4.1.1.3. Инновациялық технологияларды ескере отырып, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін нормативтер жүйесін әзірлеу. Қазақстан облыстары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің 1 гектарына арналған шығындар нормативтерін әзірлеу керек.
Ауыл шаруашылығы малдарының 1 басына және 1 центнер өнімге арналған шығындар нормативтерін әзірлеу керек.
Ауыл шаруашылығы малдарының 1 басына және 1 центнер өнімге арналған субсидиялар нормативтерін әзірлеу керек.
4.1.1.4. Қосылған құнды ұлғайту мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру және қайта өңдеу үшін ірі экожүйелерді қалыптастыру моделін әзірлеу. ҚР АӨК негізгі салаларының (ет, сүт, жеміс-көкөніс, май-тоң май, астық, қызылша-қант, балық және т. б.) қазіргі жай-күйіне экономикалық бағалау жүргізу керек.
Ауыл шаруашылығы өндірісін өңірлендіруді ескере отырып, өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің неғұрлым рентабельді және бәсекеге қабілетті түрлерінің тізбесін айқындау керек.
4 технологиялық жолға көшу кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің және оны өнеркәсіптік қайта өңдеудің неғұрлым экономикалық тиімді нысандары мен тәсілдерін айқындау керек.
АӨК қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын орналастыруды оңтайландыру және олардың шикізат ресурстарына сәйкестігі бойынша ұсыныстар әзірлеу керек.
Кластерлік негізде қосылған құнды қалыптастырудың өзегі болып табылатын АӨК өнімдерінің (ет, жемістер, көкөністер, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт, балық өнімдері) негізгі түрлерін өндіру және қайта өңдеу үшін ірі экожүйелерді қалыптастыру бойынша экономикалық негіздеме мен ұсыныстар дайындау керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 1 РhD докторант пен 2 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 1 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 3 мақала жариялау керек.
4.1.1.5. Нақты экономика жағдайында егіншіліктің қазіргі заманғы жүйелері тиімділігінің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдаланудың экономикалық негіздемесі. Ел аймақтары бойынша егіншілік жүйелерін игерудің қазіргі жай-күйін бағалау керек.
Қазіргі заманғы егіншілік жүйелерінің тиімділігін көп факторлы бағалау керек.
Елдің аймақтары бойынша климаттың өзгеруіне байланысты егіншіліктің жай-күйін талдау және дамуын болжау керек.
Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру кезінде жерді ұтымды пайдалануды бағалау керек.
Қазіргі заманғы егіншілік жүйелерінің тиімділігін теориялық негіздеу мен практикалық бағалауға кешенді тәсіл әзірлеу керек.
"Қазақстанда қолданылатын егіншіліктің қазіргі заманғы жүйелерінің тиімділігін бағалау кезінде көрсеткіштер жүйесі және олардың өзгеруінің ұтымды шектері"ұсынымын әзірлеу керек.
Жас мамандар тарту керек, оның ішінде кемінде 4 магистрант.
Рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 8 ғылыми мақалалар, оның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар 3 мақала, жариялау керек.
4.2. Соңғы нәтижелер.
Күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер. Әзірленген ұсынымдар мен ұсыныстар АӨК отандық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін, АӨК кәсіпорындарының еңбек өнімділігін арттыру, ресурстық әлеуетті (өндірістік, жер, еңбек және т.б.) ұтымды пайдалану, инфрақұрылымды қалыптастыру; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және т.б. қолдау бойынша мемлекеттің ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін күшейту міндеттерін кешенді шешуге мүмкіндік береді.
Әзірленген ұсынымдар ҚР АӨК экономикалық дамуына ғана емес, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына да ықпал етеді, бұл ауыл халқының жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, ауыл шаруашылығы емес салаларды дамытуға, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босайтын болады, жаңа индустрияларды құру мен дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты кірістерінің өсуінің қосымша көзі болуға тиіс.
Алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушылары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, атап айтқанда өңірлер мен салаларды мемлекеттік қолдаудың бағыттары мен көлемдерін түзету, Қазақстанның аграрлық өндірісінің көлемі мен бәсекеге қабілетті өнімін өсіру, заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында ҚР АШМ, департаменттер, облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары, сондай-ақ еліміздің бизнес, ғалымдар (ғылыми-зерттеу институттары, ЖОО, республикалық кәсіпкерлер палатасы) қоғамдастығының өкілдері бола алады.
Жергілікті атқарушы органдары ғылыми зерттеу талдамаларын ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын және оның инфрақұрылымдық элементтерін әзірлеу үшін пайдалана алады.
Алынған ғылыми-зерттеу жүйесінің нәтижелері ҚР АШМ және ҚР БҒМ ұсынатын практикалық ұсынымдар түрінде ұсынылады. Бұдан басқа, БАҚ-та жарияланып, халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға ұсынылады.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар халықаралық, республикалық журналдарда, халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың тезистерінде, БАҚ-та және т.б. жарияланатын болады.