Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет70/84
Дата14.04.2023
өлшемі330,86 Kb.
#174492
түріКонкурс
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   84
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Ауылшаруашылық өнімдерін өндірудегі бизнес-процестерді басқарудың экономикалық құралдарының тиімділігін дамыту және АӨК мемлекеттік реттеу шеңберінде нормативтік базаны жетілдіру» ғылыми-зерттеу жұмысына арналған № 2 Техникалық тапсырма



1. Жалпы ақпарат:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту.
2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Бағдарламаның мақсаты: 2025 жылға дейін ҚР АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде АӨК тұрақты дамуын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін әзірлеу.
2.1.1. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:
2.1.1.1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік қатынастарын мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру және оларды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

2.1.1.2. Дамыған елдердің тәжірибесін және оның Қазақстанның АӨК экономикалық жағдайларына бейімделуін ескере отырып, ауыл шаруашылығында салық салу, кредит беру және сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
2.1.1.3. Инновациялық технологияларды ескере отырып, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін нормативтер жүйесін әзірлеу.
2.1.1.4. Қосылған құнды ұлғайту мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру және қайта өңдеу үшін ірі экожүйелерді қалыптастыру моделін әзірлеу.
2.1.1.5. Нақты экономика жағдайында егіншіліктің қазіргі заманғы жүйелері тиімділігінің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдаланудың экономикалық негіздемесі.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер:
4.1.1.1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншік қатынастарын мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру және оларды пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
ҚР өңірлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік нысандарының мониторингін, жерге жеке меншікті қалыптастырудың перспективалары мен тәуекелдерін ұсыну керек.
Жер нарығын қалыптастыру және оның тиімді жұмыс істеуі жөнінде ұсыныстар әзірлеу керек.
Жер реформасын тереңдетудің әдіснамалық аспектілерін әзірлеу керек.
Жер пайдаланушылардың санаттары мен жер меншігінің нысандары бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың салыстырмалы тиімділігін ұсыну керек.
Бір ұсыным дайындау керек.
Зияткерлік меншік құқығын тіркеу туралы бір куәлік алу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 2 РhD докторант пен 3 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 1 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 2 мақала жариялау керек.
4.1.1.2. Дамыған елдердің тәжірибесін және оның Қазақстанның АӨК экономикалық жағдайларына бейімделуін ескере отырып, ауыл шаруашылығында салық салу, кредит беру және сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Ауыл шаруашылығында кредит беру, салық салу және сақтандыру жүйесін дамыту бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ұсыну және оң тәжірибені ҚР жағдайларына бейімдеу бойынша ұсыныстар әзірлеу керек.
Ауыл шаруашылығында және АӨК-де қолданыстағы Кредиттеу, салық салу және сақтандыру жүйесінің тиімділігіне экономикалық баға беру керек.
ҚР АӨК отандық кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы құрылымдары мен қайта өңдеу кәсіпорындарына салық салу жүйесін жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу керек.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы салаларында жеңілдікті кредит беру жөнінде шаралар әзірлеу, олардың өндірістің кірістілігіне әсерін айқындау керек.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын сақтандыру бойынша ғылыми негізделген тарифтерді әзірлеу керек.
2 ұсыным дайындау керек.
Зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу туралы 2 куәлік алу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 1 РhD докторант пен 3 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 1 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 2 мақала жариялау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет