мұндағы 1- слюда; 2- металл фольгасы (қорғасын немесе алюминий).
Қағаз конденсаторы. 5.10-суретте қағаз конденсаторы келтірілген.Мұндағы орамның ұзындығы талап етілетін сиымдылыққа сәйкес. Конденсатор маймен немесе балауызбен тұтас сіңірілген, дымқылдықты жолатпау үшін соңынан астар немесе алюминийден жасалған контейнерге оны сақтық үшін орнатады. Қағаз конденсаторы үшін қолданылатын жұмыс кернеулер 150 В дейін дайындалады және мұндай конденсаторлар шығынның маңызы жоқ жерлерде қолданылады. Конденсаторлардың сыйымдылықтарының ең максималды мәндері 500 пФ мен 10 мкФ аралығында жатады. Қағаз конденсаторларының кемшілігі: температураға байланысты оның көлемінің өзгеруі; басқа конденсаторлармен салыстырғанда қызмет ету мерзімінің өте қысқалығы.