Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет24/84
Дата14.04.2023
өлшемі330,86 Kb.
#174492
түріКонкурс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84
Байланысты:
кд каз сайт (1)

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс - энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде сүтті ірі қара мал шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған
10 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламның мақсаты: «Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін бейімделген ресурс - энергияны үнемдейтін және цифрлық технологияларды қолдану негізінде сүтті ірі қара мал шаруашылығында күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және көбейту технологияларын жасау»

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Республиканың әртүрлі аймақтарында орналасқан, сүт өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, нақты шаруашылықтардың (кемінде 10 шаруашылық) мысалы негізінде, сауын сиырларды күтіп-бағудың, азықтандырудың және ғылыми негізделген ұйымдастырушылық-технологиялық нормативтері әзірленуі тиіс.
2.1.1.2. Жасы 15 айдан кіші емес төлдерді ерте нәтижелі ұрықтандыру мақсатында қашарларды өсірудің технологиялық кестелері әзірленуі тиіс.
2.1.1.3. Бағдарламаланған қасиеттері бар, жоғары сіңімді жаңа буынды құрама жемдерді өндірудегі ресурс үнемдеуші технологиялар әзірленуі тиіс.
2.1.1.4. Сүтті мал шаруашылығында қоректік заттардың конверсиясын және азықтың өнімдік әсерін арттыру тиіс.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Республиканың әртүрлі аймақтарында орналасқан, сүт өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, нақты шаруашылықтардың (кемінде 10 шаруашылық) мысалы негізінде, сауын сиырларды күтіп-бағудың, азықтандырудың және ғылыми негізделген ұйымдастырушылық-технологиялық нормативтері әзірленуі тиіс.
4.1.1.2. Жасы 15 айдан кіші емес төлдерді ерте нәтижелі ұрықтандыру мақсатында қашарларды өсірудің технологиялық кестелері әзірленуі тиіс.
4.1.1.3. Бағдарламаланған қасиеттері бар, жоғары сіңімді жаңа буынды құрама жемдерді өндірудегі ресурс үнемдеуші технологиялар әзірленуі тиіс.
4.1.1.4. Сүтті мал шаруашылығында қоректік заттардың конверсиясын және азықтың өнімдік әсерін арттыру тиіс.
Әзірленуі және шығарылуы тиіс:
- бағдарламаланатын қасиеттері бар жоғары сіңімді жаңа буынды құрама жемдерді өндірудің ресурс үнемдеуші технологиялары бойынша әдістемелік ұсыным;
- сүтті мал шаруашылығындағы қоректік заттардың конверсиясын және азықтың өнімдік әсерін арттыру бойынша әдістемелік нұсқаулық.
Алынуы тиіс:
- премикстердің тиімді рецептері бойынша Қазақстан Республикасының 3 патенті және Еуразиялық патенттік мекемесінің 3 патенті;
- жоғары сіңімді құрама жем өндірудің ресурс үнемдеуші технологиялары бойынша 1 патент.
Жас мамандардың тартылуы тиіс, оның ішінде кем дегенде 3 PhD докторант және 5 магистрант. Нөлдік емес импакт-фактормен шетелдік ғылыми басылымдарда рецензияланатын және Q3 төмен емес кемінде 4 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 12 жарияланым жариялануы тиіс.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ұлттық нормаларға сәйкес негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге және сүтті фермада генетикалық әлеуетті арттыру арқылы маңызды экономикалық нәтиже беруге ықпал етеді.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері сиырлардан сүт өндіру көлемін өнімділігін арттыру арқылы көбейтеді, бұл тұтастай алғанда оң әлеуметтік әсер етеді.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Сүтті ірі қара мал шаруашылығында жаңа технологияларды қолдану экологиялық таза өнім өндірісін ұлғайтуға бағытталатын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет