қазақ тіліндегісімен салыстырылуы.
Көне т. тілі
|
үчун
|
тегі
|
сайу
|
өк/оқ
|
кісре
кідін
|
өтрі
|
Та/да
|
ба/му
|
Қазақ тілі
|
үшін
|
дейін
|
сайын
|
ақ
|
кейін
|
соң
|
Да/де
Та/те
|
ма/ме
па/пе
|
Көне т. тілі
|
ғу/гү
|
аша
|
че
|
тапа
|
түгүл
|
қына
|
Бірле
|
қоды
|
Қазақ тілі
|
ғой
қой
|
аса
|
шақты
|
таман
|
түгіл
|
ғана
қана
|
Бірге
|
бойы
|
20 ғасырдың 80- жылынан бастап шыға бастаған «Дала уалаяты» газеті беттерінде бірле, бірлән, білән және мынан формалары жарысып қолданылған.Сонымен қатар қазіргі қазақ тіліндегі мен/пен/бен қысқа формаларының негізі жасала басталған.Мысалы:Көптен бері мені қалап едім сеніңменен сөйлесуге, менің қымбатлы достум!(ДУГ). Мұнда көмектес септігі ілік жалғауынан соң тіркесіп жалғанған. Қазіргі қазақ тіліндегі ілік жалғауының соңғы – ң фонемасы элизияға ұшырап менімен, сенімен, онымен болып қолданылатыны белгілі.Тіл тарихында мұндай құбылысты сөз құрамындағы әр түрлі сырт жағдайларға байланысты пайда болған дыбыстар немесе сөз құрамында бұрыннан бар форманттар деп түсіндіріледі. Б.Әбілқасымов «Дала уалаяты» және «Түркістан уалаяты» газет тілдерінде менен және мен қысқа формалары сөзден бөлек қолданылғанын көрсетіп, бирлан, білән, илан формалары көбінесе ресми материалдар мен жеке авторлардың мақалаларында кездесетіндігін айтады[11,б.75]. Қазақ тлінде тілдік нормаларда көмектес септігінің жіңішке варианттарының көрсетілуі көне түркі тіліндегі бірле шылауының әсерінен болған емес. Оның жуан варианттары ауызекі тілде бар екендігі көпшілікке мәлім. Бұл жайлы деректер С.Омарбеков, Н.Жүнісов бірлесіп жазған ғылыми еңбекте беріледі[12,б.69]. С.Мырзабеков варианттықты ескерте отырып, жалғаудың тек бір вариантта ұшырауын сингармонизммен үйлеспейтіндгін тілге тиек етеді. Ғалым бұл форманың қазақ тілінде қалыптасуына байланысты өз ойын: «Көмектес септік- терінде жазу- сызу өріс ала бастаған кезде пайда болған жалғау. Көмектес септіктің жалғауы бірден жазуға килікті де, шылау кезіндегі жіңішке қалпынан ұзай алмай қалды» деп түйіндейді[13,б.78]. Осымен үндес пікірді А.Аманжолов та өз зерттеуінде айта кеткен[14,б.50].
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі көмектес септікті меңгеретін бірле сөзі қазіргі түркі тілдеріндегі бірге, бирга, берабер, биле сөздері сияқты шылау қызметінде болған.Қазіргі қазақ тілінде бірге сөзі көне түркі тілдіндегідей көмектес септікті меңгертеді. Сол себептен бірле тұлғасын бірге септеулік шылауы деп қараймыз. Орхон-Енисей жазба ескерткіштер тіліндегі шылаулар қатарына қосып жүрген кейбір шылау емес сөздер жайлы Ғ.Айдаров «Служебные части речи в языке надписей орхонских памятников»деген мақаласында олардың зерттелуі жайлы қысқаша тоқталып әлі де зерттеу қажеттігін айтқан.Осы мақаласында «Ара» сөзін септеулік шылау деп берген және йалуыңус, йана сөздерін демеуліктер қатарына жатқызған[15,б.148-153]. «Ара» сөзі көне мәтінде көбінесе ілік жалғаулы «екін» сан есімімен тіркесіп келеді.Сонымен ол аталмыш тұлға ескерткіштер тілінде оғуз ара- оғуз арасынан, шад ара – уәзір арасынан сияқты есім сөздермен тіркесіп келеді де мекен мағынасындағы зат есім болып, үстеу қызметінде қолданылған.
Көне түркі жазбаларындағы шылау сөздердің жасалуына көсемше формалары негіз болған.Сонымен қатар есім сөздерден шылау жасайтын басқа формалар да жоқ емес. Көсемше формаларына келетін болсақ, жалғанған сөздер бастапқыда қимыл атаулы етістікке тән іс-әрекетті білдіреді. Кейіннен өзінің алғашқы мағынасы мен функциясынан алшақтап, шылауларға тән мағынаның белгісін, сипатын білдре бастаған. Бұған себеп, аталмыш тұлғаның активті түрде екі жақты қызметке ие болып бейімделуінен. Көне жазба тілінде кейбір сөздер көсемше формаларында тұрып, бірде үстеуге тән, бірде шылауға тән функцияда жұмсалады. Кейіннен сол сөздер бір жақтылыққа ығысып, яғни басқа қызметінен алшақтап толығымен шылаулардың қатарына өткен. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, шылаулардың барлығы дерлік әуел баста басқа мағынадағы бүтін бөлшектер болып келеді. Оларға белгілі бір тілдің даму кезеңінде қосымшалар жалғану арқылы жаңа мағынадағы туынды тұлғалар жасалынған. Біздің зерттеп қарастыратынымыз осы туынды тұлғалардың ішіндегі шылау сөздер болмақ. Оның аса ежелгі дәуірде өмір сүрген фонетикалық семаларын мәні мен қызметі жуық, ұсақ семалармен салыстырып зерттеу мақсат етілмейді. Көне түбір мен көне қосымшаның аражігін ашып түсіндірудің өзі қиынға соғады. Сонымен қатар тіл білімінде олардың қандай түбір сөзден болғандығы жайлы көзқарас әр түрлі. Тіпті түбір түгіл қосымшалардың өзінажыратып алуда да әр түрлі болжамдар айтылып келеді. Қазақ тіліндегі сөздердің этимологиясын зерттеуші Б.Сағындықұлы: «Тіл тарихы зерттелмейінше оның даму, өзгеру, қалыптасузаңдылықтары ашылмайды, жүйе құрылымы да, бай мазмұны да сан- салалы әлеуметтік, қоғамдық қызметі де өз дәрежесінде танылмайды» дейді[15,б.3]. Ғалым тіл тарихын зерттеу арқылы бүгінгі тілдің күй – қалпынан мәлімет бере алатындығына мезгейді. Ж.Вандриес: «Ни одно слово не стоит одиноко в сознаний говоряшего.Наоборот, мы всегда стремимся группировать слова, открывать новые соединяющее их связи.Слово всегда ассоцируется с каким- либо жестом слов , через свою семантему или морфему или даже через своей фонемой» деп сөздердің қандай да болсын элементі арқылы этимологиясын анықтауға болатындығын айтуға болады[16,б.172].Жалпы көне түркі руникалық жазба ескерткіштері тіліндегі қолданылған шылау сөздердің морфологиялық құрылымын зерттеуші ғалымдар екі негізіне алып қарастарыды. Оның бірі – етістіктен жасалынған шылаулар, яғни етістік негізді шылау сөздері де, екіншісі есім сөздерден пайда болған шылаулар делінеді.(А.Кононов[17,б.200],А.М.Щербак[18,б.58], В.М.Насилов[19,б.41], А.Д.