Осы конденсатордың ең ескі түрі 5.9-суретте келтірілген. Әдетте, конденсатор балауызбен сіңірілген және бакелиттен жасалған жәшікке қондырылады. Слюдадан оңай өте жұқа астарларды алуға болатындықтан, олар жақсы изолятор (оқшаулағыштар) бола алады. Алайда слюда қымбат материал. Сондықтан сиымдылықтары 0.2 мкФ-дан жоғары мәндер қажет болғанда ғана осындай конденсаторлар пайдаланылады. Слюда конденсаторлардың орнына слюда тәріздес күмістелген конденсаторлар алынады. Слюда тәріздес астар өзінің қос жағымен күмістің өте жұқа қабатымен қапталып, астар пішінін жасайды. Сыйымдылық тұрақты шама және ол уақытқа тәуелді өзгермейді. Температураның өзгеруіне қарамастан мұндай конденсаторлардың көлемі тұрақты, номиналды кернеу мәні өте жоғары, ұзақ мерзімде қызмет жасай алады, сыйымдылығы 1000 пФ дейін бекітілген мағыналарын жоғары жиілікті тізбектерде пайдаланылады.