Конкурс: «Жас ғалымдар»



бет6/6
Дата06.02.2022
өлшемі350,93 Kb.
#54060
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6
Қорытынды бөлімі

Қорыта келгенде, Ақселеу Сейдімбектің азамат ретіндегі, болмысын айғақтайтын айқын қасиеттерінің ең бастысы — оның жалтақсыз ұлтжандығы тани біле отырып, Сондықтан бұл ұлтжандылық - әйтеуір бір ұлтқа тиесілі болғандықтан қиқуға ілесетін пендешіліктен ада, халқының қадыр-қасиетін терең танып-түсінуден туындаған құрбаншыл ұлтжандылық. Содан да болуы керек, ол өзінің ғылыми-шығармашылық ізденістерінде ұдайы ұлттың рухани дәулетін еселеп, бұрын із түспеген соныға құлаш ұрып, жаңалыққа жаршы болып, әсіресе, халық мұрасының еленбей жатқан қырларын түгендеп отыруға айырықша құштар болған. Оның ғылыми еңбегінің бедерлі тұстарын былайша саралауға болады: бұрын жиналмаған да зерттелмеген қара өлең мен күй аңыздарын алғаш рет рухани айналымға түсірді; алғаш рет қазақ эпостарының қара сөзбен насихатталуына мұрындық болды. Сондықтан осындай еліміз үшін қару мен ел қорғамаса да, қаламмен елінің ұлтының өсіп өркендеуіне ат салысқан ағамыздың еңбегіне кішкентай болсада өз үлесімді қосу үшін шығармаларындағы нақыл сөздерді халыққа жеткізу болды. сол себепті


Ақселеу Санұлы Сейдімбектің шығармаларындағы нақыл сөздерді жинақтау арқылы, жастарымызға тәлім-тәрбие бере отырып, қолданыстан шығып бара жатқан нақыл сөздерді қайта жаңғырту және мәдени мұраға бай екенімізді оқушыларға терең түсіндіру. Сонымен бірге ата -баларымыздың қалдырып кеткен мұрасымен таныстыру. Ақселеу Сейдімбектің шығармалварымен және өмірімен танысуға жол ашу. Оқушыларымызды көркем әдеби тілде сөйлеуге, шығармаларда, сондай-ақ мақала, эссе жазуда, көркем әдеби шығармаларды оқуға, ізденіспен талдауға, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға көмек көрсету. Жоғалып бара жатқан мұрамызды келешектегі ұрпақтар үшін сақтап қалу. Сол себепті оқушылармыздың рухани байлығын кеңейту мақсатында осы тақырыпты зерттедім. Мен ата-бабаларымыздың еңбектерін еш уақытта жоғалып кетпеуін және қолданыстан шет кетпеуін қаламаймын. Қалай болғанда да, үлкен үмітпен тапсырған асыл мұрамызды көзіміздің қарашығындай қорғап, кейінгі ұрпаққа пайданың көзі ретінде қолдануына жарауын қадағалаймын.Сондықтан қолымнан келгенінше еңбектенуге дайынмын.

Қолданылған әдебиет
1. Салғараұлы Қ. Ақселеу Сланұлы Сейімбек. Өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша очерк // Ақселеу Сейдімбек : библиографиялық көрсеткіш = Библиографический указатель / Құраст. М.Б.Шындалиева; бас ред. М.Ж. Жолдасбеков. - Астана : KUL TEGІN, 2002. – 5-16 б.
2. А. Сейдімбек. «Аққыз» «Атамұра» кітапханасы, 2002ж
3. (А.Сейдімбек. Мың бір маржан. Алматы. "Өнер" баспасы, 1989, 254 бет). Сонымен бірге, Ақселеу Сейдімбек жинаған қара өлең нұсқалары екі том көлемінде қазақтың фольклорлық мұрасын толықтырды (Қолжазба орталығы, № 898 папка



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет