындай күшті электрстатикалық өріс күші деп атайды. Осыған сәйкес электр өрісінің күш сызықтары оң зарядтан басталып теріс зарядпен анықталады. Өрістің бағыты өрісте орналасқан оң зарядтың қозғалыс бағытымен анықталады.