КӨне түркі тіліндегі шылаулардың Қалыптасуы және оны зерттеуші ғалымдар 5



бет5/5
Дата28.01.2018
өлшемі1,07 Mb.
#35567
1   2   3   4   5

ҚОРЫТЫНДЫ


Шылау сөз табының пайда болу тарихы мен қалыптасу жолдарын айқындауда, зерттеушілердің ғылыми тұжырымдарына сүйене отырып, көне түркі тіліндегі шылаулардың лексика – грамматикалық сипатын сараладым.Шылау сөздердің пайда болып қалыптасуы басқа сөз таптарындай емес. Олардың шылаулану процесіне түбір мен қосымшасы бірігіп, тұтас бір бөлінбейтін жаңа тұлға болып қалыптасты. Яғни толық лексикалық мағынасы бар сөздерге қосымшалар жалғанып, әуелгі мағыналарынан мүлде айырылып, жартыла лексикалық мағынасы бар лексемалар жасалынған. Жалпы айтқанда бұндай процесс негзінде пайда болатын туынды тұлға кездейсоқ құбылыс емес. Сөз жасауда болатын тарихи заңдылық. Шылаулану – басқа сөз таптарының шылауларға ауысатындығын білдіретін конверсиялық процесс. Түркі тілдеріндегі шылаулану үрдісі – тіл дамуында ежелден келе жатқан құбылыс. Көне тіліндегі шылау сөздер түгелдей өзге сөз таптарынан туындаған тұлғалар болып саналады. Бұл процесс олардың сөз табы ретінде қалыптасып толығуының негізгі көзі болып отыр. Шылау сөздердің мағыналық түрлерін қазіргі жекелеген тілдердегі түрлерімен салыстыру барысында ерекшеліктер мен ұқсастықтары айқындалды. Статистикалық мәлімет бойынша өзара қолданыс дәрежелері де көрсетілді. Соныме қатар бүгінгі күнге дейін шылау деп танылып келген кейбір тілдік единицалар жайлы толық мағлұмат берілді. Шылау сөздердің этимологиясының анықтау олардың қай сөз табы екендігін, оның құрамындағы қосымшалардың даму сатысы тілдің қандай кезеңіне дейін жеткенге дейін және қай дәуірде қолданыстан ығыстырылғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай талдаулар тек шылаулардың ғана емес, өзге сөз таптары мен оның грамматикалық көрсеткіштерінің пайда болу жолдарын айқындауға септігін тигізеді. Әрбір шылау сөзге жеке – жеке талдау жасап, олардың қандай жолмен және қандай формалардан жасалатындығы көрсетіліп отырды. Мағыналық, функциялық жақтан әбден сұрыпталып, ұзақ та күрделі қалыптасу жолынан өткен сөздер ғана шылаулар қатарынан көріне алады. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінде етістіктің көсемше формалары жекелеген шылау сөздерді жасауда өнімді болған. Мұндай сөз жасаушылық қасиетінің барын қзіргі тіл жүйесінен де байқауға болады. Негізінен көсемше формаларымен лексикаланған шылаулар сөйлем ішінде тіркескен сөзбен бірге амал, мезгіл, мөлшер пысықтауыш қызметінде кеңінен қолданылады. Бір ерекшелігі көсемше формаларын қабылдаған сөздердің барлығы шылаулар қатарына өте бермеген.Олардың көбі етістікке және үстеулерге тән қасиетін сақтап қалған. Түркологияда құрамды қосымша есебінде танылып келген қару/керу , ғару/геру формаларына өзіндік этимологиялық талдау жасалынды. Сонымен қатар ча/че және бірле тұлғаларына да қатысты жаңа негіздер ұсынылды.

Шылаулардың басты қасиеті синтаксистік қатынаста ғана анықталады деген тұжырым басшылыққа алынды. Жалпы олардың қалыптасуына синтаксистік қатынас ықпал еткен. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі кейбір сөздер бірде шылау, бірде үстеу қызметінде көрінеді. Мұны тек синтаксистік тұрғыдан ғана анықтай аламыз. Түркі тілдеріндегі шылаулар – сөз бен сөз, сөз тіркес және сөйлем аралықтарындағы байланыстырушы қасиеттерімен бірге, тіркес аралығын күрделі оймен ұштастырудағы грамматикалық құбылыс. Негізінен, пысықтауыш пен анықтауыштық қатынаста болуы шылауларды өзге сөз таптарынан даралайтын басты ерекшеліктерінің біріне жатады. Басқа сөз таптарынан ажыратып тұратын тағы бір белгісі – түрленбейтін, өзгеріске түспейтін сөз табы бола тұра, түрленуші сөздердің барлығымен грамматикалық қатынасқа түсуі.

