Орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша
нысан
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама
Жосалы кенті 10:00, 17 сәуір 2017 жыл
№113 және №186 орта мектептеріндегі білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау конкурсы
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: Қыпшақбаев М., Жұбайдаев Ғ., Құндақбаев Ш., Мырзабаев С., Кенжеева А., Ерғалиева М., 17 сәуір 2017 жылы білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарады.
2. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің:
«Аширбекова Г.» ЖК, Жосалы кенті, Наурыз көшесі, №11 үй, 14 сәуір 2017 жылы сағат 16:10;
«Аширбекова Г.» ЖК мынадай лоттар бойынша:
№1 конкурсқа қатысуға өтінім – 1 - 295 парақта;
№2 конкурсқа қатысуға өтінім – 1 - 297 парақта;
Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған конкурсқа қатысуға өтінімдер;
Қабілеттілікті растайтын құжаттар жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі, жеке басты куәландыратын құжат көшірмелері;
Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтері;
Конкурсқа қатысуға кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқалары;
Перспективалы мәзір қоса беріле отырып, Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырмалар;
Нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдері конкурстық комиссия отырысының барлық қатысушыларына жарияланды.
3. Конкурсқа қатысуға жіберілмеген өтінімдер болмады;
4. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдері:
«Аширбекова Г.» ЖК – №1 және №2 лоттар бойынша;
5. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:
1) мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілсін:
«Аширбекова Г.» ЖК – №1 және №2 лоттар бойынша;
2) конкурсқа қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілер болмады.
3) Конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттамаларын қарау орны, күні, уақыты Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі №7, 18 сәуір 2017 жылы сағат 10:00-ге белгіленсін.
Осы шешімге дауыс бергендер:
Жақтаушы дауыс 6 (Қыпшақбаев М., Мырзабаев С., Кенжеева А., Құндақбаев Ш., Ерғалиева М., Жұбайдаев Ғ.)
Қарсы дауыс 0 (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Конкустық комиссия төрағасының, төраға орынбасарының, мүшелерімен
хатшысының қолдары.
Қыпшақбаев М. .........................
Мырзабаев С. .........................
Құндақбаев Ш. .........................
Ерғалиева М. .........................
Жұбайдаев Ғ. ..........................
Кенжеева А. ..........................
Қылышбекова Н. ...........................
Достарыңызбен бөлісу: |