Шукюров[20,б.249]). Бұл шылаулардың шығу тегіне, тарихи морфологиялық құрамына қатысты пікірлеріндегі бір ерекшелік болып саналады. Тіл ғылымында екінші бір көзқарас шылаулардың пайда болуын анатомиялық атаулармен де байланыстырады. Мәселен, қазақ тіл білімінде шылаулардың этимологиясына байланысты пікір білдірген ғалымдарымыздың бірі М.Балақаев «Қазақ тілі грамматикасының мәселелері» деген зерттеу еңбегінде шылаулардың шығу тегін осы қырынан алып қарастырады. Ғалым: «тегінде шылау сөздер ерте кездегі толық мағыналы сөздердің олқы мағыналы не мағынасыз сөздерге айналуын екінші басқышы екендігін айқын көрсетеді» дейді[16,б.4]. Ары қарай Н.Маррдың осы күнгі шылау сөздердің көбі ерте кезде кісінің қолы, аузы, көзі, қасы, басы, арқасы, асқазаны сияқты адам мүшелерінің аттары болған деген пікірі барын айтып, «тарихи құрылысы жағынан ондай шылау сөздердің кейбір бастапқы сөзден онша өзгере қоймаса, кейбірі көптеген өзгеріске ұшырап, бұрынғы сөзінен мүлдм қашықтап кеткен» деген тұжырым жасайды.Жалпы түркі тілдеріне ортақ шылаулардың этимологиясын зерттеу 17 ғасырдан басталса да, ғалымдардың болжамдары бірізділік таныта алмай келеді.
2 КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ Шылау сӨз табының мағыналық
түрлері
Сөйлем ішінде шылау сөздер объектілік - бағыттықты, мезгіл – мекендік, тиянақтылықты, әсерлікті әр түрлі грамматикалық мағына үстемелеп, қосымша реңк беретін және байланыстырушылық қызмет атқаратын лексемалар тобына жатады. Олар мағыналық қызметіне қарай демеуліктер, септеуліктер, жалғаулықтар болып үшке жіктелетіндігі белгілі. Бұлардың өзара атқаратын қызметтері әр қилы. Мәселен, жалғаулықтар сөзбен - сөз, сөз тіркестері және сөйлем мен сөйлемді байланыстырса, септеуліктер өздеріне тиісті септік формаларындағы атауыш сөздермен тіркесіп, сөйлем мүшелерінің арасындағы бағыныңқылық, мекендік, мезгілдік, ортақтық қатынасты білдіреді де септік жалғаулы сөздердің мағынасын толықтырып нақтылай түседі. Ал демеуліктер болса, орын тәртібі арқылы атауыш сөздерге тіркесіп, сол сөздерге болжау, күшейту, қомсыну, салыстыру, нақтылау сияқты мағыналарды үстеп, әр түрлі грамматикалық қосымша реңк береді.Жалпы тілі білімінде шылаулардың бір қатары сөз бен сөздің арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындау үшін, толықтыру үшін қызмет етсе, біразы сөз тіркестері мен сөйлемдердің арасындағы байланысты айқындау үшін дәнекер болады.Ал кейбіреулері жеке сөздер мен сөз тіркестері немесе сөйлемдерді нақытылау үшін, толықтыру үшін, я қосымша реңк беру мақсаттарда қолданылады делінген[22,б.362]. Осы теориялық тұжырым негізінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің мағыналық түрлері қарастырылады.
2.1Септеулік шылаулар
Септеулік шылаулар шығу тарихы жағынан әуелгі лексикалық мағынасы бар атауыш сөздерден транспозициялық тәсілі арқылы пайда болған туынды тұлғалар болып саналады. Олар тілдің даму эволюциясында біртіндеп барып, бастапқы лексикалық мағынасынан айырылып, қосымшалар жалғану арқылы сіңісу процесі негізінде біріктіріліп, абстрактылы грамматикалық
мағынаны иеленген жаңа сөздер құрайды.Мәселен, В.Э.Шерер, М.И.Стеблин-Каменскийдің: «Мы же склонны придерживаться точки зрения тех лингвистов, которые пологают, что послелоги и грамматические значения » деген пікіріне қосылып, оны О.Суник және Дж.Мураталиева құптайтынын айтады[23,б.53-59].Қ.Ертаев кейбір түркі тілдерінде септеуліктер жеке сөз табы болатындығын және В.Радловтың еңбегінде қырықтан астам септеуліктер барын сөз етеді[24,б.30-34].Ал апача тобына жататын навахо тілінде: «послелоги это показатели ролей неядерных актантов и сирконстантов , так сказать косвенные падежи.Таким образом, это не самостоятельные слова, а префиксы глагола, грамматические единицы » делінген[25,б.246].Сонымен жоғары да берілген ғалымдарың тұжырымдары бойынша пікір білдіретін болсақ, онда жалпы тіл білімінде септеулік шылаулар жайлы аффикс және дербес сөз мағынасындағы екі негіздің барын байқаймыз.Бұған қоса категория дәрежесіндегі септеуліктер бойына лексикалық және грамматикалық мағыналарды сіңдіретіндігі және өз алдына жеке сөз табы ретінде қаралатындығы бар.Мәселен, демеуліктер мен жалғаулықтар өздері тіркесетін немесе байланыстыратын сөздердің грамматикалық тұлғасын талдамайды.Атауыш сөздер қай сөз табына жатса да, қай тұлғада тұрса да жалғаулық пен демеуліктер оны елемей тіркесе береді.Септеуліктер олай емес, атауыш сөздердің арнаулы грамматикалық формада тұруын қалап, меңгеріп барып тіркеседі. Десек те, көне түркі тіліндегі септік жалғаулары бірінің орнына бірі қолданылған.Оларды қазіргі қазақ немесе басқа түркі тілдеріндегідей нақты жүйелік байқалмайды. Сол себептен септеуліктердің грамматикалық көрсеткішпен тіркесуін сөйлемнің мазмұны мағынасы арқылы анықтаймыз.Мысалы: Йағру қоңдуқта кісре аңығ білік анта өйүр ерміс – Жақын қонғаннан кейін жаман ілімді сонда үйренген еді. Осы сөйлемдегі «қоңдуқта кісре» тіркесі жатыс септігінде тұр. А.Кононов септеулік шылаулар сөйлемде есім мен етістік арасындағы синтаксистік қатынасты білдіреді. Яғни септіктердің мағынасын толықтырады деген[26,б.296].
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі септеулік шылауларға үчун, тегі, кісре, че, аша, бірле тұлғалары жатады.Сонымен қатар бірде үстеу, бірде септеулік шылау қызметін атқаратын тұлғалар да бар. Олар: тапа, артуқ, өтрү, қоды, ұдұ, өңре. Бұлардың ішіндегі ру/рү және че формалары түріктанушы ғалымдардың зерттеу еңбектерінде шылау есебінде қаралмайды.