Жалпы көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылаулардың табиғатына қатысты мәселелер бойынша тілдік талдаулар мен мәліметтер берілді. Сөйтіп көне түркі тіліндегі шылау сөздердің ешқайсысы қолданыстан шығып қалмағандығы анықталанып, олардың әрқайсысына жүйелі түрде тарихи – салыстырмалы тұрғыдан зерттеу жүргізіліп, қорытынды жасалынды.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

КТк. - Күлтегін кіші жазу ескерткіші

КТү. - Күлтегін үлкен жазу ескерткіші

Тон. - Тонйұқұқ ескерткіші

БҚ - Білге қаған ескерткіші

МЧ - Мойын Чор ескерткіші

КЧ - Күллі Чор ескерткіші

ЫБ - Ырық бітік ескерткіші

ТУГ - Түркістан уәлаяты газеті

ДУГ - Дала уәлаяты газеті


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Байтұрсынов А.Ақ жол/А.Байтұрсынов.–Алматы:Жалын,1991.-493б.

  2. Саади А.Тіл, әдебиет, язу әм олардың өсулері/А.Саади.-

Қазан:Татгосизд,1926.-127б.

  1. Жұбанов А.Қ., Куманша - қазақша жиілік сөздік / А.Қ.Жұбанов.,

А.Қ.,Құрышжанов. А.Қ., А.Б.Белботаев. – Алматы:Қаз.ССР ҒА – Тіл

білімі институты,1978. – 277б.



  1. Тронский И.М. Учение о частях речи у Аристотеля/ И.М.Тронский. –

Уч.зап.ЛГУ,1941. - 174c.

  1. Мұхтаров С.С. Қазақ тілі біліміндегі сөз таптастыру териясының

қалыптасуы/ С.С.Мұхтаров. – Алматы: 1999.- 30б.

  1. Базылхан Б.Алтай төркіндес тілдердің ортақтығы туралы

мәселе/Б.Базылхан //Алматы: ҚР ҒМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет

сериясы. - 1996.-№2. – 32-35б.



  1. Оразов М.Қазақ тіл тарихын дәуірлеу мәселесі/М.Оразов // Алматы: ҚР

ҒМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет сериясы. - 1996.-№4. – 23-22б.

  1. Нұрмаханова Ә.Н.Түркі тілдерінің салыстырмалы

грамматикасы/Ә.Н.Нұрмахнова. – Алматы:Мектеп,1971.-290б.

  1. Карымшакова А.Т.Семантико – грамматические функции частиц в

киргизском языке/А.Т. Карымшакова. – Бишкек:Дис.канд.фолол.н. –

1992.- 192с.



  1. Шақаман Ы.Б. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мағыналық

құрамы.Филол.ғ.канд.дис. авторефераты/Ы.Б.Шақаман.–Алматы:1997.-

26б.


  1. Әбілқасымов Б.Дала уәлаяты газет тіліндегі грамматикалық

ерекшеліктері/Б.Әбілқасымов. Алматы: ҚР ҒА хабарлары , қоғам

ғыл.сериясы.1964. - №4.



  1. Омарбеков.С.Ауызекі тілдердің дыбыс жүйесі/С.Омарбеков., Н.Жүнісов.-

Алматы:Мектеп,1985.-69б.

  1. Мырзабеков С.Қазақ тілінің фонетикасы/С.Мырзабеков. –

Алматы:КазГУ,1993. – 136б.

  1. Аманжолов А.Глагольное управление в языке древнетюрских

памятников/А.Аманжолов. – М:Наука,1969. – 104б.

  1. Айдаров Г.Служебные части речи в языке надписей Орхонских

памятников. Исследование по тюркологии/Г.Айдаров. – Алматы: Наука

Каз.ССР,1969. – 296б.



  1. Балақаев М.Б. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері/

М.Б.Балақаев. – Алматы:Қазақ мемлекеттік баспасы, 1941. –32б.

  1. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексика дамуының этимологиялық негіздері/

Б.Сағындықұлы. – Алматы:Санат,1994.- 172б.

  1. Орысша – қазақша сөздік:Алматы:Инст.языкознсния АН Каз.ССР, 1981.-

2том.585б.

  1. Щербак А.М.Очерки по сравнительной морфологии тюркских

языков/А.М.Щербак. – Л:Наука,1987. –104с.

  1. Насилов В. Язык Орхон – Енисейских памятников/В.Насилов. – М:Изд-во

вост.лит.,1960. – 87с.

  1. Шукюров А.Д. К этимологизации первообразных послелогов в тюркских

языках/А.Д.Шукюров. –Алматы:1990.- 249с.

  1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.Морфология/А.Ысқақов. – Алматы : Ана

тілі, 1991. – 382б.

  1. Шерер В.Э. Классификация кетскиз послелогов/В.Э.Шерер. –

Новосибирск:1986. –88с.

  1. Ертаев К.Е. Лингвистический статус послелогов в трудах

В.В.Радлова.Автореферат./К.Е.Ертаев.- Алматы: 1992.- 24с.

  1. Теория части речи.Теория и типология –М: Наука,1990. – 268с.

  2. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного

языка/А.Н. Кононов. – М-Л: Изд – во АН ССР, 1960. – 446с.

  1. Рамстедт Г.И.Введение в Алтайское языкознание/Г.И.Рамстедт. – М: Изд

– во иност.лит, 1957. – 254с.

  1. Котвич В. Исследование по алтайским языкам/ В.Котвич. - М: Изд – во

иност.лит, 1962. – 371с.

  1. Сравнительно – историческое грамматика тюрских языков. М.: Наука,

1988. – 264с.

  1. Базылхан Б. Қазақ және моңғол тілдерінің грамматикасынан

салыстырмалы қысқаша белгілер. Улан – Батыр: 1984.№ 1,807– 886с.

  1. Базылхан Б. Қазақша – моңғолша сөздік.Улан – Батыр:МХР ҒА – Тіл мен

әдебиет институты, 1977. – 392б.

  1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/Қ.Жұбанов. –

Алматы:Ғылым, 1966. – 362б.

  1. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты/

С.М.Исаев. – Алматы:Рауан, 1998. – 52б.

  1. Қалыбаева А.Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі/А.Қалыбаева,

Н.Оралбаева. – Алматы: Ғалым, 1986. – 190б.

  1. Шақаманова Ы.Б.Шылаулардың дамуы және зерттелу тарихы.Қазіргі

қазақ тілі теориясы мен оны оқыту әдістемесінің

мәселелері/Ы.Б.Шақаманова. – Алматы:АГУ, 1995. – 84б.



  1. Соболевский С.И.Древне – гречский язык/C.И.Соболевский. – М:Изд –во

лит. на иност.яз, 1948. – 614с.

  1. Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских

языков/А.М.Щербак. – Л:Наука, 1987. – 104с.

  1. Кондратьев В.Г. Грамматический строй языка памятников

древнетюркской письменности 8-11вв./В.Г.Кондратьев. – Л:Из – во ЛГУ,

1981. – 190с.



  1. Томанов М.Қазақ тілінің тарихи грамматикасы/М.Томанов. – Алматы:

Мектеп, 1988. – 264б.

  1. Әміров Р.Қазақ тіліндегі жалғаулықтар/Р.Әміров. – Алматы:Қаз.мет. оқу

пед.баспасы, 1959. – 70б.

  1. Иманалиева Г.Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың синтаксисі/

Г.Иманалиева. – Алматы:1994. – 151б.

  1. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі/Е.Ағманов. – Алматы:

Рауан, 1991. – 238б.

  1. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселесі/ Т.Қордабаев. – Алматы: Ғылым,

1964. – 244б.

  1. Кенжебаева Ф.Қазіргі қазақ тіліндегі септеуліктер мен демеуліктер/

Ф.Кенжебаева. – Алматы: 1964. – 200б.

  1. Аманжолов С.Қазақ әдебиеті тілі синтаксисінің қысқаша

курсы/С.Аманжолов. – Алматы:Санат, 1994. – 320б.

  1. Молгаждаров Қ.К.Шылау сөз табының қалыптасу

тарихы/ Қ.К.Молгаждаров. – Көкшетау:2002. – 135б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет