Мұндағы 1- керамикалық түтікше, 2, 3 - ток өткізе алатын астарлар,4, 5- астарлардан шығатын сымдар.
Мұндағы 1- ток өткізе алатын астарлар (мысалы күміс), 2- астарлардан шығатын сым, 3- керамикалық тостағанша
Ал шамалары өте кішкентай сыйымдылықтар үшін конденсатордың диск тәріздес конструкциясы 5.13-суретте келтірілген. Кейбір керамикалық материалдың диэлектрлік өтімділігі өте жоғары, сондықтан сыйымдылық көлемі өте жоғары конденсаторларды істеуге мүмкіншілік туады. Ондай конденсаторлардың мөлшері үлкен емес, сондықтан көп орын алмайды және жұмысшы кернеуі өте үлкен. Керамикалық конденсатор 1 пФ-дан 0.1 мкФ аралық диапазонында және кең температура диапазонында жоғары жиілікті электрондық тізбектерде қолданылады.