Көне түркі тіліндегі септеулік шылау сөздерге жеке – жеке тоқталмастан бұрын, жоғарыда айтылған (ру/рү, че) лексикалық единицалар жайында ойымызды ортға салалық.Ең бірінші мәселе құранды жұрнақ болып танылып келген қару/керу , ғару/геру формаларының құрамындағы ру/рү тұлғасы жөнінде болмақ. Көне түркі тілінен белгілі қару/керу формалары қазіргі түркі тілінің деректерінде үстеулік мән – мағына беретін сөздердің құрамында өлі форма немесе көнеленген құранды септік жалғау есебінде танылған.Ізін жоғалтқан бұл формаларды көне түркі руникалық жазба ескерткіштер мәтіндерінен ғана кездестіре аламыз.Түркітанушы ғалымдардың зерттеу еңбектерінен қару/керу тұлғалары көне жазбалар тілінде бағыттық мағынаны білдіретін барыс септігінің қосымшасы деген негізде орын алған.Г.Рамстедт бұл құранды форманы – ға барыс септігі және – ру бағыттық формасын директив деп көрсетеді де, - ғару тұлғасынан маған, саған, оған, бұған сөздері қалыптасқан дейді[27,б.44].Ғалымның пікірін кейінгі жылдары В.Котвич қолдап, өз болжамын монғол сөз жасаушы - ғаду формасымен сабақтастырады[28,б.324].Зерттеуші В.Банг пен А.Габэн бұл қосымшалардың құрамындағы ру/рү формаларының пайда болу жолын зерттей келіп, көсемшеден шыққан деп қорытындылап, төмендегідей мысалдармен дәлелдей түседі. Кең рү сөзінің құрамындағы – рү барыс септік формасы емес, керісінше кеңүр етістігіне – ү көсемше формасы қосылып, кейіннен үстеуге айналған деп айтады[29,б.264].
Руникалық жазбалардағы ру/рү формаларына қатысты негіздерді жинақтай келіп, аталмыш форманы ғылыми тұрғыдан септеулік шылаулар түріне жатқызамыз.Бұған дәлел ретінде мынандай тұжырым негіздер бар:
а)Септік категориясының формалары түбір сөзге бірден екі рет жалғанбайды.Және – те көне түркі тілінде барыс септігінің жалғауы басқа жалғауларға қарағанда тұрақты болып келеді.Мысалы:Түпітке кічіг тегмедім – Тибетке кішкене жетпедім.
ә)Көне ескерткіштер жазбаларында кейбір шылау сөздер аралығында тыныс белгі қойылмаған. Мысалы: Йерғару йер Байырқу йеріне тегі сүледім – Солға қарай йер Байырқу жеріне дейін соғыстым.
б)Аударған кезде бергеру – бері қарай , тарқанғару – тарқанға қарай, ілгеру – алға қарай болып өздігінен қарай шылауымен тіркесіп келеді.
в)Алтай тілдеріне жататын аталас монғол мен түркі тілдерін салыстырған кезде монғол тіліндегі ру/рү формалары қарай шылау мағынасындағы сөз ретінде дербес қолданылған. Мысалы: гэр руу – үйге қарай, уул уруу – тауға қарай болып келеді[30,б.807].Бағыттық мағынадағы таман сөзі де сөздікте руу/рүү деп берілген[31,б.295].Қарай шылауының құрамындағы қа-ра-й (-ру,-рү,-ры,-рі) бағыттық мағынадағы көне рудиментті байқау қиын емес.Жалпы қорыта көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі құранды жұрнақ немесе барыс септік жалғауы болып осы уақытқа дейін танылып келген ру/рү тұлғасы - лексикалық единица.Нақты айтқанда, барыс септік жалғаулы сөзден кейін келетін бағыт – бағдар мағынасындағы септеулік шылау. Ру/рү және че тұлғалары көне түркі тілдеріндегі атауыш сөздермен тіркесіп келіп, мезгілдік, мекендік, божаулық, бағыттық мәнді грамматикалық мағыналары білдіріп, байланыстырушылық қатарына жатады. Септеуліктерге тән қасиет тіркесетін сөздерінің белгілі бір грамматикалық тұлғада тұруын талап етеді. Мұндай белгілі бір грамматикалық тұлғада тұратын негізгі сөздер – зат есім, есімдік, етістіктің есімше түрі және қимыл атаулары. Аталмыш шылаулар тобы сөйлемде есім мен етістік арасындағы синтаксистік байланысты білдіреді.Яғни септеулік шылаулар септік жүйемен тікелей байланысты.Олар септіктердің мағынасын толықтырады, нақтылайды. Сонымен бірге септік жалғаулары бере алмайтын синтаксистік қатынастағы грамматикалық мағыналары мен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |