Бірнеше астарларды кезектесе орналастыру арқылы 5.5, b-суретте конденсатордың сыйымдылығын ұлғайтудың басқа тәсілі келтірілген. Егер 10 астар 9 конденсаторды құрастырса, онда бір жұп астармен салыстырғанда олардың сыйымдылығы 10 есе ұлғая алады. Егер мұндай құрылғы n астардан тұрса, онда сиымдылық тең. Сонда сыйымдылық:
Конденсатордың түрлері
Конденсатордың түрлері
Конденсатордағы диэлектрліктің материалына байланысты олар әртүрлі сипатталады. Негізгі түрлеріне: ауа, слюда, қағаз, қыш табақтар, пластиктер, титанның тотығы мен электролиттер жатады. Айнымалы ауа конденсаторы. Әдетте, металл астарларының екі жиынтықтарынан тұрады, (мысалы алюминий), біреуі тұрақты, екіншісі айнымалы. 5.8-суреттің бүйір шетінде жылжымалы астарлар жиынтығы өс арқылы айналады. Қозғалатын астарды жартысына дейін айналдырса, сыйымдылық өзінің минимум шамасынан максимумге дейін өзгеріп, түрленеді.